Астениялық синдром.
Мұнда қатты психикалық зорығу және жиі организм-нің әлсіреуі болады. Ауру адамның ойлау қабілеті тө-мендеп не жоғалып, назары на.шарлайды. Олардың ке-ңіл-күйі темен, енжар, айналадағыға селқос не ашулан-шақ, жылауық болады. Мұндай жағдай әр түрлі пси-хикалық және соматикалық аурудан кейін дамиды.
Психопатия тәрізді синдромдар — аурулардың мінез-құлқы езгереді, тәртібі нашарлайды.
Психопатологиялық синдромдар арасында ерекше орынды ақылдың кемістігі алады. Ақылдың кемістігінін негатйвті табиғаты бар. Бұл бір аурудың қортындысы ретінде бірте-бірте дамиды. Әуелгі кезде ол аз білінеді. Бірақ, ауру нашар емделсе не белгілері әбден анықта-маса ақылдың кемістігі бірінші орынға шығады. Бұл жағдайда позитивті психопатологиялық деп аталатын белгілер нашар білінеді. Мысалы, елестеушіліктер азай-ып, сандырақ ыдырап, маниакальды жағдайлар мен деп-рессия бір сарынды, солғын болып, ал ақылдың кемісті-гі күшейеді. Басқаша айтқанда негативті симптомдар біліне бастайды.
Ақылдың кемістігі психика нашар дамығандықтан туа пайда болады және психикалық аурулардың нәти-жесінен болады.
Туа пайда болған (олигофрениялық) ақылдың кеміс-тігінде жалпы психика жетілмейді. Бұл ауру адамның абстракты ойлауының жоқтығынан, сөз запасының аз болуынан және нашар сөйлеуінен, есінің нашар болған-дығынан, білімі аздығынан, эмоцияларының кедейлігі-нен білінеді.
Жүре пайда болған ақылдың кемістігі ^ (деменция) аурулардан кейін, мидың органикалық тұргіайы зақым-дануынан болады. Онда адамның барлық жекелік ерек-шеліктері жоғалып, есі төмендеп, ауру адам өзі шамасыз екенін сезінеді.
Аурудың түріне қарай ақылдың кемістігі органика-л.ық (қан тамырлары зақымданғанда, жарақаттан кей-ін), шизофрениялық, қояншық ауруы және т. б. болып бөлінеді.
8-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |