82
Эпителий ұлпалары дененің сыртқы жамылғысын түзіп,
оны тұтас жауып тұрады және
ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Сөйтіп өзінен төмен жатқан жасушаларды тікелей
зақымданудан, химиялық зиянды заттардың әсерінен,
бактериялардың енуінен, кебуден
қорғайды. Асқорыту мүшелерін астарлайтын эпителий қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп,
өткізеді. Қалдық заттарды шығарып, әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Кейбір
эпителий жасушаларында цитоплазмалық кірпікшелер болады. Мысалы, тынысалу
мүшелері бар ағзалардың тыныс жолдарындағы кірпікшелер шаң-тозаңды тұтып қалып,
өкпеге жібермейді (2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: