Балалар әдебиеті СӨз сынып оқулығы бойынша Сейітжан Омаров



бет12/30
Дата03.12.2023
өлшемі3,64 Mb.
#133586
түріӨмірбаяны
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Балалар әдебиеті сөж

Шығармашылығы:Тұманбай Молдағалиев- таланты ерте танылған ақындардың бірі.1954 жылы Т.Молдағалиевтің «Украина қызына» атты тұңғыш өлеңі жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Шығармаларының негізгі тақырыбы – туған жер, табиғат, махаббат, достық, жастық, адамгершілік. Тұманбай – өлеңдерін лирикалық жанрда жазған сыршыл ақын.
Алғашқы өлеңдерінен-ақ ақын жаңа кезең талабына сай жаңа ізденістердің бетін таныта білді. Елуінші жылдардың орта кезінен күнделікті баспасөз беттерінде жариялана бастаған оның өлеңдері оқырмандарды селт еткізіп, әдебиет сүйер қауымды өзіне баурап алды. Оның себебі ақынның адам сезімін, оның көңіл-күйін, жастықтың құпия сырын шынайы бейнелеуінде еді. Адам еркін тежеген, ойыңдағыны еркін, ашып айта алмайтын осы бір тұсаудан бізді партиямыздың ХХ съезі құтқарды. Тұманбай осы бір тұста әдебиетке келді де адам ырқына ғана тән еркін ойды, ашық, бүкпесіз сөзді айтты. Жастығын, махаббатын, туған елінің табиғатын, көктемін жырлады. Шын сезімді, сүйіспеншілік сырын аңсап отырған қауым ақын өлеңдерін ду көтеріп әкетті. Ол әдебиетке осылай жастықтың, махаббаттың, көктемнің жыршысы болып енді.
Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. "Кәмила" (1960). "Көктем таңы" (1961), "Алатау қызы" (1963), "Ферюза туралы жыр" (1964), "Зулайды күндер" (1965), "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты.1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968). "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) ,«Махаббат оты сөнбейді» (1975), «Жиырма бесінші көктем» (1980), «Әлтай әпке» (1984), «Тынық мұхит дәптері» (1985) жарық көрді.. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я — сын Семиречья" (1962), "Первая встреча" (1968), "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.
Оның "Құстар қайтып барады" (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында", "Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), "Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Молдағалиевтің Абай поэзиясының идеялық - көркемдік мазмұнын, сөзім шынайылығын, тіл шұрайын сөз ететін «Ұрпаққа тілек» («Қазақстан пионері», 1971, 21мамыр) атты мақаласы жарияланды. Абай рухына арнап «Қайда барсам алдымнан» («Семей таңы», 1983, 13 шілде), «Абай ағам бастаған» (Жалын, 1985, N95) және «Абай аға аулында» (топтама, Тынық мұхит дәптері, А., 1985) т. б. өлеңдер жазды.
Тұманбай Молдағалиевтың дүниесіне, оның жыр әлеміне ентелеген кез келген адам досы Едіге Сапаев есімімен таныс болады. Бұл екеуі өмір бойы достықтың туын биік ұстап, қызғаныш, өзімшілдік, өктемдіктен ада болып, кейде туған бауырларда кездеспейтін бауырмалдықпен ғұмыр кешіпті. Тұманбай Молдағалиев қанша атақ-абырой жинап, ел алдында еңселі болса да, досының қасында қарапайым, ақкөңіл жанға айналып шыға келетін. Араларынан қыл өтпестей дос, бауыр болған Едігеге ақын 104 өлең арнаған екен.
Ол қазақ поэзиясына жаңа лепті, адам сезімін, махаббатты өзіндік бір нақышпен, нәзіктікпен, шынайы тебіреніспен беруді алып келді. Өмірдегі қандай құбылысты алса да, ақын адамның өміріне, тіршілігіне, асыл мұратына бағындырады, заманымыздың алдыңғы қатарлы идеялы тұрғысынан бағалайды. Ол әдемілікті, жарасымдықты жырлайды. Адам жанының сұлулығын іздейді. Табиғат құбылыстарынан да осыны іздеп, соған құмартады. Жыл мезгілдерін жырлай отырып, адамның көңіл-күйін айтады.

Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиев- Қазақстан комсомолы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы.


Қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиев 2011 жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.Қалың қазағы «Тұмаш, аға» деп еркелеткен, ақын Тұманбай Молдағалиев өз өмірін өлеңмен өрнектеген жан. Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде: «Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын. Өлеңнен өз орнымды таптым» деген еді. Расында да, ғұмырының соңғы сәттеріне дейін, ақын ата өлең жазуды тоқтатпаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет