Мейірбикелік араласулардың мақсаты – вирусты гепатиттердің таралуына жол бермеу.
Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Мейірбикелік араласудың орындалуы
|
1.Анықталған полиомиелит ауруын керекті инстанцияларға хабарлау
|
СЭС – қа хабарлау
анықталған полиомиелит ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау
|
2.Науқасты оқшаулау
|
Міндетті түрде науқасты ауруханаға жатқызады.
Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін ошақта қорытынды дезинфекция жасалады.
Науқасты сарғайғаннан бастап 21 күнге оқшаулайды.
|
3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру
|
Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады).
Карантин 20 күнге жарияланады. Карантин 21 - күні ошақта тағы полиомиелит анықталмаса ғана алынады.
|
4.Жұқпаның нәжіс – ауыз жолы арқылы таралуына жол бермеу:
|
Науқастың нәжісін заласыздандыру.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау
Тарақан, шыбындармен күрес.
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде хлорлы режим ұйымдастыру.
Күнделікті дезинфекция жүргізу.
Жеке бас гигиенасын сақтауды қадағалау.
|
5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру
|
Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.
Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.
Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин енгізу.
Дәрігердің нұсқауымен полиомиелитке қарсы иммунизация жүргізу.
|