Балалар әдебиеті СӨз сынып оқулығы бойынша Сейітжан Омаров


Бастауыштың 2 сыныбында Қазақ әдебиетінің 1 бөліміндегі Әнуарбек Дүйсенбиевтің –«Ақылшым-мұғалім» өленінің мазмұны



бет11/30
Дата03.12.2023
өлшемі3,64 Mb.
#133586
түріӨмірбаяны
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Балалар әдебиеті сөж

Бастауыштың 2 сыныбында Қазақ әдебиетінің 1 бөліміндегі Әнуарбек Дүйсенбиевтің –«Ақылшым-мұғалім» өленінің мазмұны:

Негізгі идея: Өлеңнің басты идеясы мұғалімге деген үлкен құрметті аңғарту. . Ұстазды құрметтеуге – оның алдында кішіпейілдік таныту, жүргенде алдына түспеу, есік ашып бірінші кіргізу, жөнсіз сұрақтармен мазаламау,оны тыңдау, бірінші болып сәлем беру сияқты істің жақсы екенің үлгі ету.Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде қолын созып, болашақ өмірге дейындайтын кісі. Осы өлен арқылы мұғалімге деген құрмет, ыстық сезімін,жақсылығын, алғысын білдірді.
Ұстаз ұғымын айта бастасаң, көз алдыңа сөзбен суреттеп жеткізе алмастай ерекше алып тұлға елестейді.Алдындағы шәкірті үшін барын сарп етуге дайын жомарт жан. Ұстаз — ана, шәкіртін бауырына тартып,өмір өрнектерін, тұрмыс-тіршілік қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, оларды сабырмен қабылдай білуге, бар білгенін үйретіп, баулудан жалықпайды.Ұстаз – әке, көргені мен түйгені көп, соның барын шәкіртіне береді. Ол шәкіртіне тек жақсылык ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жан сала жақсылық жасайды. Сенің жандүниенді түсіне білетін, алдыңғы өмірдің кедір-бұдыр соқпақ жолдарынан аман-есен сүрінбей өткеніңді тілейтін жан – ұстаз. Мамандықтың бәрі жақсы десек те, мұғалімнің орны алабөтен.Осынын барлығын балаға түсіндіру және үйрету.
3 СЫНЫП
1 автор:Тұманбай Молдағалиев
Өмірбаяны: Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу ауылында дүниеге келген. Қазақтың біртуар ақыны және аудармашы.Шапырашты руынан шыққан. Әкесі Молдағали Ұлы Отан соғысында қаза болып, Тұманбайды ата әжесі мен анасы Қымқап тәрбиелеп өсіреді.Тұманбай ауылдағы мектеп табалдырығын 1942 жылы аттап, 1951 жылы Есік қаласындағы орта мектепті тамамдайды. Сол жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға түседі. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналының редакцияларында әдеби қызметкер болудан бастаған. 1959–1970 жылдар арасында «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970–1973 жылдары «Балдырған» журналында жауапты хатшы болып істеген.1973–1984 жылдары «Жалын» альманахының бас редакторы, 1984–1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, өмірінің соңына дейін «Балдырған» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Өмірлік серігі, жары - Қасымова Күлтай. Ұлы - Дәурен (1966 жылы туған); қыздары - Зәуреш (1959 жылы туған), Жазира (1962 жылы туған), Жанна (1964 жылы туған). Әскери атағы - аға лейтенант.Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан қуатты мемлекет болады, халықтың жақсы тұрмыс халі өрлейді».Хоббиі - футбол.Сүйіп оқитын әдебиет жанры - поэзия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет