Мәпелеу жырлары(пестушки). Мәпелеу жырлары халықтың баланы бағып-қағуға байланысты өмірлік тәжірибесінен туындаған. Сәби денесінің дұрыс жетілуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатынан баланың аяқ-қолын созып, әр түрлі жаттығулар жасату – практикалық қажеттілік. Анасы бала құлағына жағымды сөзбен жаттығу әрекеттерін сүйемелдей өлеңдетеді. Өлеңнің ұйқасы мен ырғағы, көркемдік құрылысы дене жаттығуларын сүйемелдеуге ыңғайланған, сол әрекеттермен үндес шығып отырады. Мазмұны балаға жақсы тілектер тілеу сипатында болып келеді. Мәпелеу жырларына «Өс, өс, балам», «Сыламақ менен», «Ақ білек» және т.б. жатады

Уату-алдарқату жырлары(потешки). Уату-алдарқату жырларының әрқайсысының(«Қуырмаш», «Бөпем менің қайда екен?», «Бір дегенім білеу…» т.б.) мазмұнынан халық тұрмысының өзіндік ерекшеліктері танылады. Уату жырларының міндеті – тынышсызданған баланы алдандырып, сергітіп, көңілін басқа жаққа аудару. Уату-алдарқату жырлары – бала көңілін аулайтын ермек қана емес, үлкен тәрбие құралы. Сондай-ақ, саусақтарды ретімен жұмып, ретімен ашу да бала ұғымын жүйелілікке тәрбиелейді.

Жеткіншектер поэзиясы. Маусымдық жырлар. Қазақ балаларының маусымдық жырларын көктем мен жаз, күз бен қыс өлеңдері деп екіге бөлген жөн. Алғаш күн күркірегенде, алғаш жыл құсы келгенде, алғаш бие байлап, қымыз ашытқанда түрлі ырымдар жасалады. Міне, осындай көктем, жаз, күз, қыс құбылыстары балалар өлеңдерінен өз орнын тапқан. Көктем мен жазға арналған өлеңдер(«Жыл құсын көргенде», «Самалық, самалық», «Жазда» т.б.)қуанышты көңіл-күй әуендерімен ерекшеленсе, күз бен қыс туралы өлеңдерде(«Күзде», «Қыста» т.б.) сүреңсіз суық күндер, ауылдың сұрқай тіршілігі басым бейнеленеді. Арнау-тілек өлеңдері(заклички, приговорки). Арнау-тілек өлеңдерінің ішкі мазмұнына үңілсек, күнге, айға, табиғат құбылыстарына арналған жырлардан(«Айға»,«Күн шыққанда», «Жаңбыр жауғанда» т.б.) жалбарынудың, өтіне сұранудың нышанын байқаймыз. Ал жан-жануарларға арналған жырларда(«Балыққа», «Құртқа» т.б.) өтініштен гөрі бұйыра айту сарыны басымдау.