Балабақшадағы логопед маманның кешенді логопедиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыруы



бет4/4
Дата01.10.2023
өлшемі32,97 Kb.
#112288
1   2   3   4
Байланысты:
папка

Сөздік қорын тексеру

-Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтау;
-Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді атау, түбірлес сөздерді іріктеу, сөйлемдегі сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолдану.
Сөз қорын тексеруге қажет лексикалық және көрнекілік материалдар мына қағидаларға сәйкес іріктеледі:
— семантикалық (тексеруге заттың атын, оның бөлшегін, іс-әрекетін, сапа, сипатын, уақытты, кеңістікті білдіретін сөздер іріктеледі);
— лексикалық — грамматикалық (тексеруге қажет зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б. әр түрлі сөз таптарын кіргізу қажет және ол сөздер баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек);
— тематикалық немесе тақырыптық-лексикалық материал тақырып бойынша топталады: киім, жеміс, т.б.
14.Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру
—суреттегі көріністерді окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп беруін тексеру;
-бейнеленген заттардың қимыл-әрекетін сипаттай алуы;
-іс-әрекет, құбылыс сапасын түстеп-түгелдеп баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай алуын тексеру;
-сөйлемнің қандай түрлерін (қысқа, ұзақ, күрделі, жәй сөйлем) пайдаланып айтуын анықтау;
-сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданғанын, оның грамматикалық құрылысын, жалғаулықтарды (жұрнақты, қосымшаны) дұрыс пайдалануын анықтау.

  1. Байланыстырып сөйлеуін тексеру

— сурет бойынша әңгіме құрастыруын қарау;
— сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыруын тексеру;

  1. Сөйлеу тілін түсінуін тексеру

— тексеру барысында сөйлеу тілін түсінуін анықтау;
— баланың ауызекі бұйрықты орындай алуын анықтау. Мысалы: «Кітапты ал. Есікті жап. Қағаз, қаламыңды ал».
-Зат есімнің, етістіктің және сын есімнің жекеше және көпше түріндегі тұлғаларын түсінуін тексеру.

  1. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру

— тұтықпаға байланысты ерекшелігін байқау;
— тұтықпаның сөздің бірінші дыбысын немесе буынын бірнеше рет қайталайтын серіппелі дірілдеу /клоникалық/ дейтін немесе сөйлеп тұрып сөздің ортасында, көбінесе сөйлемдердің алдында кібіртіктеп кенет тоқтап қалатын құрысу /тоникалық/ дейтін түрлерін анықтап, ерекшеліктеріне назар аудару;
-сөйлеу тілінің кібіртектенуінің жиілігін және шапшандығын, бірқалыптылығын, жылдамдығын, баяулығын анықтау;
Бұл кешенді логопедиялық тексеру жұмысының нәтижелері әр баланың жеке сөйлеу картасына толтырылып, жеке түзету бағдарламасы құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет