«Балалар психологиясы» пәнінің дәріс материалдары


Тақырыптың аталуы: Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар



бет27/96
Дата31.12.2021
өлшемі213,44 Kb.
#23359
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96
Тақырыптың аталуы: Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар.

Дәріс жоспары:

1. Л.С.Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері теориялары

2. Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы

3. Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.

Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарысқалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:

- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас);

- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):

- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас):

- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас);

- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)

- 17 жас дағдарысы.

Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек. Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне байланысты. Сондықтан әр жас шамасында балалық шақ кезеңі әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.

Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Іс-әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекеттермен қамтылған. А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.

Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды.

0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);

2) тамақтану (сору, жұту);

3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);

4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);

5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).

Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл тамақтандыруға деген рефлекс.

Танымдық дүниенің дамуы.Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3-ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы.Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет