Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі». Мақсаты



бет1/4
Дата11.02.2023
өлшемі25,47 Kb.
#67137
  1   2   3   4
Байланысты:
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөліә ата-аналарға арналған дөңгелек үстел


Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі
Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі ».
Мақсаты: Бала тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту,отбасында және бала тәрбиесінде әкелер мен ер-азаматтардың мәртебесін көтеру, қоғамда әкенің рөлін биіктету. Әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу.Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру.
Өткізу формасы: дөңгелек үстел
Әдісі: ой қозғау, пікірталас
Барысы:

  • Кіріспе бөлім
    «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі»
    (Әке туралы сөз, әкенің ролі қандай?)

  • Видео көрсету

  • Ашық пікір тыңдау.

  • Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

  • Ойын «Киіндірші мені әке!»

  • Қорытынды.
    Кіріспе бөлім
    Психолог:
    «Ана – сая болар бағың болса,
    Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
    Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
    Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
    Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
    «Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей отырып,
    сіздерге арналған: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.



Танысу: «Мен .....»
Әңгімемізді бастамас бұрын алдымен бір-бірімізбен танысып алсақ. Оны іске асыру үшін әркім өзінің аты-жөнін айтып, атын қандай да бір жеміспен немесе өсімдіктің атымен байланыстырып айту қажет. Одан кейін келесі адам алдындағы адамның есімін айтып барып өз атын айтады. Ойын солай жалғаса береді. Мысалы: Алмас – Ананас немесе Аққайың.


Психолог: «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі - өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет