Дәріс мәтіні: Белгілі балалар жазушысы С.Сарғасқаевтың есімі жас өспірімдерге жақсы таныс. Ол 1925 жылы Жамбыл обылысы, Қордай ауданы, Шарбақты колхозында туған. 1943-48 жылдарында армия қатарында болған. Армиядан қайтқан соң, «Қазақстан пионері», «Жұлдыз» журналында қызметте болды. Ол жастық шағын бірде былай деп жазған еді. «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фирмаларды аралайтынбыз. Газеттен мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листок тар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа күреске қарсы күректік. Аул шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз. Жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашанда ұмыта алмайсың!». Мойнына алқызыл галстук тағып,пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына, жасынан белсене араласқан С.Сарғасқаев 1949 жылы республикалық «Пионер» журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әңгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді адал болуды жазды. Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық газеттері мен журналының беттерінен жиі – жиі көріне бастады. 1953 жылы Сарғасқаев «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.
Сансызбай 1953 жылы «Біз отрядта» повесін ұсынды. Бұл піонер ұйымы өміріне арналған қазақ балалар әдебиетіндегі алғашқы шығарма еді. Повесть пионер отрядындағы өмірді жан – жақты көрсетеді. Оқиға тартыс төңірегінде құрылған. Мұндағы кейіпкерлер ұдайы өздеріне лайық іс - әрекеттерімен көрінеді. Повестің құндылығын пионерлердің басты еңбегі – оқу процесінің, романтикаға толы пионерлік істердің суреттелуінен көреміз. Отряд пионерлері мейлі футбол мен баскетбол ойнасын, болмаса фермаға саяхат жасасын, белгілі адамдармен кездессін, отряд кітапханасын ұйымдастырып, саун кештерде өнерлерімен танылсын бәрі – бәрінде автор өз кейіпкелерін мектеб – піонер өмірінің қайнаған ортасында жүргізіп, әрқайсысын жеке – дара мінезімен, балаларға тән психологиясын тереңдеп ашумен көрсетуге тырысқан. Мұндағы басты кейіпкер – ІҮ сынып оқушысы Қайрат. Оның мінезінен тентектік, өнімсіз өктемдік, бос даурықпа, құр мақтан аңғарылады. Ол талай – талай колектив талқысына түседі де, алдында әлі де көрері көп екенін сезінеді. Повесте Саяттың бейнесі де оқушы назарын аударарлық. Ол оқуда үздік. Отрядта бетке істер – үлгілі пионер. Бірақ, оның осы үлгілі ісі тек мектепте, пионер отрядында ғана. Ол өзімшіл, менмен бала. Автор Саяттың бойындағы мінезді шебер аша білген. Ал Кәрім болса, бір беткей, тік мінез. Осы мінезімен ол кейде достарын үркітеді, аңқылдақ адал жанын бір беткейлігі бүркемелеп кетеді. Жазушы бала психологиясының қилы астарын ұтымды суреттеген. Повесте Сахи деген қыз бар. Автор он жеңілтек, қисықтығы мен қыңырлығы әлі де қалмаған етіп суреттемек болван, слайда оның бейнесінде күңгірттік бар. Повесте Жамалдың образы бірсыдырғы шыққанымен, отряд вожатыйы Сәуле, Саяттың әкесі Мұрат, мұғалима Ғайша жайында он айта алмаймыз. Бұл адамдар автордың жетелеуімен ғана санатқа қосылған жандарм боп шыққан. Повесть автордың әп - әдемі пейзаждық көріністер жасап, он шығарма идеясын, кейіпкерлердің күй – жағдайын беруче орынды пайдалана білетіндігін танытты.
«Шындық» жинағын алатын болсақ «Сұлутөрде достар көп» (бұрын «Сәуленің жаңа достары» аталған) повесін автор бірнеше тақырыпшаларға бөлген. Әр тақырыпша сол тарауда болван оқиғаны қамтитындай атаулармен аталған. Мұндағы оқиға Сұлутөрде өтеді. Шығарманың бас кейіпкерлері де сондағы мектеб балалары.Повесте олардың істері жайлы, колектив жайында сөз болады. Оқиға сыныпқа жаңа вожатыйдың келетінін хабарлаудан басталады. Қайсар мен Керденнің өзен басында кездесуі, олардың бір – бір імен бір інші рет танысулары сөз болады. Қаладан жаңа келген Керден – Қайсарға қарағанда, ашық жарқын, жайдары бала. Ұсақ – түйек істермен жұмысы жоқ. Аздап мақтануды жек көрмейді, онысы – балаға тән табиғи мінез. Керден барлық балаларға, мұғалімдерге сүйкімді. Егер автор «Бүршік жапырақ жарды» повесінде оқиғаның қоюлығымен, табиғат көріністерімен үйірсе, мунда онан да тереңдеп, психологиялық драмматизмге барады. Автор әр баланың қат – қабат мінезін, әдет, қылығын, характер, ой – сезімін бір ден жайып тастамайды, оқиғаны өрбіте отара шум – шымдап, орайымен ашады.
Сансызбай Сарғасқаевтың «Көңілді балалар» жинағындағы үшінші повесі «Жаңа оренда ( «Бір көшенің бойында») деп. Аталған. Бұл « Сұлутөрде достар көп» повесінің жалғасы іспетті, мунда да автор балдырғандар, жетекшілер образын жасауға талаптанған. Бұл балалар әдебиетінде енді ғана қолға алынған игі іс, қызықты проблема. Балаларға өз өлкесін жақсы таныту үшін жазушылар қолданатын бір шеберлік- пейзажды, жаратылыс сұлулығын әдемі суреттеп, өмірді, қозғалысты толық елестетіп, балалардың уылжыған жас жанына эстетикалық әсер, бойына жігер, қайрат беретіндей етіп көрсету. Сансызбай адам партреттері мен психологиясын пейзаж арқылы толықтыра суреттеуге шебер. Жалаң пейзажды ғана емес, оны өмірмен, адам тіршілігімен еңбек процестермен байланыстыра суреттейді. Адам- табиғат презенті. Табиғаттың даму,өзгеру заңдылығы сияқты адамның да сыры, мінезі, іс-әрекеті әр алуан. Жазушы бас кейіпкерлерін табиған көріністерін суреттеуге байланыстара гуманізм рухымен тоғыстырған. Қорыта айтқанда С.Сарғасқаевтың алған тақырыбы, көтерген мәселесі мектеб оқушылары, пионерлер тұрмысына арналған. Ондағы басты кейіпкерлер тартысы жеңімпазда жаңашыл адамдар өміріне байланысты суреттеледі. Әсіресе Әмір образы- қоғамдық тәртіпті орнатуға, қоғамдық мүлікті көзінің қарашығындай қорғай да сақтай білуге күш жұмсаған милиция өмірімен алынған қазақ балалар әдебиетіндегі жаңалықты, тың образ.
«Арғы ауыл мен бергі аулыдың балалары» повесінің ерекшелігі мынада болса керек: қазақ ауылындағы балалар өмірінің қарапайым көріністері, бірақ сол көріністердің өзінде адамзат өміріндегі игі жетістіктер мен ізгі сезімдер бал дәурен балалық шақтан басталатындығын айқын сезінуге болатындығында. Повесть кейіпкерлері Қожан, Шәкет, Бөлеген, Нұрғали сияқты балалар бойынан әрқилы мінез-құлық, іс-әрекеттер көрініс бергенімен де, оларды түйістіретін бір ортақ тұсы бар: ол бала шақта кездесіп жүрген кішкене қиындықтарды бірге бөлісіп, қызығы мен қуанышын бірге көтеріп, шер мұңына ортақтасып, бір ауылда өмір кешіп жатқандары деп айтуға болады. Шығармадағы оқиғаларды повесть кейіпкері Қожаберген атынан баяндайды. Ол барлық оқиғаларға жіті назар аударып, өзінше талдау жасайды. Ол өзін суреттеген кезде арықтығын, оның пайдасы мен зияндығын айтып өтеді. Төменгі ауылдың қолына түссе тыраң етіп жығылып қалатынын, қолына түспесе, арғы ауылда да, бергі ауылда да ешкім жете алмайтынын, жүйріктігін де хабарлап шығады. Өзімен бірге қатарласып, өсіп келе жатқан балаларға сын көзбен қарап, талдау жасауы назар аударуға тұрарлық әрекет. Оның айтынша, Шәкет – жоғарғы ауыл балаларының қалқаны, тірегі. Ол орынсыз жерде дау бастап, татулыққа ши жүгірткенді ұнатпайды, қағып жібереді. Балалар оны «қысқаш» деп мазақтайды. Себебі ол балалардың құлағын не мұрнын ұстап алып, шыңғыртып қатты қысады. Шәкет ешкімді ұрмайды, жұдырық жұмсап көрген емес. Ұстаған адамға тастай қатып, жабысады да қалады. Қожаберген жолдастарының жақсы жақтарымен қоса кемшілік, міндерін де бүгіп қалмай сол қалпында көрсетеді. Өздері тұратын жоғарғы ауылда Тымақбай жалқаудың барлығын, оның осы ауылда үнемі ұятқа қалдырып жүретіндігін қынжылы айтады. Отырған жерінде қор етіп ұйықтай қалатын Тымақбайдың қолының сұғанақтығы да бар екен. Повестің бір кейіпкері Бөлеген – төменгі ауыл баласы. Оның қолынан келмейтіні жоқ. Он саусағынан өнер тамған. Бөленді сипаттағанынан, Қожабергеннің әділдігін көреміз. Бөлеген қайыққа мініп, қашық жерге құсқа кетіп, бір мезгілдік жерге барып, ау да салып келетін – Бөлен. Нұрғалидің иті Алыпсоқты арбаға жегіп алып, ауылдың балаларына қыр көрсететін де осы – Бөлеген. Ол итке шақтап, екі аяқты кішкентай арба жасаған: қамыты, тертесі, делбесі – бәрі түгел. Бөленнің достасуға бейімі бар. Ауырп жатқан Нұрғалиға келіп, жағдайын сұрап, иті Алыпсоқты қайтарған. Қожаберген Бөлегеннің итті қайтаруының себебін түсінбейді. Қожаберген Шәкеттің де кейбір мінез-қылықтарын түсінбестік сыңай танытады. Көлде шомылып жүрген кезде кәупек Әзеннің көйлегін тығып қойып, оны әуреге салып, күлкі етпекші болғанда, Шәкет араласып, жоспарын бұзады. Бқтаның арасына тығып қойған көйлекті иесіне бергізеді. Осы повесте тағы бір ерекше көзге түсетін кейіпкер – Нұрғали. Ол қиялшыл бала ретінде көрінеді. Оның қиялына Қожаның өзі де қызыға қарайды. «Біз ешкі-лақ жайып қайтатын қыраттан төмен қарай көлге дейін аспа жасауға болады екен. Жылтыратып жасаған биік сырғанақты трамплин деп атайтын көрінеді. «Мінекей мынадай» - деп суретін де көрсетті. Сып-сидам шалғалы адам басын төмен салып жіберіп, құлдилап жатыр. Аяғында шаңғысы. Кәдімгі құс тәрізді қалықтап келеді. Аузым аңқиып қызығып қарап қалдым. Қызығып кетіп:- Осындай өзіміз жасап алсақ қайтеді,-дедім. Қыстың күндері онсызда таудан төмен шанамен сырғанап жүрміз.Несі бар төменгі ауылмен жоғарғы ауыл балалары бірігіп қимылдаса, Бөленге айтса, қалай да бірдеңе ойлап табатыны сөзсіз». Нұрғали мен Қожаның осылай қиялдауының өзі жайдан-жай емес. Өздерінің туып-өскен жердің қалай болғанда да жаңа кейіпке еніп, қанат жайып өркендеуін қалайтын ізгі ниеттері байқалады. Осы армандарына жету үшін әлде неше рет таласып, тарқасып жататын төменгі ауыл балаларымен бірігіп те кетпекші. Қанша тартысып жүрсе де, бірлесе отырып әрекет істесе әлденеше іс тындыра алатындарын іштей мойындайтындары сезіледі.Нұрғали ауыр науқастанып жүрсе де болашақтан үміт үзбеген, қиялына ерік беріп, өз ойларынан өзі қуат алған, жан дүниесі бай адам. Повесте оның құстарға деген қамқорлығы ерекше суреттеледі. Үйінің төбесіне ұя салған торғай балапандарын бірісе мысықтан, біресе жаланнан қорғап жүреді.
Нұрғалиды достары жақсы көріп, сыйлайтындарын аңғаруға болады. Көңілін көтеріп жанын ауыртпауға тырысады. Повесте жүзге күлкі ұялататын сәттер де кездеседі. Бөлегеннің Алыпсоқты арбаға жеккенін көрген соң, өзінің иті Майлыаяқты арбаға жегіп, үйретпекші болған әрекетінен ештеңе шығара алмаған Қожан итінің «нан соғар надандығынан» бір күйінсе, төменгі ауыл балаларын өз өнерімен таң қалдырмақ болып, Нұрғалидың қара ала бұзауны мініп, шаба жөнелгенде жерді сүзе құлап, сәтсіздікке ұшырауы еріксіз күлкі ұялатады. Сондай – ақ повесте «ит адамның досы» деген сөздің растығына тағы да бір көз жеткізуге болады. Мұны алғашқы кезде төменгі ауыл балаларына қызмет етіп, жоғарғы ауыл балаларын жерге қаратқан Алыпсоқтың иесі Нұрғалиды қалаға ауруханаға әкеткенде бірге кетіп, кейіннен елге оралып, ауыл кезгенді қойып, үйінің алдында Нұрғалиды күтіп жатқандығынан айқын көруге болады. Повесте өзге балалардың мінез-құлықтарын баяндаған Қожаберген. Ол намысқой.Төменгі ауыл балаларының алдында «өліспей беріспеуге» бар. Кейіпкер «Нұрғали оқуға жейін жазылып келетін шығар, бәріміз – жоғары ауыл, төменгі ауыл – бір ауыл болып, асығып күтіп жүрміз», деп хабарлайды.
«Чика – Дабылдың баласы» повесі.
Бұл повесте Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ ауылындағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, балалардың тағдыры, қарым-қатынастары, өмір, дүние туралы көзқарастары бейнеленген. Неміс баласын асырап алған қазақ әйелінің, қазақтар арасындағы неміс баласының тағдыры бала түсінігіне сай жеңіл де қызықты баяндалады. Повесть «Чика немістің баласы болуы тиіс», «Біз көрші тұрамыз», «Апам төбелеспе дейді», «Өшетілге бардым» деген сияқты бөлімдерге бөлініп, әр бөлімде күнделікті қазақ ауылының тіршілігіндегі болған оқиғалар, адамдардың қарым-қатынастары бала көзімен бағаланып, балаға лайық тілмен сипатталады. Шығармадағы барлық оқиғалар бірінші жақтан, Ертастың атынан баяндалады. Повестің бірінші бөлімі «Мен білсем, Чика немістің баласы болуы тиіс. Шамасығ үлкендер бізден жарысып жүр. Күмәнданатын себебім де бар» деген Ертастың ойымен ашылады. Ауылдағы балалар Чиканы бірден бауырларына тарта қойған жоқ. «Мынау неміс қой. Ысқыртып жіберу керек өзін. Бұл фашист. Совецкий емес, шистай фашист. Перед фашистке! Перед!»-деп, Жұмажан тұра ұмтылды. Балалардың барлығы жабылып, төмпештеді. Балардың күш көрсетіп, қол жұмсауы кездейсоқ іс емес Жұмажанның басқарылуы мен жасалған бұзақылық әрекет. Олар өздерінше кек алғылары келгендей. Тіпті Ерастың өзі соғыста өлген әкесін ойлайды. Апасының: «Дегеніңе жетпегір, фашис! Ұл қызының рақатын көрмегір, фашис!»-деп бетін жыртып жылағаны көз алдына келді. «Неге ауылға фашисті алып келді осы»-деп күйініш білдіреді. Апасының әрі көрші, әрі ағайында балалардың төбелескендері ұят болатынын ескергеннен кейін, мән-жайды анықтамақ болған Ертас «өшетілге» барады. «Ертеңіне өшетілге арнайы бардым. Ол бәрін біледі. Өшетіл мектепке былтыр келген, орыс тілінен беретін ағай. Күнделікке Сердалы Ахантаевич Ахантаев деп жазамыз. Былайша жұрттың бәрі «өшетіл» дейді. Сосын бізде мектепте солай атай береміз. Ашуланбайды. Ауылда клубқа адамдарды жинап алып баяндама оқитын жалғыз сол. Басқалардай емес, қағазға қарамай сөйлейді. Жұрт «Сабаз-ай» қандай білгіш мұғалімдер ішіндегі ең күштісі-өшетіл. Бұл ма, бұл мүлде ауылнайдан да күшті»,- деп аң-таң қалады. Ол мені орындыққа отырғызып жайыменен түсіндіріп берді. – «Неміс дегеннің бәрі фашист емес. Ол басқа фашист деген – бөтен бір елдің жерін, суын тартып алып, халқын құлдыққа ұстаймыз, тек өз мұқтажымызға жұмыс істеткіземіз, қинаймыз, жер байлығы, мал-мүлкін талан-таражға саламыз деп ел жаулап жүрген адамдар. Соның ең бастысы Гитлер деген қанішер. Бізбен соғысып жатқан сол фашист. Неміс халқы соғысты қаламайды, оның ішінен атақты адамдар шыққан, коммунистер болған,-деп фашист пен немістің айырмашылығын түсіндіріп береді.
Ертас қайта –қайта сауал қойып, ежіктеп сұрап, мәселенің шешілгенін қалайды. « -Ал, Тәнзилә жеңешемнің, алып келген баласы ше? Неміс қой?
Өшетіл шамалы ойланып қалды.
– Ол фашист те емес, неміс те еме. Кәдімгі қазақ. Фамилиясына қарамайсың ба
– Дабылов , атына қарамайсың ба? – Бақытжан. – Сап-сары ғой. Көзі де көңбеңбек. – Айнаға қарасайшы. Сен де сарысың. Сонда сенің де фашист болғаның ба? Шошып кеттім. Өшетіл, шынында да, бәрін біледі, ол өтірік айтпайды»,-деп ақ-қарасын ажыратып, нығыздап, өзін де, өзгені де сендіре түседі.
Ертас ертеңгісін ойнауға далаға шыққан кезінде күн шуақта мүйіз пышағымен ағаш жонып отырған Бақытжанды көріп, қасына барып, орысшалай сөйлейді. «- Бақытжан, ты казахский біледский. Ол маған шамалы кідіріп отырды да: - Біл...ем, деді жымиып». Ертас пен Бақытжан тез тіл табысып. Ертас Бақытжанға «Чапайдың мінетін жеңіл арбасын» жасауға машинасының доңғалағын берсе, Бақытжан оған мыс түйреуішті жұлдызын алып береді. Ортасында орақ пен балтасы бар, қызыл жұлдыз. Повесте Чика немістің баласы болса да, өзге балалармен бірдей екенін, ата-анасының болғанын қалап, әкесі Дабылдың майданнан тез оралуын тілейтіні суреттеледі. Әкесінің суретін біреу алып кетеме деп, үнемі өзінің жанында ұстап жүреді. Осыдан-ақ баланың әкесіне деген сағынышын, сүйіспеншілігін көруге болады. Шығарманың басында Бақытжанды бас салып ұратын Жұмажан шығарма соңында да тіл табыса алмай, кектенген күйге түседі. Өшетілмен сөйлескен кезде немістердің еліне соғыс ашып, әкесінің қолын қайырып, басын танкіге бастырып кунтужный еткен – неміс. Ауылдан қанша адам қырылса соның барлығы немістің кесірінен деп түсінеді. «Оның аты Бақытжан емес – Чика. Немістің баласы. Мылтығым болмай жүр, атып тастар ем өзін» -деп айтады. Жазушы мұның себебін үлкендерден іздейді. Нияз бригадир Тәнзиләға келіп: «Пәшестің баласын асырап, елді бүлдірдің. Сен қатын барғой нағыз жаудың өзісің. Ит жеккенге айдатайынба, сорыңды қайнат...ы...ып!» Осындай сөздердің отбасында да айтылып, бала құлағына құйылып, көкейіне сіңбей қалуы мүмкін емес. Повестің соңы ауыл тұрғындарының солдаттарға толы поезді қарсы алуымен, Қали солдатқа Тәнзиләнің жұбайына жолықса сығандар ұрлап алып кеткен баласының табылғанын айтып, көк ала шыттан тіккен қомақты қалтаны апарып беруін аманат етуімен аяқталады.
