Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі



Pdf көрінісі
бет9/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі: 
1. Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см 
қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан 
қозғамайды. 2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі 
ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады. 
3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс 
(жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды). 4. Бұрандамен зат анық 



 
көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін 
заттың ара қашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды. 
5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет. 6. Микроскопты түрлі 
химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады. 
Микроскоптан басқа майда затты (3-5 есе) сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым 
құрал – ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа). Оның негізгі бөлімі – екі жағы бірдей дөңес шыны 
(линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен 
ұстайтын сабы бар. Ұлғайтқыш әйнектің сабынан ұстап, заттың бейнесі анық көрінгенше 
затқа біресе жақындатып, біресе алыстатып қарайды. 
Ұлғайтқыш қол әйнегінен күрделірек тұтқалы ұлғайтқыш әйнек болады. Ол затты 10-25 
есе үлкейтеді. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің де табаны (микроскоптікіндей), зат қоятын 
үстелшесі (тұтас тұнық әйнектен жасалған), қозғалмалы айнасы бар. Көру түтігін 
қозғайтын бұрандасы болады. Қарапайым көру түтігінің бір жағы – окуляр, екінші жағы – 
объективі. Затты көру тәртібі микроскоптағыдай. 
 
 
СҰРАҚТАР 
1.  Қараймын сөзі грекше: 
2.  Затты тек жарықтың көмегімен көретін микроскоп: 
3.  Жоғары жағында 2 линзасы (әйнек) бар окуляр латынша: 
4.  Заттық үстелшенің астында: 
5.  Микроскоптың негізгі бөлігі: 
6.  Денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайым ағзалар: 
7.  Өте ұсақ заттарды үлкейтіп көрсететін күрделі құрал: 
8.  Көру түтігінің екі жағында: 
9.  Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін алғаш микроскоппен қараған: 
10. 1590-1610 жылдардың аралығында микроскопты ойлап тапқан: 
11. Микроскоптың барлық бөлшектері: 
12. Жасуша: 
13. Көру түтігі: 
14. Төменгі жағына бірнеше линзасы бар объектив латынша: 
15. Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: 
16. Көру түтігінің дәл астында: 
17. Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін: 
18. Микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы: 
19. Микроскоптан басқа майда затты көрсететін, құрылысы қарапайым құрал: 
20. Латынша «объектум» сөзі: 
 
 
 
I ТАРАУ. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Денесі бір ғана жасушадан тұратын (мейлі өсімдік я жануар болсын) ағзаларда әр жасуша 
өз алдына жеке ағза болып есептеледі. Көп жасушалы ағзадағы бір жасуша ағзаның 
кішкене бір бөлшегі ғана. Жеке бір жасушаның құрылысы – жасуша қабықшасы, 
цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль (1-сурет). 


10 
 
 
1.Ядро; 2. Вакуоль; 3. Қабықша; 4. Цитоплазма; 5. Қабықша саңылауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет