«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет14/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Бақылау сұрақтары:
1 Ж.Смаков, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиевтердің балалар поэзиясының ерекшеліктері неде?
2. Қ.Баянбаев, Ж.Кәрбозиннің балалар лирикасындағы бейне жасау шеберлігі неде?
3. Қ.Жұмағалиев, Е.Өтетілеуұлының балалар поэзиясының құндылығы неде?
Негізгі әдебиет:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976.

  3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965.

4 Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(құраст.Ш.Ахметов).-Алматы: «Мектеп»,1980.-354б.
Қосымша әдебиет:

  1. Қазақ совет балалар жазушылары.А., 1987

2 Сөзстан. А., 1983
3 Шетел балалар әдебиеті. Астана, 2008



Дәріс - 10.
Тақырыбы: Қазақ балалар поэзиясы. А.Асылбеков, Н.Жанаев, О.Асқар, С.Әлімқұлов, А.Сопыбеков, Е.Елубаев, С.Қалиев, Е.Ерботин, Ж.Қашқынов, Ж.Әбдірашев, Н.Айтов, Ө.Ақыпбековтің балалар поэзиясы.
Жоспары:
1 А.Асылбеков, Н.Жанаев, О.Асқар балалар поэзиясы.
2 С.Әлімқұлов, А.Сопыбеков, Е.Елубаев балалар поэзиясы.
3.С.Қалиев, Е.Ерботин, Ж.Қашқынов балалар поэзиясы.
4 Ж.Әбдірашев, Н.Айтов, Ө.Ақыпбековтің балалар поэзиясы.
Дәріс мақсаты: А.Асылбеков, Н.Жанаев, О.Асқар, С.Әлімқұлов, А.Сопыбеков, Е.Елубаев, С.Қалиев, Е.Ерботин, Ж.Қашқынов, Ж.Әбдірашев, Н.Айтов, Ө.Ақыпбековтің балалар поэзиясының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктеріне әдеби талдау жасау.
Дәріс мәтіні:
А.Асылбековтың “Егіздер туралы ертегі” поэмасы төменгі сынып оқушыларының қабылдауына сай. Поэманың балалар тәрбиесі үшін мәні болғанымен, ертегі жанрына тән ерекшелік сақталмаған. Ертегіне тән ғажайып оқиғалар өрбімей, лирикалық кейіпкерлердің ертегі кейіпкеріне тән әрекеттерден сырт қалған. Оқиға реалистік сипатта жазылған. Сондықтан бұл туындыны ертегі поэма ретінде қарастырғаннан гөрі, реалистік поэма деп санау керек. Ертегінің жанрлық ерекшелігінің сақталмауы поэманың эстетикалық мазмұнын, шығарманы көркемдік тұрғыдан қабылдауды солғындатпақ. Поэмаға тентек, тілазар балалар өмірі арқау болған. Лирикалық кейіпкерлер – егіз бала Албан мен Алдан. Олардың Жаңа Жыл кешінде Аяз Атаны алдап, сыйлық алуы, бірінің орнына сабақ айтуы, бокста кезек-кезек шығу – балалар өміріндегі кездесетін қылықтар. Ақын балалар бойында кездесетін кері мінездерді, таныс әрекеттерді нақты, дәлме-дәл сипаттауы ұтымды. Кейбір егіз балада кездесетін мұндай мінезден жеткіншектерді аулақ болуға жетелейді. Албан мен Алданның бокста халықты алдап, бірінің орнына бірі шықса, қарсыластары да егіз бала, олар да сондай әрекетті танытады. Лирикалық кейіпкерлер Албан мен Алдан көпті алданғанмен, өздері де алданады. Оқиғаны күлкімен көмкере отырып, балаларды ойлылыққа жетелеу бар. Поэманың дидактикалық түйінінен ақынның лирикалық кейіпкер мінезін бір жақты суреттемей, әр қырынан бейнелеуді мақсат тұтқаны байқалады. Алайда, ақынның бұл амалы сәтсіз шыққандығын аңғаруға болады. Әрі тентек, әрі адал лирикалық кейіпкер бейнесін суреттелуі солғын шыққан. Ақын ақылды тентек бала бейнесін көрсетпек болған. Лирикалық кейіпкерлер бейнесіндегі олқы мінез-құлық, әрекеті суретей отырып, балаларға тән әділ, адал қасиеттерді озық етпек. Автордың бұл мақсаты поэма шешіміндегі баяндауынан таныла түскен. Поэманың идеясы жеткіншектерді ойсыз да олқы мінез-құлықтан, әрекеттен сақтандыру.
Ө.Ақыпбековтың “Бүркіт пен тасбақа” ертегі поэмасының тақырыбы адам бойында кездесетін даңғойлықты, даңғазалықты сынауға арналған. Автор дәстүрлі ертегілік сарынмен бастайды. Баланы бірден ертегі әлеміне ендіріп, тасбақаның әрекетін суреттеп, персонаждың даңғой, мақтаншақ мінезін көрсетеді.
Сыртқа теуіп ырыс, бағын,
Менсінбепті туысқанын.
Мекенін де менсінбепті:
“Қураған қу шөлсің ! – депті.
Найза шыңға шығамын, – деп –
Сол болады тұрағым, –деп,
Өзінше бір, есі кіріп”,
Мақтаныпты төсін ұрып.
Бұл көркемдік эпизод даңғой адамның мінез сипатын танытуға қызмет етіп тұр. Бүркітке жалынып, шыңға шыққан тасбақаның заңғар биіктен зәресі ұша қорқуы да бала қабылдауына әсер берерлік көріністің бірі. Ақын балаларды ойлылыққа жетелемек. Алайда поэмада автор түйіні кіші жастағы бала ұғымына күрделі.
Кіп-кішкентай құстың қайырымдылығын, ізгілігін суреттеу балалар әдебиетіндегі дәстүрлі тақырыптардың бірі десек, оны түрлендіріп, жаңарта түсуде әр қаламгердің өзіндік ерекшеліктері де көрінеді. Ертегіде өз өрнегін тапқан бұл тақырып енді аңыз поэмада да өзіндік сипатымен танылады. Халықтық ертегі, аңызға тәуелсіз жазылған аңыз поэма – Е.Елубаевтың “Қырғыннан құтқарған қарлығаштар” туындысы. Ақын поэмасында үйіне қарлығаш ұя салғандықтан, жау шабуға келе жатса да, жұртта жалғыз қалған қарияның мейірімді әрекетін балаларға үлгі етпек. Табиғаттың жарасымды тіршілігін суреттеуінде әсемдікті бағалау идеясы да бар. Мейірімді қария бейнесін қазақи қалыпта суреттеу бала қабылдауы үшін қонымдырақ. Ұлттық сипатты лирикалық кейіпкер характерін ашуға қолданған.
“Биыл менің үйіме, –
Дейді ол:
Ырыс кіреді...”
Шетінемей бірі де,
Ұшса екен”, – деп тіледі.
Ауызынан күніне
Түспейді айтқан тәубесі.
Тарағандай үйіне
Жақсылықтың сәулесі.
Бала қолын қақпалап,
Тигізбей ол жүреді.
Қарлығаштар –
Ақтамақ
Сайрағанды сүйеді.
“Қарлығашқа тигеннің,
Қолы сынып қалады....” [67, 237 б]
Мұнда нақты да көркем, тағылымды ұлттық таным-түсінік суреті бар. Лирикалық кейіпкердің іс-әрекеті арқылы балаларға мейірімді, қамқорлықты, жанашырлықты үлгі етсе, қарлығаш құсының нақты тірлігін бейнелей отырып, құстарды қорғау идеясы да көрінеді. Қарлығаштардың шыр-шыр етіп, үйді айнала ұшуы бала эмоциясына әсер берерлік. Оқиғаның ширыққан тұсы да осы көркемдік эпизодтан таныла түседі. Жау қолбасының жұртта қалған қарияның үйін бұзбауынан қатыгездікті мейірімділіктің жеңетіндігі танытады. Ақын мақсаты – бала санасына мейірімділіктің, қамқорлықтың дәнін егу.
Балалар әдебиетіндегі ертегі поэмаларда адамдардың сан алуан мінез-құлқын құстар, аңдар, жан-жануар, хайуанаттармен шендестіру арқылы бейнелейді. Бейтаныс құбылыстарға құштар бала үшін адамдардың әрекеттерін жан-жануар, хайуанаттар, құстар мен аңдар орындап жатса, мектепке дейінгі жастағы балалар мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұндай ертегілердің оқиғалары қызықты да тартымды және бала ұғымына да жеңіл.
Бақылау сұрақтары:
1 А.Асылбеков, Н.Жанаев, О.Асқар балалар поэзиясының ерекшеліктері неде?
2 С.Әлімқұлов, А.Сопыбеков, Е.Елубаев балалар поэзиясындағы ұлттық таным қалай өрнектелген?
3 С.Қалиев, Е.Ерботин, Ж.Қашқынов балалар поэзиясының тақырыптық, идеялық құндылығы неде?
4 Ж.Әбдірашев, Н.Айтов, Ө.Ақыпбековтің балалар поэзиясындағы елдік тақырып қалай жырланған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет