Жасы келген адамдарда сегменттік бронхтардың ұзындығы мен диаметрі кішірейеді, кейде қабырғаларының қабысуы байқалады. Қорыта келгенде жаңа туған нәрестелердің бронхиальды ағашының фуенкциональды ерекшелігі дренажды, тазалау қызметін толық атқара алмауы болып табылады.
Өкпе
Өкпе
Туылған сәтте үлес, сегмент сандары ересектермен сәйкес келеді. Туылмаған сәтте өкпе альвеолалары ұйқы жағдайында, қабырғасы қалың, куб тәрізді немесе төмен бағаналы эпителиймен қапталған, тіндік және аминиотикалық сұйықтықпен араласып толған күйде болады. Алғашқы дем алғанда немесе шыңғырғанда альвеолалар кеңейіп, ауамен толып, альвеола қабырғасы созылып – эпителий жазықтанады. Өлі туылған нәрестелерде альвеолалар ұйқы жағдайында қалады(микроскоппен қарағанда эпителийі бірқабатты куб немесе төмен бағаналы жасушалы, егер өкпе бөлігін суға салса - батады).
Тыныс алу жүйесінің кейінгі дамуы саны мен көлемінің ұлғаюымен, ауа өткізу жолдарының ұзаруымен жүреді. 8 жасқа қарай өкпе көлемі – 8 есе, 12 жасқа қарай – 10 есе үлкейеді. 12 жастан бастап өкпенің сыртқы және ішкі құрылысы ересектерге ұқсас келеді, бірақ тыныс алу жүйесінің жай дамуы 20-24 жасқа дейін жалғасады. 25-40 жас шамасында өкпе ацинустары өзгермейді деуге болады. 40 жастан асқан соң өкпе тінінің біртіндеп қартаюы жүреді.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3,

Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде — 25 см3, 1 жаста — 80 см3-ге дейін артады, 2 жаста — 140 см3, ересек адамда — 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде — 53 см3, 1 жаста — 210 см3, 13 жаста — 707 см3, 20-25 жаста — 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде — 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада — 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3, яғни 8 есе артық.