«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет19/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
лекция Балалар әдебиеті

Бақылау сұрақтары:
1Қазақ балалар прозасының даму бағыты, жолдары қандай?
2 С.Сарғасқаев, М.Қаназовтың повестерінде кейіпкерлерді қалай суреттеген?
С.Сарғасқаев, М.Қаназовтың прозасының ерекшеліктері неде?
4 С.Сарғасқаев, М.Қаназовтың повестерінде қолданылған көркемдік амал-тәсілдер қандай?.
Негізгі әдебиет:
1 Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
2 Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976.
3 Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965.
4 Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(құраст.Ш.Ахметов) -Алматы: «Мектеп»,1980.-354б.
5 Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері. Алматы: Арда, 2011
6 Қазыналы керуен (қазақ жазушыларының балаларға арналған повесть, әңгімелері /құраст.О.Асқар /Алматы: «Балауса»,2008.-424б
7.Қажыбаева Д.К. Қазақ балалар әдебиеті. Астана, 2011.-412 б
Қосымша әдебиет:
1Қазақ совет балалар жазушылары.А., 1987
2 Сөзстан. А., 1983




Дәріс №14.
Тақырыбы: Қазақ балалар прозасы. М.Қабанбаев «Арыстан, мен, вилончель және қасапхана», «Сурет салғым келмейді», «Пысық болдым, мінекей» повестері.
Жоспары:
1 М.Қабанбаев «Арыстан, мен, вилончель және қасапхана» повесі.
2 «Сурет салғым келмейді» повесі.
3 «Пысық болдым, мінекей» повесі.
Повесть бірнеше тыныстан әрбір тынысқа берілетін қысқа түсініктен тұрады. Әр тынысқа берілген қысқа түсініктемеге сай оқиғалар баяндалады. Негізінен алғанда повесть ішкі баяндауға құрылған. Повесте барлық оқиғалар басты кейңпкер Асанның таным-түсінігімен таразыланып,талданып отырады. Асанның ішкі баяндаулары арқылы әр қилы адамдар мен балалардың іс-қимылдарын,мінез-құлықтарын ұғып танысамыз. Шығармада Асан ақкөңіл, қайырымды,жаны таза бала ретінде бейнеленген. Ол иті Арыстанға да , ауласында ұшып-қонып жүретін кептерлерге де, қасапханадағы сиыпларға да жаны ашып, қорғағысы келеді. Асанның қамқорлығын Шыңғысқанның көгершінге тас атайын деп жатқан жерінде көріп, оны тоқтатқанынан көруге болады. Бұл шығарма кейіпкері Асанның ішкі ойы. Асан үшін көрші баланың кептерді атпақ болу себебі түсініксіз. Өйткені ол өзі сұлулықты қастерлеуге, әлсізге көмек көрсетуге бейімделген бала. Оның рухани дүниесі бай. Кейіпкердің бұл қасиетіне повесті оқу барысында анық көз жеткізуге болады. Жазушы сондықтан да болар балғын кейіпкер аузына «әдемілікті сезбейтіндер ғана аяуды білмейді» деген кесек ойды салады. Кептерді өлімге қимай,аяп,жаны ашыған Асанның оны қара баланың садағынан құтқарып қалмақ болуы да орынды шыққан. Ол бала болса да айналасында өтіп жатқан көріністерге мән бере қарап, өз ойын түйіп, қорытындысын шығарып отырады. Шығарма кейіпкері Асанның біршама ой-пікірлері иті Арыстанның төңірегінде өрбиді. Ол бір кездегі ызақор күшіктен қалайша ез ит шыққанын ойлап,күйінеді. «Ауылдағы қарды күреп жүріп,көше жақтан шыққан айқай-шуды естідім. Дуалдан бас қылитып қарасам, қас қалпы анау жолғы көрініс. Қисық көздің қолында шып-шып ойнаған шыбық астында Арыстан шананы тарта алмай қансорпа. Шыңғысхан жалғыз емес екен: артына баяғы шалбар шешкіш маймақ жабысыпты. Екі езуі екі құлағында, қанағы қарқ,сағанағы сарқ» – деп қынжылыс білдірген. Асан Арыстанда құтқару әрекетіне кіріседі. Дегенмен де ол өзінің нақтылай айтқанда, Арыстан итінің бұл қылығын ұнатпайды. Өзін-өзі қорғауға бір төбеттей шамасы келетін Арыстанның мұндай ез күйге түсу жолын іздеп, ақыры оны да тауып, өз байламын жасайды. Ол мұның бәрі екі аяқтылардың, яғни адамның ісі екендігін, «аюға намаз үйреткен таяқ» дегенді мойындауға мәжбүр болады. Осы тұста жазушы Арыстанның момын итке айналу себебін Асанның ойымен жүйелі түрде дәлелдейді. «...Аяғын басқан сыйлы қонақтың балағынан ала түсіп, 180 сомдық кремплин костюмын бүлдіргеніне бола жамағайынымыз күшік Арыстанды ауланы айналдыра қуып жүріп, бишікпен ұзақ сабады. Келімсек біреудің тәйттік ұлы күншуаққа қалғып жатқан күшік тұмсығының дәл ұшынан шертіп қап еді, танауы тызылдап қоя берген ит аясын ба, қауып тастады. Арыстанның алдындағы аяқ қатарынан 3 күн ас құйылмай қаңсып жатты. Бала осы көріністерді есіне ала отырып, бір жағынан итке жаны ашыса, екінші жағынан оның ездігін жақтырмайтының аңгартып өтеді. Өзін- өзі қорғамақ түгілі, ит болып үруді қойған Арыстан бар қадір-қасиетінен жұрдай болған тәрізді. Дүниеде әр заттың, әр нәрсенің, хайуанаттың тіпті адамның да өз қасиеті, өз сын-сипаты бар емес пе? Таяқ пен табақ заңына бағынып, өз келбетінен айырылған төбеттің күйі қоғамды жайлаған қасиетсіздіктің бір белгісі тәрізді. Осы көзқарасқа жазушы Асанның таным-түсінігі тұрғысынан келіп , талдау жасайды. Повесть кейіпкері Асан өз отбасындағы әкесі мен анасының да қарым- қатынастары мен көзқарастарына ой жүгіртіп, зінше пікір түйеді. Әкесі музыканы сүйіп виолончель тартқанда, ләззат алып рахаттанса, анасының керісінше оның үнін естісе көңілі сүттей іріп, бұзылып жүре береді. Осы орайда балғын кейіпкер Асан отбасында анасының билігі үстемдеу екенін сездіріп өтеді. Кейіпкердің отбасының үш мүшесіне берген бағасы да қызықты. «... Көркем қоңызға да қиянат ойламайтын өз ісіне берік, момын да (көшедегі ең үлгілі еркек), мамам бірді екіге жеткізетін пысық әйел (әттең шайпаулау, әйтпесе), Мен болсам күнде-күнде бестіктерді мектептен қапшықтап қайтушы жақсы оқушымын (тым жуас па осы бала?). Жазушы балғын кейіпкер Асанды осылайша өзіне де , өзгеге де сын көзбен арап, баға бергіш ,ой-санасы жетілген, көзқарасы қалыптасқан кейіпкер ретінде танытады. Көршісі Шыңғысханның (Асанның өзі қойған аты) Арыстанды қинап, кептерлерді саудалап, төңірегіне қасқырша қарауына кім кінәлі деп, себебін іздеп толғануы, баланың тұлғалық қасиеттерінің жетіліп, қалыптаса бастағанын көрсетеді. Сонымен бірге оның жүрегі нәзік, көңілі таза. Жалпы жұртшылыққа әдеттегі нәрсе болып көрінетін құбылыстарға ол әншейін, жеңіл-желпі қарай салмайды. Ерекше мән беріп, өз таным-түсінігі тұрғысынан келеді.
Бұл повесте осыншалық қым-қуыт түсіп жатқан, шиеленіскен оқиғалар көріністері жоқ десе де болады. Дегенмен де қарапайым ауыл адамдарының күнделікті тұрмыс-тіршіліктері, ауыл жігіттерінің езуге күлкі ұялатарлық қызық мінез-құлықғ іс-әрекеттері туыстық қарым-қатынастар, туған жердің қадірі повесть кейіпкері Досан көзқарасы тұрғысынан сараланады. Шағармадағы барлық оқиға көріністерді өрбітіп, баяндап жеткізетін Досан болғанымен, оның кескін-келбеті толық ашылып көрінбейді. Бірақ Досан аталған кейіпкердің бойындағы бір ерекшелік: - сықақшылдығы, тілінің уыттылығы. Досан неге болса да сыни көзбен қарап сықақтап, тосын бейнелеулермен қилы-қилы салыстырулар келтіріп, әйтеуір бір езу тартырмай қоймайды. Ол қанша жерден кекетіп, мұқатып тұрса да, соның астарында бір жылылық, жақын тартып, өзімсіну барлығы аңғарылады.«Ойхой біздің ауылдағы жол атаулы көл-көсір кең ғой шіркін! Кеңдігі сондай, «ДТ жиырма», «белорусьтер», «алып кировецтер», тіпті оң-солға тәлтіректеп, әлде кімді тентіреп іздеп жүрген Жұмаш ағай сыйып кетіп барады. Бәрін көтереді.Ауылдағы әр шофер, трактористің қасқа жолға жанасалап салып алған өз жолы, өз ізі бар. Автоинспектор алыста аудан орталығында. Кім қалай жүргісі келсе, өз еркі. Жер жетеді. Мәселен, қызыл тайынша «ДТ-20»-ға ие Қасен көк «Белорусьті» Семейханның ізімен өлсе де жүреді. Өстіп біздің көшелер көше емес, он тракторды жарыстырып, қатар салса былқ демейтін кең де жазира, айдау қара жолға айналған. Сол неше түрлі нән техникалар, он Семейхан мен бес Қасен тракторларымен қоса түсіп кетсе қыңқ демейтін айдау жолға Үшбастың папасы сыймай барады». Осы сипаттаудың өзінде-ақ кейіпкердің таным-түсінігі байқалып тұр. Мұнда ауылдағы еркіндікті, кеңдікті таныту да, әрі Үшбастың әкесінің өрескел қылығын жақтырмау да бар. Жазушы Досанның әр адамды, әр іс-көріністі сипаттай отырып, оларға деген өзінің көзқарасын білдіріп, тиісті бағасын беріп отыратынын көрсетеді. Кейіпкердің мінез-құлқын өзіне бағалатқызып, талдау Екпіныч Фуникалық соғыстарды түсіндірген. Карфагенның қолбасшысы Ганнибал Альпі асып, Италияға басып кіріп, әбден еліріп кеткен легионерді қан-жоса қырса керек, бәлем. Мұғалім Ганибалды, оның қолбасшылық өнерін жер-көкке сыйғызбай мақтады да, римдіктерді сүмірейтіп салды. Римдіктерге осыншама өшіккені несі? Эра ағайдың жетпіс жетінші бабасын римдіктер құлдыққа айдап кеткен жоқ па екен деген шатақ ой жылт-жылт ете қалды... Сонымен бәрін айт та бірін айт, әлгі сыбырға құлақ салып отырып, қол шошайта қойыппын. –Сіз жаңа Ганнибалды мақтадыңыз. Ал Ганнибал тыныш жатқан Италияға тиісіп басып кірді.Ендеше карфагендітер басқыншы емей ... Ганнибал Басып кірді ғой. Легионерлерге қоса бебіт халықты қырды ғой қырды, -деп қосанжарласып мен де қоймадым. Легионерлерге қоса бейбіт халықтың да қатты қырылғанын кеше түнде тарих кітабынан оқып алғанмын. Мен тарих,әдебиет,география сияқты сабақатрадан ылғи да мұғалімнен бір тақырып алда жүрмін. О,ол жатқан шылқыма қызық.Кластағы барлық оқушы дым сезбей, көздері аңырайып, мұғалімнің аузын бағып отырғанда сен бәрін білесің, бәрін алдын ала түсініп аласың>>. Бұл эпизодтан повестің басты кейіпкері ретінде танылған . Досанның білім құмарлығы , ізденгіштігі, соған қоса көзқарасы да танылады.Кейіпкер өздігінен байлам жасап, ой қорытуға әуес.Сондай-ақ оның апасы Әйешка деген туыстық сезімі де өзінше бір әлем. Ол Әйешті өзгелерден қызғанып қана қоймай,бір ынтасымен қорғауға әзір.Осы тұрғыдан келгенде оның ауыл жігіттеріне деген бағасы да, сыны да дайын. Соның өзіндеде уытты күлкі жатады. Олардың кескін келбеттерін, іс-қимыл, мінез- құлықтарын әншейін жай ғана хабарлай салмай,өте қызықты теңдеулерге , суреттеулерге сүйенеді. Әр сол сипаттаулары, көздеген жеріне дәл тиіп, сәтті шығып жатады. <<Әйешке еріп киноға барса,ақ жиде мен қара шалбардан көретін болдым көресіні. Бәрі де күнде көріп жүрген ағайлар осы ауылдағы. Күндіз көшеде көбі баж-бұж еткен ыздиған,сыпайы, тілдерін тістеп сөйлеп,менің хал-жағдайым,алған бағамды сұрайды. Мектеп директорынан бетер асты-үстімді жездей қақатап біткесін Әйеш жаққа өңмендеңкірей қарап,ыстығы көтерілген жан , құсап бірдеңені міңгірлей бастады. Досанның бұл пікірінде әр некесін,әр осы бір құбылыстың көңілінен шығып тұрмағандығын да сездіру бар. Шын мәнінде ол ауыл жігіттерін кекетейін деп кекетіп тұрған жоқ, апсы Әйешке қатысты әрекеттерін сынғы алып тұр. Жазушы Досанның балалық мінез-құлқын шебер бейнелеген,бірақ Досан өзінің балалық аңғалдығын аңғармайды да. Ол өз әрәкетіне дән риза , оның астарына үңіліп те жатқан жоқ. Оған анасының айтқан ескертуін орындап жат көздерден апасы Әйешті қорғап қалса болғаны. Кейпкердің апасын ойлап , онын қамын жеп, уайымға салынып, әуре сарсаңға түсуі,үнемі бір қулықтар тауып жүретіндігі еріксіз көңіл бұрғызады. Тіпті,кейде шеттен тыс орынсыз әрекеттер жасап , қиқарлық көрсетіп те қояды. Киноға келе жатып, Қасен мен Семейханнан құтылу жолын ойластырып, аяқ астында жатқан ала арқынды<< жылан >> деп көрсетіп, қыздарды шошытып, олардың бөліп әкетіп, ал екі жігітті сергелдеңге салып қоюы, одан кейін Ерлан мен Мұратқа ерегесіп,бүкіл ауылдың иттерін айтақтап, азан-қазанғып шулатып,оларды да жылдамдырақ қоштасып кетуге итермелеуі бәрі-бәрі балалықтың,әр сотқарлықтың да белгісі. Әйтсе де Досанның Әйешке деген туыстық сезімінің үстем түсіп жататынын байқау қиын емес.Жаныңдай жақсы көретін апасын ешкімге қимақ емес. Ол өзінің кейде жөнсіз соқтыңғып , орынсыз әрекеттер жасайтыны түсініп, апасы Әйештің бұған деген туыстық сезімі суып кеткен жоқ па екен деп ойлап қимығыды да . Шығармадағы көтерілген мәселе- << туған жер >> тақырыбы. Туып –өскен жерге еш аймақтың тең келмейтіні еске салу. Повесть кейіпкері Досан бір күнге Қарасуға қыдырып барып, оның өз туған жері Аққұмға жетпейтінін ұғынып, сағынып, ешкімге айтпастан ерте тұрып үйіне кетіп қалады. Бұдан бала жүрегіндегі туған жерге деген адал сезімді көреміз. Ол Аққұмда жүргенінде өзінің туған жерінің ерекшелігі неде екенін байқап, ойланып та көрген жоқ. Қарасуға барған сапарында Досан көп нәрсеге көз жеткізіп, ой түйіп қайтты. Біріншіден, Аққұм Қарасайға қарағанда, тау, сыңсыған ағаш, бұлақ, өзені бар, біраз қасиеттерден құр қалып, борпылдаған құмға, кілегейленген шаңға толып тұрса да, «туған жердің аты туған жер», бүйрегін бұрып, жанын сыздап, сағынып тұрасың. Екіншіден, жусанға арналған аңсау Әйеш, көкесі, мамасы, ең аяғы Үшбасты да еске түсіріп, сағынышын одан әрі күшейте түседі. Әншейінде өзі сөз таластырып, істеріне араласып, тайталасып жататын ауыл адамдары көзіне ыстық, жүрегіне жақын жандар екенін түсінді. Үшіншіден, Аққұмның кермек татыған суында бір керемет сырдың барын ұғып, гидрологтарға бөтелкеге су толтырып алып барып, тексерулерін өтінді. Досанның бұл әрекеті аяқсыз қалған жоқ. Аққұм суынан асқазан, бауыр ауруларына шипа болатын микроэлементтер табылды. Аққұм адамдарының еңгезердей болып, беттері қызарып жүретіндері де сол шипалы судың арқасы екен. Жазушы шығарманы қарапайым оқиғалардан бастап, повесть соңында балғын кейіпкердің туған жер туралы салмақты ойларын бейнелеп,туып-өскен жердің қадыр-қасиеті жайлы жас оқырмандарға елеулі ой саларлықтай тақырыпты сәтті толғап жеткізеді. Өзі туып-өскен жердің түрі мен сипатына көз жіберіп, өткені мен бүгінін салыстырып, тереңінен толғану қай кезде қай адамға болмасын өте маңызды мәселе болып табылады. Жазушы «Пысық болдым, мінекей» повесінде оқушы бала Досан Атымтаев «мазасыз», біраз адамға қырсық көрінетіндей секілді. Әйтсе де оның былайғы жұртқа оқыс, төтен көрінер қылық-қимыл, сөздерінің түп-төркіні намысқойлықта, адалдықта, әділдікте, құштарлықта жатыр. Қос тракторшы – мәнжубас Семейхан мен адыраңбай Хасеннен әдемі әпкесі Әйешті қызғанып, клубқа барып келгенше қақпайлап, жаны дызығатын бала Досанның күйінетіні – әлгі жігіттердің сырт жерде өздерінің шын кескін-кейпін көрсеткенімен Әйештің алдына келгенде монтанысып-бүгежектеуі немесе өздерін еркін ұстаймыз деп есерленіп, жәркелештеніп кетуі. Бала болса да екі жігіттің бойындағы кереғарлықты, сондай-ақ шынашақтай болса да, шымыр Ғайшаның ширақтығын байқай біледі. Оның бұл төңіректегі ой-пікірлері жас шамасына сәйкес, иланымды автор тіліндегі Юморда бала ұғымына мінезіне орайлас мына бір мысалды оқып көрейікші: «Үшбас егерде осы жерде былбырап піскен қой құлағына айнала қалса, оллабілла түк ойланбастан қылғи салар еді. Әкесі өлгендей осыншама ойсыратып ұтпаса ақысы кете мекен? Өзінің мойны да, қолы да дертедей ұзын. Еңкейе беріп, созылып қалғанда қандай алыс асықтың дәл үстінен үңіреңдей шыға келеді. И – и - и, анау ойқы-шойқы еңіс - өр бас терісі неткен сиықсыз! Құдай шіркін адамдарды жаратып келіп, кезек Үшбасқа жеткенде қатты шаршап қалған білем, қалғып - шұлғып отырғанда қателесіп кетіп, төбе деп шүйдені томпита салса керек. Сосын Тілештің - шын аты ғой -өңделіп бітпеген басын алай-былай біраз домалатып: «Әй, төбе деген шүйдеден алыс жатпаушы ма еді»- деп, былқылдаған еңбекті шодырайта қойыпты. Ол да ұнамай ақыры шүйде мен еңбектің арасына төбе шығара қойыпты. Бәріде дұрыс. Ең жаманы, құдекен шүйде мен еңбектегі қате кеткен екі томпақты жазып жаймалап, қалпына келтіруді, алас - күлес қарбаластай естен шығарса керек». Досанның әңгімесі арқылы тілі тотияйыңдай Ғайшаның, сөзуар кейде мылжын Қасеннің, үндемес Семейханның, қитар Үшбастың мінезделуі балғын оқырманға ой салса керек. Шығармада өзіңдей кейіпкерлердің үлкендер әрекетіне, мінезіне сың көзімен қарайтынына көз жеткізген бала оқырман да өзі араласқан ортаға бірауық байыптап қарамақ. Повестің бір ұтқан тұсы осы. Алып жұлып бара жатқан қызғылықты оқиғасы жоқ дерлік повесті басынан аяғына дейін жалықтырмай әлсін - әлсін езу тартқызып, оқып шығуға жетелейтін - автор тіліндегі юмор. Бұл юмор баланың баланың сөзі, ой тұжырымдары түрінде көрініп, әрі кейіпкер табиғатын таныта түскен, әрі шағарманың тартымдылығын артырған. Досанның тұтқиылдан айтқан тосын теңеу, тапқыр сөздері, әсіресе, тілінің юморлық нәші оқырманды жалықтырмайды. Осы юмор, осы ерекшелік - Марат Қабанбаевтың негізгі шығармаларының бәріне де тәң. Юмор астарынан көбінесе айналасына, уақытқа, жалпы не нәрсеге болсын, сын көзімен қарайтын кейіпкердің түйсігін аңдаймыз».
Шынында да М.Қабанбаевтың қай шығармасын алсақ та өзіне тартар жылылық, тартымдылық байқалады. Жазушы өмірге, қоршаған ортаға, туған- туысқа, құрбы - құрдастарына деген балғын кейіпкерлердің көз қарастарын, ішкі түйсік - танымдарын, сезімдерін бейнелеу барысында балалардың мінез- құлық, іс - әрекет, көзқарас ерекшеліетерін ашып көрсете алған деп айтуға толық негіз бар.
«Сурет салғым келмейді» повесінде М. Қабанбай ата-ана мен бала, бала мен ата-ана, мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас табиғатына терең бойлайды. Басты кейіпкер Ержан атты баланың ішкі жан-дүниесіне үңіледі. Автордың Ержанды суреттеуінде біз өте сезімтал, қиялы ұшқыр болашақ өнер иесінің бейнесін тамашалаймыз. Бас кейіпкер жас болса да терең ойлап, шабыттанып, тәтті қиялдай білетінін аңғару қиын емес. Ержанның қиялы, ішкі дүниесі табиғатпен егіздесе аларлықтай таза болғанымен, отбасындағы жағдай оның пәк жүрегіне дақ түсіріп, оның жаман жаққа қарай өзгеруіне әсер етеді. Бала табиғаты гүл сияқты таза, көркемдігін әлемге паш етуге құштар болғанымен, гүлді суарып, оны бағалай біліп, сыпыртқыға айналдырмайтынымыз сияқты жас талантты да солай қанаттандырып, көңіліне сызат түсірмеу керегін автор көркем әрі өтімді оқиға желісімен ұғындыруға тырысады.
Жалғыздық, әуелде қызық болғанымен, кейін қызығы шыжығына айналған зеріктірерлік шаруа және ең бастысы бала шабытының аяқ-асты болып, көңіліне қаяу түскені оны қиялы еркін, ұлылыққа бет алған тұлға деңгейінен, тұтқын, құлға айналдыра бастайды.
Жеткіншектердің психологиясына автор көп көңіл бөліп, үлкендердің осы мәселедегі салғырттығы мен қателіктерін айқындауға қатты назар аударғанын көруге болады. Шындығында осы жастағы балалар өздерін үлкен санап, соны айладағыларға мойындатуға тырысады. Біздің кейіпкеріміз де дәл осылай ойлайды, алайда көкесі оның ісіндегі қателіктеріне түсіністікпен қарамай, керісінше оған деген сенімсіздігін байқатады. Осылайша Ержанның «Мен»-іне абайсыз соққы жасайды. Нәтижесінде тәртіпті, ұқыпты, көңілі таза, қиялы ұшқыр, әлемге ғашық бала К. Мунктың «Айқай» деп аталатын суретінде бейнеленген бір үлкен шарасыздық, тағдырына өкпелеуден туған шамырқанысты күйзелісті өз басынан кешіп, ыза, кек, қиқарлық, өкне сияқты ұғымдармен таныс болады. Осылайша күллі әлемді өзіне жау сезініп үйден безіп кетеді. Бұл жағдай жоғарыда айтылған суретшінің аталмыш картинасында шебер берілген. Үлкендердің оған деген сенімсіздігі Ержанның өзінде де өз-өзіне деген сенімсіздігін тудырады. Оның барлық арман-қиялы күйрейді. Ақырында ол сурет үйірмесінен өзінен суретші шықпайтынындай сезініп кетіп қалады. Осының бәрін автор өтімді оқиғалармен көркем суреттейді. Әуелде үлкендерге өкпелеп үйінен кетіп қалған кейіпкеріміз кейін бұл әрекеті анасының денсаулығына кері әсер еткенін көріп, өзін кінәлі сезінеді. Повестен автор Ержанның ішкі дүниесіне үңілту арқылы, барлық жеткіншектерге тән психологияны көрсетуді пайдалана отырып, жасөспірімдердің жасаған ісіне салқын қарамай, «бұлақ көрсең, көзін аш» деп талантын одан әрі шыңдап, көңілдеріне дақ түсірмеу керек екенін айтқысы келетіне айқын сезіледі. Бұған повестің атауы дәлел болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет