Балалар әдебиеті СӨз сынып оқулығы бойынша Сейітжан Омаров



бет10/30
Дата03.12.2023
өлшемі3,64 Mb.
#133586
түріӨмірбаяны
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Шығармашылығы: Әдеби сыншылардың дуалы аузына ілінгенімен, көптің бірі ретінде аты аталып, жете бағаланбай жүрген қаламгердің бірі Әнуарбек Дүйсенбиев. Балаларға арналған тамаша шығармалар жазған, бала үшін туған талант еді. Ол тамаша лирик те болатын.
Ә.Дүйсенбиев – ХХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан балалар ақыны әрі жазушы. Қазақ балалар поэзиясын формалық ізденістермен тақырыптық, жанрлық тұрғыдан дамытқан, үлкендер еңбегін үлгі ету немесе баланың өз еңбегін мадақтау арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін, достықты дәріптейтін, таным мен тағылымға құрылған шығармалардың авторы. Баланың өзін сөйлете отырып, барлық нәрсеге өзі ие болғысы келетін ерке сәби психологиясын шебер жеткізе білген, олардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктерге байланысты туындайтын іс-әрекеттердің эстетикалық-педагогикалық мәніне баса назар аударған жаңашыл ақын еді. Баланың мінезін танытуды, әрекет қимылдарына зер салып, көркемдік електен өткізіп, эстетикалық немесе тәлім-тәрбиелік, ұлттық-этнографиялық сипаттарды балалар бойына дарытуды шығармашылық еңбекте мақсат етті. Басқа ұлт ақындарының балаларға арналған шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған шебер аудармашы болды.
Ақын аудармалары қазақ бала­лар поэзиясының өсуіне ықпал етті. Фоль­клорлық үлгідегі ертегілерді жаңаша, жаң­­ғырта жырлап, жаңа ертегі-поэмалар ту­дырушы және дамытушы. Өлең сапарындағы алғашқы тұсауын республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеті қиған Ә.Дүйсенбиев туындылары 1948 жылдан бастап, респуб­ликалық, облыстық баспасөз бетте­рін­де, атап айтқанда, «Лениншіл жас», «Ком­мунизм туы», «Жетісу», «Оңтүстік Қа­зақстан», «Қазақстан мұғалімі», «Алтай боль­шевигі», «Коммунизм таңы», «Спорт», «Тың өлкесі», «Еңбек туы», «Коммунизм нұры», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қа­зақстан», «Сталиншіл» газеттерінде, «Әдебиет және искусство», «Жұлдыз», «Жалын», «Балдырған», «Мәдениет және тұрмыс», «Білім және еңбек», «Пионер», «Қазақстан әйелдері», «Бастауыш мектеп» журналдарында үздіксіз жарияланып отырды.
Оның өлең өлкесіндегі алғашқы туындыларының бірі аяулы Анаға арналған. Ақын «Ақ мамам» өлеңінде баланың анаға деген шексіз махаббатын, іңкәр сәби сезімін қалтқысыз, таза табиғи қалпында жеткізе білген. Бұл өлең аналар рухын, аналар махаббаты мен ақ сүтінің құдіретін балаға жеткізу жолында туған нағыз сәби-көңіл жыр. Мен деп кірпік қақпаған, Менсіз тыным таппаған. Бақыты үшін балаңның Аман-сау жүр ақ мамам – деген жол­дардан бақытты балғын шақ иесінің ақ көңілден, шын жүректен шыққан пәк тілегін көреміз.Сонымен бірге анаға арнап: «Апатайым-анашым», «Ардақты ана», «Баланың анаға әлдиі» деген өлендері бар. Расында да, баланың жү­регіне жетер жыр­лар жазу үшін балаша ойлау, балаша қабылдау қа­жеттілігі ақи­­қат жай. Бір тақырыпта жазылған төрт өлеңде де анаға деген бала махаббаты түрліше жырланып, жеткізіліп отыр.
Баланың жақсы адам, адал азамат болып қалыптасуы мектепте алған тәрбие мен білімге де байланысты. Мектеп өмірін жырға қосып, әліппені ардақтамаған, ұстаздардың ұлы еңбегін ұлықтамаған ақындар жоқ болар, сірә? Ақынның бұл тақырыптағы шоқтығы биік туындылары – «Мектеп-ана», «Ақылшым – мұғалім», «Әліппе», т.б. өлеңдері. Ақынның отбасы мүшелері мен жақын жандарға арналған жарасымды татулық пен жанашырлықты, бауырмалдық пен туыстықты дәріптейтін «Әже», «Атай» өлеңдері де табысты туындылар. Ата мен әжені сыйлау, ізет көрсетіп қадірлеу, жалпы үлкенге құрмет көрсету – халықтық педагогиканың, ұлттық тәрбиенің ерекшелігі екендігі белгілі.
Кеңестер одағы тұсындағы саяси мәнге ие болған тақырыптарды жырлау сол кезең ақын-жазушыларының шығармашылығына тән еді. Кезінде кеңес өкіметін көркейтіп, коммунистік идеяларды жүзеге асыруға, социализмді қорғауға қажетті идеология көркем әдебиет көтерер жүкке айналғаны тарихтан белгілі. Бұл әсіресе жас өскін ұрпақ тәрбиелеуде басты назарда ұсталып, балаларға арналған шығармаларда көрініс тапты. Ә.Дүйсенбиевтің балаларға арналған өлеңдерінің бірнешеуі осы кезеңдегі міндетті тақырыптар – Компартия және оның көсемдерін жырлауға құрылған. Бұл саяси тақырыптан сол кезең ақындарының ешқайсысы да тыс қалмаған. Яғни, бұл тақырыптарды жырлау – Ә.Дүйсенбиев шығармаларына ғана тән емес. Компартия мен оның көсемдерін Айға, Күнге, Жұлдызға теңеу арқылы ақын балаларды оларды құрметтеуге, қадірлеуге, сүюге тәрбиеледі. Ә. Дүй­сенбиевті «күн көсем» мен комсомол, партия, пионерді жырлаған «Кездесу», «Комсомол атынан», «Қамқоршымыз партия», «Коммунизм көктемі», «Ком­пар­тия», «Пионері Ильичтің», т.б. өлеңдері бар.
Жаны таза, кең жүректі Ә.Дүйсенбиев күнделікті балалар арасындағы достықтан бастап, әлеуметтік салмағы зор халықтар достығын бала ұғымына жұғымды, сіңімді, табиғи жеткізе білген. Баланың жас өзгешелігіне үлкен мән берген ақын өз өміріндегі балғын сәбиге де, мектептегі балдырғанға да, жасөспірім жеткіншекке де «айнымас дос», «жақын жолдас» тауып береді. Оның «Біз өмірдің гүліміз», «Ағайын­быз бәріміз», «Менікі де, сенікі де, оныкі де – біздікі», «Жаңбырдан соң» сияқты өлеңдері осы сипатта.
Әнуарбек Дүйсенбиевтің бірқатар туын­дылары өміртанытушылық қызмет атқарады. Жас бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, тағылым берер, дүниетанымын өсірер «Балдақты адам», «Юрий Гагарин», «Ер Тө­леген», «Жеңіс туы» секілді өлеңдері белгілі адамдар мен тарихи оқиғалар туралы жырлайды.
«Сен, құрметте оны» өлеңімен мазмұндас келетін бұл шығармасында ақынның өзіндік қолтаңбасы айқын көрінеді. «Арба айдаған қарт пен бала жөніндегі хикая», «Ең бағалы сыйлық», «Ақылды балақай», «Жолда», «Жігіт боп келесің», «Аула сыпырушы», «Сүт тасушы», «Нан сатушы», «Поштабай», «Дәрігер», «Мен кіммін?», «Жақсы адам», «Қыста», «Қарғалар», «Мен азамат», «Кім ерте тұ­рады?» сияқты ақынның көптеген өлеңдері еңбек тәрбиесіне баулуды көздеп жазылған. Ә.Дүйсенбиев шығармаларының түп-төркініне тереңірек үңілсек, ақынның мейлінше еліктегіш, албырт жастағы балдырған оқушыларына «сен осындай бол» деп айтпай-ақ ақыл айтатын, үйретпей-ақ үйрететін, талап етпей-ақ талап ететінін аңғарамыз.
Бүгінде оқулықта, орта мектептерде оқушылардың тәрбие сағаттарында, балабақ­шада бүлдіршіндердің таңертеңгілігінде Дүйсенбиев дүниелері асқақ үнмен оқылып, әндері шырқалуда. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі де осы болса керек. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, өлмес өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет