Балалар фольклорының зерттелуі Балалар фольклорын зерттеуші ғалымдар



бет4/10
Дата25.05.2023
өлшемі232,19 Kb.
#97095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
БАӨЖ1

Ауыз әдебиетте балалар фольклорына арналған жеке кітаптар 19 ғасырдан бастап жарыққа шықты. Яғни, төңкерістен бұрын жарық көрген Ә.Диваев,С.Көбеев, Кеңес дәірінде шыққан С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, О. Тұрманжанов, Б.Ерзакович. С.Касиманов, Б.Уахатов сияқты зерттеушілер мен жаушылардың еңбектері жарыққа шықты. Сондай-ақ “Балаларға тарту”, “Ауылдағы жастар,жас ұландар үшін ойын,өлең,мысалдар”, “ Бөбек жыры”, “ Қазақ совет халық әндері” т.б. жинақтар “ Сана” журналында жарық көрді. Соңғы кездері ертегілер, ауызша әңгімелердің үлгілері жекелеп яки тұтас жинақ болып та жарияланып жүр. “Қаңбақ шал”, “Алтын саұа”, “Бозінген”, “Өлген қазан” сияқты кітаптарда қиял-ғажайыпқа жетелейді Ал, “Тілашар”, “Қуырмаш” деп аталатын жинақтар сал-дәстүрді дәріптейді.

Балалар фольклорының арнайы сада болып бөлінуі-оның өзіне тән көптеген ерекшеліктерінің болуы, Ол шартты түрде еліктеу емес, өмірде шын негізгі ерекшеліктерінің болуында. Соңғы кезеңдерде осы әдебиетке баса назар аударған ғалымның бірі- Б.Уақатов. Оның “Қазақтың халық өлеңдері” атты монографиясы жарық көрді

Халық ертегілері əрқашанда жастарды тəрбиелеудің тамаша құралы болып, əділдік жолына бас байлатып, зұлымдықтан жирентеді»,-деп жазушы Т.Кəкішов өзінің «Қазақ əдебиеті сынының тарихы» атты еңбегінде ауыз əдебиетінің болашақ ұрпаққа эстетикалық тəрбие берудегі маңызына тоқталса, М.Қаратаев «Əдебиет жəне эстетика» деген еңбегінде: «Адамның эстетикалық мəдениеті оның жалпы мəдениеттілігінің жарқын бір көрсеткіші. Бұл деген өскен ортаға, айналадағы ортаға, білімге, тəрбиеге, қызметке сол сияқты басқа да факторларға əсер ететін қасиет. Адамның асыл, нəзік қасиеттерінің бірі- эстетикалық сезімді оятып өсіретін, эстетикалық талғам мен көзқарасты қалыптастырып, кісінің эстетикалық мəдениетін дамытатын , жетілдіретін факторлардың ішінде ең үлкен орын алатын, шешуші роль атқаратын əдебиет пен өнер екенінде дау жоқ»,- деп əдебиеттің эстетикалық тəрбиелік мəнін ашып береді. Нақтылай келгенде балаларды фольклор жанрларымен таныстыру, тыңдағанын қайта əңгімелеп беруге, мақал-мəтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды мəнерлеп айтуға үйрету мен сөздік шығармашылықтың бастапқы формаларын дамытуға эстетикалық тəрбие мүмкіндіктерін шешуге көмектеседі. Демек, қазақ балалар фольклорыұлттық мəдениеттің ұдайы дамуы мен жаңаруының негізі. Ол-өмір сүрудің мəні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын, болмысын, дүниетанымын айқындайтын өшпес мұра. Бұл орайда, «Аяз би ертегісіндегі» ақылы мол Аяз биді, «Ер Төстік» ертегісіндегі өзінің ақылды, білгірлік ісімен айнымас дос, Кенжекейді мысалға келтіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет