Балалар фольклорының зерттелуі Балалар фольклорын зерттеуші ғалымдар



бет10/10
Дата25.05.2023
өлшемі232,19 Kb.
#97095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
БАӨЖ1

Санамақтар(считалки). Санамақтар балалар ойындарын бастауда басты рөл атқарады. Бұл жанрдың тәлімдік мәні өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырады. Жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Санамақтар көп жағдайда «сен тұр, сен шық», «сен кір, сен шық» деген тәрізді белгілі тіркестермен аяқталады. Драмалық (рольді) ойындар. Ойын(«Айгөлек», «Ақсүйек», «Ақ серек, көк серек», «Үй артында қол ағаш», «Соқыр теке», «Асау мәстек» т.б. ) өлеңдерінің шартты белгісі – олардың орындалуының ойындық шартты әрекеттермен міндетті түрде қабысып келуінде. Өлең ойындар(песни-игры). Бұл топтағы жырлардың қимыл-қозғалыс ойындарымен байланысы жоқ. Ойын сөзге, өлеңге негізделіп құрылады. Балалар диалог арқылы сөз қақтығысына, ой жарысына түседі. Сөзбен ойнай жүріп тілдерін сындырып, қиялдарын ұштайды, білім-біліктерін байытады, түрлі дағдылар қалыптастырылады. Өлеңді сөз бен ойды ермек етуге негізделген бұл өлең-ойындардың құрамына мынадай жанрлық түрлерді топтастыруға болады: тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақтар, балалар айтысы.

  • Санамақтар(считалки). Санамақтар балалар ойындарын бастауда басты рөл атқарады. Бұл жанрдың тәлімдік мәні өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырады. Жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Санамақтар көп жағдайда «сен тұр, сен шық», «сен кір, сен шық» деген тәрізді белгілі тіркестермен аяқталады. Драмалық (рольді) ойындар. Ойын(«Айгөлек», «Ақсүйек», «Ақ серек, көк серек», «Үй артында қол ағаш», «Соқыр теке», «Асау мәстек» т.б. ) өлеңдерінің шартты белгісі – олардың орындалуының ойындық шартты әрекеттермен міндетті түрде қабысып келуінде. Өлең ойындар(песни-игры). Бұл топтағы жырлардың қимыл-қозғалыс ойындарымен байланысы жоқ. Ойын сөзге, өлеңге негізделіп құрылады. Балалар диалог арқылы сөз қақтығысына, ой жарысына түседі. Сөзбен ойнай жүріп тілдерін сындырып, қиялдарын ұштайды, білім-біліктерін байытады, түрлі дағдылар қалыптастырылады. Өлеңді сөз бен ойды ермек етуге негізделген бұл өлең-ойындардың құрамына мынадай жанрлық түрлерді топтастыруға болады: тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақтар, балалар айтысы.
  • Тәжікелесу(поддевки). Тәжікелесу – балалардың күнделікті тірлігінде кең тараған ермек өлеңдердің бір түрі. Олардың көлемі әр түрлі, көбінесе, ұйқастырылған тақпақ түрінде келеді. Мазмұнында балалардың бір-бірін келекелеп, қағытқан әзілі жатады. Тәжікелесулердің жасанды диалогқа негізделген тәжікелесулер(«-қасық деші – қасық – аузың сасық, -жәшік деші –жәшік –сенің әкең піркәшік» т.б. ), табиғи диалогқа негізделген тәжікелесулер («-немене – тегене -төмен қарай дөңгеле», «-мынау қандай ағаш? –қайың –сыбағаң дайын» т.б.), тәжіке-жұмбақтар(«-белі бүкір алысқа түкір –мылтық –аузыңа жүн тық, -даусы тырау-тырау, денесі қырау-сұрау – тырна –бас салып тырна»), тәжіке-сауалдар(-ақ па, қара ма? -ақ –бетіңе батпақ жақ –қара-басыңа шықсын жара –ат па, айғыр ма? Ат – арам қат – айғыр – міне алмай қайғыр), алдамшы тәжікелесулер(-ананы қарашы –қараттым, қараттым, қарғаның саңғырығын жалаттым, -алдадым, алдадым, қара суды жалдадым) деген түрлері бар. Тәжікелесудің сөздің мағынасын бұра сөйлеуге құрылған дәстүрлі формалары да бар.

ППППП

1.Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті. Қызылорда, 1932ж., 270 б.

2. Матыжанов Қ. Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы. Пед.ғыл.кан.дисс.,

Алматы, 1974ж.,176 б.

3. Нұрмұхаметова Р. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы

эстетикалық тəрбие беру. Пед.ғыл.кан.дисс.,

Алматы,2003 ж.,28,94 б.

4. Кəкішов Т. Қазақ əдебиетінің сынының тарихы. Алматы, 1994 ж.,448 б.

5. Қаратаев М. Əдебиет жəне эстетика. Алматы, 1970ж.,352 б.

6. Молдағалиев Т. Таңдамалылар. 3 т., Алматы, 1990ж.,432 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет