«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет20/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
лекция Балалар әдебиеті

Бақылау сұрақтары:
1Қазақ балалар прозасының даму бағыты, жолдары қандай?
2 М.Қабанбаев повесінде кейіпкерлерді қалай суреттеген?
3 М.Қабанбаев прозасының ерекшеліктері неде?
4 М.Қабанбаев повестерінде қолданылған көркемдік амал-тәсілдер қандай?.
Негізгі әдебиет:
1 Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
2 Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976.
3 Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965.
4 Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(құраст.Ш.Ахметов) -Алматы: «Мектеп»,1980.-354б.
5 Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері. Алматы: Арда, 2011

  1. Қажыбаева Д.К. Қазақ балалар әдебиеті. Астана, 2011.-412 б

Қосымша әдебиет:
1Қазақ совет балалар жазушылары.А., 1987
2 Қазыналы керуен (қазақ жазушыларының балаларға арналған повесть, әңгімелері /құраст.О.Асқар /Алматы: «Балауса»,2008.-424б
3 Қабанбаев М.Сурет салғым келмейді. Повестер мен әңгімелер. А., 1995

15-дәріс. Қазақ балалар поэмасы. Ұ.Есдәулетов «Қара пима».

Қазақ балалар драматургиясы мәселелері. Қазақ балалар әдебиеті мен шетел балалар әдебиетіндегі әдеби байланыстар.
Қазақ балалар драматургиясындағы шығармаларды екі топқа бөлінеді: бүлдіршіндерге арналған драмалық шығармалар, мектеп оқушыларына арналған драмалық шығармалар. Драмалық шығармалардың негізгі шарттарының бірі –тез туып, жедел өрістейтін тартыстың болуы.
Қазақ балалар драматургиясындағынегізгі тақырыптарды шартты түрде былай бөлуге болады:

  1. Кеңестік идеологияға негізделген тақырыптар;

  2. Ертегілік, қиял-ғажайып тақырыптар;

  3. Халық бастан кешірген тарихи тақырыптарға арналған туындылар;

  4. Табиғат туралы;

  5. Бейбітшілік тақырыбы;

  6. Жалпы ынтымақ, бірлік, еңбек, білім, ерлік,мейірім, ізгілік турлы;

  7. Мектеп өмірі, мектептегі балалар әрекеті.

Қазақ балалар драматургиясының алғашқы қарлығашы-1934жылы балаларға арналып жазылған І.Жансүгіровтің «Мектеп» атты пьесасы. Пьесада бала қиялына лайық шартты, ертегілік сипат бар. Негізгі кейіпкері – бала мен оның қуыршағы.
Жасөспірімдер театрының ашылуымен қарайлас жазылған Қ.Бадыров пен М.Ақынжановтың «Алтын сақа» пьесасы – халық ертегісінің ізімен жазылған туынды. Драмадағы негізгі тартыс ізгілік пен жауыздықтың күресіне құрылған.
Қазақ балалар дрматургиясының интермедия, скетч, бір актілі пьеслр, әдеби-музыкалық қойылымдар дами түсті. Интермедия дегенініміз – концерттік қойылымдрдың арасында көрсетілген шағын күлкілі пьеса немесе көрініс. Қ.Ыдырысовтың аталған кітабына кірген алғашқы интермедия «Танысу» деп аталады.
Шағын драмалық қойылымдарда бүлдіршін баланың ой–сансын дамытумен қатар, оның белгілі бір ұғым төңірегінде кеңірек мәлімет алуына жағдай жасалды.Скетчтер– сатиралық ойын–сауық кештерінде қойылатын шағын көріністі шығармалар. Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі– бір актілі пьеслр. Шағын пьесалардың ерекшелігі–олардың ойды нқтылы, тез жеткізуінде және де оқиғның тез басталып, жедел өрбуінде.
Ересек балаларға арналған шығармаларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:

  1. Аңыз оқиғаларын арқау ететін тақырыптар;

  2. таптық–төңкерістік оқиғларды арқау еткен тақырыптар;

  3. кеңес дәуіріндегі балалар өмірі;

  4. қазіргі балалар өмірі.

Қазақ драматургиясында өзіндік қолтаңбасы бар жазушылардың бірі–С.Жүнісов. Оның қаламынан туған «Бәсеке» атты шағын пьесасы бүлдіршіндерге арналса, ересек балалар үшін жазылған «Жаралы гүлдер», «Әр үйдің еркесі» туындылары.
Тікелей бала өмірін, бала мінезі мен әрекетін суреттеуге арналған: Е.Елубаевтың «Өжет», «Бір уыс бидай», Қ.Мұқышевтың «Аликтің әлегі», Ш.Құсайыновтың «Есірткен ерке».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет