Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Параличтік түріне тән клиникалық белгілер



бет70/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Параличтік түріне тән клиникалық белгілер:

  • Паралич алды кезеңінде улану белгілері күшеюі, катаральдық белгілер әлсіздеу білініп, ішек бұзылыстарымен жүруі.

  • Аурудың 2 – 3 күндері менингеальдық синдромның байқалуы (басының ауыруы, құсу, гиперестезия, желке бұлшық еттерінің тартылуы, мойын, арқа, аяқ бұлшық еттерінің ауыруы, кейбір бұлшық ет топтарының еріксіз жиырылуы).

  • Парез, параличтердің дамуы. Бұл кезде:

  • дене температурасы қалыпқа келіп, улану белгілері азаяды;

  • жедел түрде бірнеше сағаттан 2 - 3 күн ішінде парез және параличтер дамиды;

  • бұлшық еттер біркелкі зақымданбайды (мозайка тәрізді);

  • ауыру синдромы болады, бірақ сезімталдығын жоғалтпайды;

  • бұлшық ет гипотониясы байқалады;

  • сіңір рефлексі болмайды немесе әлсіз білінеді;

  • бұлшық ет атрофиясы ерте басталады.

Паралич формаларының клиникалық ағымындағы ерекшеліктер

Спинальдық

Понтиндік

Бульбарлық

Аралас

Зақымданатын бұлшық еттер:

  • қол – аяқ;

  • мойын, арқа;

  • қабырға аралық,

  • көкет.

қабырға аралық бұлшық ет,

көкет зақымданғанда тыныс алу бұзылып, ауру ауыр ағымда жүреді



бет жүйкесінің ядросы зақымданып пайда болады:

  • беттің зақымдан – ған жарты бөлігінде амимия байқалады;

  • көзі жұмылмайды;

  • көзжасы жоқ.

Беттің сезімталдығы, дәм сезу сақталады

өмірлік маңызды қызметтер бұзылады: тыныс алу, қан – тамырлар орталығы зақымданады. Жиі өліммен аяқталады

Параличтің бірнеше түрі қосылады

Полиомиелиттің параличтік түрінде белсенді қозғалыстың қалпына келуі алдымен аз зақымданған бұлшық еттерде басталады, сосын қалған бұлшық еттерге таралады. Терең зақымданған бұлшық еттердің қимылы толығымен қалпына келмейді. Қалпына келу процесі алғашқы 6 айдың ішінде белсенді жүреді, сосын қарқыны баяулайды, бірақ тоқтамайды (жедел кезеңнен кейін 1 жылға дейін созылады).

Аурудың қалдық белгілері:



  • бұлшық ет атрофиялары;

  • буын контрактураларының дамуы;

  • сүйек деформациялары (табан т.б);

  • жас балалардың зақымданған қол – аяқтарының өсуі тежелуіі;

  • омыртқа жотасының деформациясы;

  • остеопороз.

Жедел полиомиелитте арнайы диагностикалық әдіс - вирусологиялық және серологиялық зерттеу болып табылады. Зерттеуге материалды (нәжіс, мұрын – жұтқыншақтан, ликвор аурудың алғашқы күндері алу керек.

Полиомиелиттің арнайы емі жоқ. Науқасқа физикалық, психикалық тыныштық күй қажет. Детоксикалық, дегидратациялық ем, прозерин, галантамин, В тобының дәрумендері, ауырғанын басатын дәрілер, жылыту процедуралары беріледі.

Массаж, емдік дене шынықтырудың контрактуралардың алдын алуда орны ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет