1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа
кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған.
Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан
бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан
тұратын өте қарапайым ағзаларды біржасушалылар дейді.
Микроскоптың құрылысы Микроскоп (грекше: «микро»– ұсақ, «скопэ»– қараймын) – өте ұсақ заттарды 100-ден 2
000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал.
Микроскоптың негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру
түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: «окулус»– көз)
кигізілген. Төменгі жағына бірнеше линзасы бар объектив (латынша: «объектум» – зат)
орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі
жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл
астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық
қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру
үшін табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады.
Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды
бір-біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15х, ал объективте 40х болса, 15х40 = 600 есе
үлкейтеді.
8
1.
2.
1-сурет. Ұлғайтқыш құралдар: 1) ұлғайтқыш қол әйнегі; 2)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек;