Балалар фольклорының зерттелуі Балалар фольклорын зерттеуші ғалымдар



бет3/10
Дата25.05.2023
өлшемі232,19 Kb.
#97095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Атақты ғалым А.Байтұрсынов мəдени мұрамыздың құнды қазыналарын бір жүйеге келтіріп ғылыми тұрғыда негіздеген. Оның ертегілері, мақалмəтелдері, өсиет сөздері, қиссадастандары бүгінгі жас өспірімдерді педагогика негізінде тəрбиелеуде аса құнды. А.Байтұрсынов өз еңбектерінде «өтірік өлең», «жұмбақ», «жаңылтпаш», «тақпақ», «бесік жыры» тəрізді жанрларының мəнін түсіндіріп, эстетикалық тəрбие саласына да ерекше тоқталды. Сол сияқты атақты ғалымдардың біразы атап айтсақ ( С.Сейфуллин, Ш.Ахметов, Қ.Матыжанов т.б.) сынды ғалымдар қазақ балалар фольклорын арнайы зерттеу оъектісіне айналдырып жан-жақты қарастырып зерттеген. Сол қазақ балалар фольклоры зерттеулеріне ғылыми тұрғыда зерттеп талдау жасаған, өзіндік табиғатын тұтас құбылыс ретінде саралаған тұңғыш тəжірбие жасаған Қ.Матыжанов. Ғалым өз еңбегінде: «Ең алдымен балаларға арналған халық шығармалары- балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен , логикалық жүйелілігімен , тілінің нəрлілігімен, музыкалық сазымен, өнегелі мазмұнымен, жеңіл формасымен, балалардың рухани азығына айналған бағалы тəрбие құралы»,-деп фольклордың жас жеткіншектер тəрбиесіндегі құндылығын анық көрсетеді. Балар әдебиетін зерттеушілердің бірі Ш. Ыбыраев балалар фольклоры туралы “Ақ сандық,көк сандық” атты жинақ құрастырды. Бұл жинақтың мазмұны бесік жыры,тақпақтар мен жұмбақтар,ойын өлеңдер.

Ауыз әдебиетте балалар фольклорына арналған жеке кітаптар 19 ғасырдан бастап жарыққа шықты. Яғни, төңкерістен бұрын жарық көрген Ә.Диваев,С.Көбеев, Кеңес дәірінде шыққан С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, О. Тұрманжанов, Б.Ерзакович. С.Касиманов, Б.Уахатов сияқты зерттеушілер мен жаушылардың еңбектері жарыққа шықты. Сондай-ақ “Балаларға тарту”, “Ауылдағы жастар,жас ұландар үшін ойын,өлең,мысалдар”, “ Бөбек жыры”, “ Қазақ совет халық әндері” т.б. жинақтар “ Сана” журналында жарық көрді. Соңғы кездері ертегілер, ауызша әңгімелердің үлгілері жекелеп яки тұтас жинақ болып та жарияланып жүр. “Қаңбақ шал”, “Алтын саұа”, “Бозінген”, “Өлген қазан” сияқты кітаптарда қиял-ғажайыпқа жетелейді Ал, “Тілашар”, “Қуырмаш” деп аталатын жинақтар сал-дәстүрді дәріптейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет