Халық ертегілері əрқашанда жастарды тəрбиелеудің тамаша құралы болып, əділдік жолына бас байлатып, зұлымдықтан жирентеді»,-деп жазушы Т.Кəкішов өзінің «Қазақ əдебиеті сынының тарихы» атты еңбегінде ауыз əдебиетінің болашақ ұрпаққа эстетикалық тəрбие берудегі маңызына тоқталса, М.Қаратаев «Əдебиет жəне эстетика» деген еңбегінде: «Адамның эстетикалық мəдениеті оның жалпы мəдениеттілігінің жарқын бір көрсеткіші. Бұл деген өскен ортаға, айналадағы ортаға, білімге, тəрбиеге, қызметке сол сияқты басқа да факторларға əсер ететін қасиет. Адамның асыл, нəзік қасиеттерінің бірі- эстетикалық сезімді оятып өсіретін, эстетикалық талғам мен көзқарасты қалыптастырып, кісінің эстетикалық мəдениетін дамытатын , жетілдіретін факторлардың ішінде ең үлкен орын алатын, шешуші роль атқаратын əдебиет пен өнер екенінде дау жоқ»,- деп əдебиеттің эстетикалық тəрбиелік мəнін ашып береді. Нақтылай келгенде балаларды фольклор жанрларымен таныстыру, тыңдағанын қайта əңгімелеп беруге, мақал-мəтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды мəнерлеп айтуға үйрету мен сөздік шығармашылықтың бастапқы формаларын дамытуға эстетикалық тəрбие мүмкіндіктерін шешуге көмектеседі. Демек, қазақ балалар фольклорыұлттық мəдениеттің ұдайы дамуы мен жаңаруының негізі. Ол-өмір сүрудің мəні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын, болмысын, дүниетанымын айқындайтын өшпес мұра. Бұл орайда, «Аяз би ертегісіндегі» ақылы мол Аяз биді, «Ер Төстік» ертегісіндегі өзінің ақылды, білгірлік ісімен айнымас дос, Кенжекейді мысалға келтіруге болады.
Яғни халық ауыз əдебиеті жанрларын тəрбие құралы ретінде пайдаланып балаларды ақылдылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке баулап жауыздық пен күресіп жеңе білуді уағыздаған, əділдікті үйреткен. Тіліне, дініне берік болып, ұлттық мəдениетті көтеруге жетелеген. «Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық , жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары»,-деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының жастар тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсетеді. Егемендігімізді алғаннан кейін 1992 жылы баланың жеке тұлғасын, халқымыздың асыл мұрасы қазақ фольклорын, дəстүрін құрметтеу, елін-жерін сүю, адамгершілік жəне эстетикалық сезім əрекеттерін бекіту мақсатында тұжырымдама жасалды.