«Қияндағы күн нұры» повесі
Бұл повесте де Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылындағы адамдардың қым-қиғаш тағдыры, алуан-алуан характерлер сомдалады. Повестегі барлық оқиға, көріністер Ералы атты баланың көз алдынан өтіп, бірте-бірте дами береді. Повестің бірінші бөлімінде Ералы соғыс жылындағы бір ғана қазақ отбасының ғана емес барлық қазақ аулындағы адамдар тұрмысының таршылығы, қазақ әйелдері мойнына түскен ауыртпалықты суреттейді. Жазушы нақты көріністер, белгілі бір іс-әрекеттер арқылы үлкен әлеуметтік астарды меңзейді. Повесте кішкентай Ералының айналасында өтіп жатқан оқиғаларға, адамдар қарым-қатынасына үлкен мән беріп, жіті үңіліп, ойлана қарап, іштей қорытады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халқымызда нақыл сөз бар емес пе?! Сол сияқты Ералы да өте өнегесін көріп, тәлім-тәрбиесін алғанын байқатады. Повестің кейіпкері Ералы аң аулауды құр қиялдайды, оны қиядап қана қоймай, Құмайды ертіп шынымен де қоян аулап, әжесінің көңілін көтеріп, бір үлкен істі тындырып та қояды. Жазушы Ералының іс-әрекеті мен сезімін алдыңғы орынға шығарып, оған оқушылардың назарын аударып, ынталандыра түседі. Жас баланың әкесіне деген аңсау сезімін де әдемі өрнектейді. Ералыға әкемді сағындым, көргім келеді деп ашықтан-ашық айтқызбай-ақ, оның белгілі бір іс-қимыл барысында сездіріп өтеді. Мәселен, Құмайды ертіп, қоян аулауға шыққанда бөтен кісіні көкесі екен деп қасына барып қалып, сонында Құмайдан айырылып қалу оқиғасын алайық. Әкеге деген сағынышы мен қоса аңғалдығы да көрінеді. «Қашықтан қылт ете қалған жалғыз аттылыны көзім шалды. Аңтаралып солай қарадым. Аяғымды түбір іліп, құлап қала жаздадым. Тәлтіректеп барып қайта түрегеліп алдым да, жүгіре бердім, жүгіре бердім! Алақай! Қандай рақат десейші! Көкем тура маған келе жатыр». Бірақ, өкінішке орай, бұл кісі Ералының көкесі болмай шықты. Әрі Құмайды алып, әрі баланың жүрегін ұшыра қорқытып кетті. Әкесінен де, анасынан да айырылып, тағдырдың ауыр соққысын алған бала тағы да озбырлықпен бетпе-бет жолығысты. Бірақ мұндай жағдайға Ералының сағы сынған жоқ. Жазушы жас баланың ауыртпалықты қайыспай көтере білетінін, қайсар, өжет мінез-құлқын танытады. Оның жүрегіндегі әжесіне деген сүйіспеншілігі мен алғыс сезімін де әр оқиға кезінде айқындай түседі. Әжесіне қолғанат болып, үй шаруасын тындырып, естиярлық танытып жүрген Ералының бойындағы қайырымдылық, мейірімділік, азаматтық қасиеттердің күннен-күнге толысып, өріс ала бергеніне куә боламыз. Жазушы тірліктің ауыртпалығын тартып жүріп, шымырланып, шындалған баланың бейнесін шебер сомдайды. Повесте «Енді баланы бөтен есікке телміртпеймін», «Айтжанның шаңырағын құлатпаймын» деп тағдырмен арпалысып, шамасы келгенше тырбанып тіршілік етіп жүрген «дәу кемпір», яғни Ералының әжесін де жазушы алдыңғы орынға шығара сипаттайды. Жалпы алғанда бұл повесте игі істермен көзге түсіп, жарық сәуле шашатын кейіпкерлер баршылық. Солардың бірі Жұман – Айтманбеттің шаңырағын құлатпай дәу кемпір мен оның балапандарын аман-есен өсіріп, жеткізуге күш салып жүрген адал жан десе де болғандай. Ауыл тұрғындарына рухани демеу майдандағы жауынгерлердің қайсар, сәтті қадамдары. Сондықтан да үміті зор адамдар адамшылығын жоғалтпай тірлігін жалғастыра берген.