5
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер
мен жануарлардың табиғаттағы,
адам өміріндегі қадір-
қасиетін, маңызын жақсы білген.
Жас ұрпақтың көкейіне құйып,
оларды сақтап,
қорғауға
баулып, тәрбиелеген.
«Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір
тал кессең, он тал ек», «Дәрі – шөптен
шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшеңде талың болсын», «Тау
бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал
өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы
мен қанаттанған
пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен
жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар
өсімдіктер мен жануарлар
түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978
жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді.
Екінші
басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16,
қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі
енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді.
Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.
Шренк тобылғысы Кәстек жуасы Дала тегеурін гүлі Грейг қызғалдағы
Ерекше қорғауға алынған өсімдікер
Достарыңызбен бөлісу: