Мұрын қуысының шырышты қабықшасының құрылысы (схема) Мұрын қуысының респираторлық бөлімінің эпителийі Нейросенсорлы жасушалар
Көмей
Жаңа туған нәрестелердің көмейі қысқа, кең, құйғыш тәрізді, ұзындығы 1,53 см-ге дейін, ересектерге қарағанда жоғары орналасады (ІІ-ІV омыртқа деңгейінде). 13-14 жасқа қарай тқмен орналасып, ересектермен бірдей болады. Көмейдің жоғары орналасуына байланысты жаңа туған және емулі нәрестелердің көмейүсті тіл түбірінен жоғары орналасады, сондықтан жұтыну кезінде тағам сұйықтығы көмейүстінің жанынан өтеді,. Нәтижесінде бала ему кезінде, бір уақытта жұта да, тыныс алада алады.
Көмей
кіреберісі жаңа туған нәрестелерде ересекертге қарағанда кең. Кіреберісі қысқы, сондықтан дыбыс саңылауы жоғары орналасқан. Оның ұзындығы 6,5 мм(ересектерген қарағанда 3 есе қысқа). Дыбыс саңылауы сәбидің алғашқы 3 жасында және жыныстық жетілу кезеңінде кеңейеді. Көмей бұлшықеттері жаңа туған және балаларда нашар дамыған.
Көмей
Көмей сәбидің алғашқы 4 жасында тез өседі. Жыныстық жетілу кезінде (10-12 жастан кейін) қайтадан тез өсуі басталады, ол ерлерде 25 жасқа дейін, ал әйелдерде 22-23 жасқа дейін жалғасады. Көмей ересектер деңгейіне 17-20 жасқа қарай төмен түседі. Көмейдің жыныстық айырмашылықтары ерте кезде байқалмайды , тек өсу кезінде ер балаларда қыз балалаға қарағанда тез өседі де, 6-7 жастан кейін ер балалардікі ірілеу келеді, 10-12 жаста ер балаларда көмей шығыңқысы аның байқалалды(Адам алмасы). Көмей шеміршектері жаңа туған нәрестедерде жұқа, жас ұлғайған сайын қалыңдайды, бірақ созылғыштығын ұзақ сақтайды. Жасы ұлғайған адамдарда көмей шеміршектерінде, көмейүстінен басқасы, кальций тұздары жиналады. Шеміршектер сүйектеніп, сынғыш келеді.
Кеңірдек
Жаңа туған нәрестелердің кеңірдегінің ұзындығы 50 мм-ге дейін, конус тәрізді, орта сызықтан оңға қарай, IV мойын омыртқасынан III-IV кеуде омыртқасына дейін орналасады, 13 жасқа қарай IV кеуде омыртқасының төменгі жиегіне дейін жетеді. Кеңірдек кіреберісі тұрақсыз, жаңа туған нәрестелерде жазықтанған, кейінірек көлденең-домалақ, ересектерде дөңгелек пішінді. Жаңа туған нәрестелерде шеміршексіз артқы қабырғасы ересектерге қарағанда көп бөлігін алып жатады. Туылғаннан кейін кеңірдек алғашқы 6 айларда тез өседі, кейін өсуі баяулайды да, жыныстық жетілу кезінде қайтадан өсуі жүреді(12-22 жастарда). 3-4 жасқа қарай кеңірдек кіреберісі екі есе ұлғаяды. Бала кеңірдегі 10-12 жаста жаңа туған нәрестелерге қарағанда 2 есе ұзарады, ал 20-25 жасқа қарай 3 есе ұзарады.