Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Полиомиелит анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру



бет71/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Балалар аурулары Балаларды физикалы дамуы. Денсаулы топтары

Полиомиелит анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласулардың мақсаты – вирусты гепатиттердің таралуына жол бермеу.



Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған полиомиелит ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау

  • анықталған полиомиелит ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Міндетті түрде науқасты ауруханаға жатқызады.

  • Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін ошақта қорытынды дезинфекция жасалады.

  • Науқасты сарғайғаннан бастап 21 күнге оқшаулайды.

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады).

  • Карантин 20 күнге жарияланады. Карантин 21 - күні ошақта тағы полиомиелит анықталмаса ғана алынады.

  • Қатынаста болғандар арасында жұқпаны анықтау үшін карантин кезінде күнде термометрия, улану белгілерінің пайда болуын, ішек дисфункциясын, катар белгілерін, баланың қозғалыс белсенділігін, ауырсыну синдромының пайда болуын қадағалайды.

4.Жұқпаның нәжіс – ауыз жолы арқылы таралуына жол бермеу:


  • Науқастың нәжісін заласыздандыру.

  • Қоршаған ортаның тазалығын сақтау

  • Тарақан, шыбындармен күрес.

  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде хлорлы режим ұйымдастыру.

  • Күнделікті дезинфекция жүргізу.

  • Жеке бас гигиенасын сақтауды қадағалау.

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.

  • Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.

  • Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин енгізу.

  • Дәрігердің нұсқауымен полиомиелитке қарсы иммунизация жүргізу.


Негізгі күтімі.

Полиомиелит ауруы кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:



  • жұқпаның таралуына жол бермеу;

  • ауру балаға жағдай жасау;

  • аурудан жазылып кетуіне жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет