Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Жануар жасушасының негізгі түрлері және олардың қызметі



Pdf көрінісі
бет87/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128
Жануар жасушасының негізгі түрлері және олардың қызметі. Біржасушалы 
ағзалардың құрылысымен, тіршілігімен танысу арқылы біз біржасушалылар туралы өте 
маңызды мағлұмат алдық. Себебі көпжасушалы жануарлардың әр жасушасы жеке-дара 
ағза болмағанымен, құрылысы және қызметі жағынан қарапайым жәндіктер жасушасымен 
ұқсас. Оның құрылысы мен көптеген тіршілік процестері дәл қайталанады. Дегенмен 
көпжасушалы ағзада жасушалар топтасып, әр топ белгілі бір қызмет атқарады және 
олардың сапасы, қасиеті сол қызметке сәйкес болады. Мысалы, сүйек жасушаларында 
минералды тұздар көп болады да, олар сүйектің қаттылығын қамтамасыз етеді. Қандай 
қызмет атқарса да жасушалар құрылысындағы, қызметіндегі ортақ қасиеттерді, белгілерді 
еске түсіріп, тереңірек танысалық (1-сурет). 
Цитоплазмада пішіні жіп, дән немесе таяқша сияқты әр түрлі болатын митохондриялар 
болады. Цитоплазмаға сырттан келген күрделі органикалық заттарды жай заттарға 
ыдыратып, ағзаның тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты «өндіретін» жасушаның 
«энергия станциясы» – осы митохондриялар болып саналады. 
Пластидтер – өсімдік жасушаларында ғана болатын әр түсті бояуы бар және 
бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін органоидтар. Мысалы, 
хлоропластар өсімдік мүшелеріне жасыл түс береді. Фотосинтез процесін жүргізеді. Ал 
жеміске, жапырақ түсінің өзгеруіне (қызыл, сары, т. б.) хромопластар әсер етеді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет