хабарламалық эссе, дискуссивті эссе, анықтамалық эссе, аргументті эссе, салыстырмалы эссе, сипаттамалық эссенің түрлеріне шолу жасай отырып, жазуға оқушыларды машықтанады.
мәтінмен таныса отырып, тың тақырыптарда зерттеу және өзіндік ой қалыптасады.
-Қазақ тілінің салаларын терең игерте отыры, сауатты жазу мен сөйлеуге үйренеді.
Жазылым дағдыларын жазу барысында жоспарын ойша және жазбаша құра отырып, құрылымы туралы таңыстыру және үздік жұмыстарға сараптама жасайды.
-Әр оқушының жеке жазу стилін қалыптастыру және жеке қызығушылықтарына сай бағыт беру және тақырыпты тыңғылықты зерттеуге бағытталады.
-Зерттеу барысында жеке көзқарастың көрініс табуы және оның көрсетілу жолдарын үйрету (әртүрлі көзқарастарды мысалға алу), қатемен жұмыс жасай отырып, мәтін талдауға машықтанады.
-Оқушыны шығармашылық тұрғыдан шыңдай отырып, функционалды сауаттылық қалыптастыру, қабілетін айқындап, кәсіби бағыт –бағдар алады.
Ойды еркін жеткізумен қатар, нақты мысалдар келтіру, деректер мен дәйектермен жұмыс жасауды үйренеді.
Өмірден алынған жағдайлар, өмірлік шынайы тәжірибелерге сүйене отырып, ғылыми зерттеулерге назар салып, ғалымдардың пікірлеріне сілтеме жасауды үйренеді.
Пәнаралық байланыс
Мұғалімдер оқу барысын ұйымдастыруда төмендегі пәнаралық байланыс міндеттеріне арнайы көңіл бөлулері тиіс.
«Математика» Жазба жұмыстарын жазу барысында арнайы берілген уақыт пен нақты статистикалық шыңай ақпараттармен жұмыс жасайды.Ақпарттарды өздіктерінен сұрыптай отырып, рас өтіріктігіне көз жеткізеді.Осы ретте оқушыға математика пәнінен алған білімі көмекке келері сөзсіз.
«География» Жазба жұмыстарын жазу барысында оқушыларға әлемдік тұрғыдан Қазақстанды түрлі жақтан салыстыру және өз ойларын дәлелдеу тапсырмаларын орындайды.Осы ретте география пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып, Қазақстанды өзге мемлекеттермен білім жүйесін, экономикасын, өсу дамуын салыстыру барысында география пәнінен алған білімі көмекке келеді.
«Тарих» Өз ата бабасы тарихымен мақтанатын, әр жазбасы арқылы Қазақстан азаматы екендігі сезілетін патриот тұлға қалыптастыра отырып, тарихпен сабақтастыра оқушылардың жазылым дағдысын дамыту.
«Информатика» Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын дамыта отырып, сонымен қатар жазылым дағдысын инновациялық технологиялар арқылы шыңдай отырып, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеп шығу.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.М.Мұқанов «Қазақ тілін оқыту методикасы»-Алматы «Ана тілі»1991.
2.Ә.Бақыт «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы» Монография.- Алматы 2007
3.Ф.Оразбаева «Тіл әлемі»-Алматы:Ан-Арыс,2011.
4.Құрман Н., Есенова Г. Қазақ тілінен коммуникативтік жаттығуларды қолдану əдістемесінің ғылыми-əдістемелік негіздері. — Ақтөбе, 2010.
5.Құрман Н. Қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері. — Астана: Таным, 2008.
6. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-9, 10-11 сыныптар. Астана Рауан, 2013
7. Әрінова Б.А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Монография. Алматы. Жазушы, 2004
8. РахметоваС. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Өлке, 2003.
9.Нұрахметов Н.Н. Құзыреттілікті қалыптастырудағы жаңа оқулықтардың рөлі 12 жылдық орта білім берудің жүзеге асуын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету.– Алматы, 2007.
10. Р.К. Қарсыбаева, А.Б. Қарсыбаева «Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы».,- «Қыздар университеті» баспасы Алматы, 2013.
11. М. Мырзахметов «Әдеби сын мақаларлар хрестоматиясы»-1972 ж
12. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1987