Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет15/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Апатиялық синдром

Бұл селқостықтың, дәрменсіздіктің әлсіздіктің, қо-


сындысы. Органикалық ауруларда, шизофренияда кез-


деседі. .

Кататониялық синдромдар.

Кататониялық қозу және кататониялық ступор ретін-де білінеді. Кататониялық қозуда мағынасыз, бағыттал-маған сөз және жалпы қозғалыс қозуы орын алады. Ауру адамның сәзі үзілді-кесілді мағынасыз болады. Бір сез бен сөйлемді қайталай береді. Мұны вербиге-рация дейді. Айналадағылардың айтқанын қайталай бе-реді (эхолалия). Айналадағылардың сөзін ғана емес, әрекетін де қайталайды (эхопраксия). Аурудың қозға-лыстары күтпеген жерден, ырықсыз, боямалы, қитұрқы-лы (вычурные движения) болады. Ауру адам көбіне бә-рін керісінше жасайды. Мұны негативизм дейді. Мағы-насыз қозу, қиқаңдау, бет-әлпетін өзгерту орын алады. Ауру адамдар ырықсыз, кенеттен төсектен атып тұрып, қаша женеледі, киімдерін шешіп, қолына түскенінің бә-рін сындыра бастайды. Олар әр турлі китұрқылы қимыл-дар жасап түкіріп, нәжісін өзіне жағады, тағамдарды шашып, басқалардың көзінше өзінің жыныс мүшесін қоздыра бастайды.



Кататониялық ступор қозудаң кейін не ауырудың басында пайда болады. Мұндай жағдайда ауру адам үндемейді (мутизм), қозғалмайды, бүлшықеттердің то-нусы жоғары болады. Сұрақтарға жауап бермейді, ай-наладағыларға және езінің жағдайына көңіл аудармай-ды. Олар суыққа, ыстыққа, сулы төсекке, қарыны ашг қанға, ауырғанға, қауіпті жағдайға (өрт, жер сілкіну, бомбаның жарылуы) кеніл аудармайды. Ауру ұзақ уа-қыт бір позада болып, барлық бұлшықеттері тартыла-ды.

Балауыз иімділікті ступор. Ауру адамдар үндемей, аз қозғалып, ұзақ уақыт берілген позаны сақтайды. Мы-салы, жатқан аурудың басын кетерсе, қол-аяғын ыңғай-сыз жатқызса, ол ұзақ уақыт осы позада болады. Сағат-тап, тәуліктеп шалқасынан жатқан ауру адамның басы жастықтан кетеріңкі тұрады. Бұл ауа жастығының бел-гісі.

Негативистік ступор — бұл толығынан қозғалмау, позасын езгертуге арналған әрекетке ауру адам қарсы-лық жасайды, бұлшықеттер күрт тартылады. Аурудың аузын қараған кезде аузын қатты жабады, пульсін са-нағанда қолы күрт тартылады. Кейде ауру адам құр-сакта жатқандай бүгіліп, аяғы ішіне, иегі кеудесіне тар-тылып, ерні салбырайды.

Қататониялық синдром люцидті және онейроидты бо-лып бөлінеді.



Люцидті кататониялық синдромда — ауру адамның есі дұрыс (санасы бұзылмайды), айналадағыны түгел-дей қабылдап, артынан барлық оқиғаларды тұп-тура есіне түсіреді.

Онейроидты кататониялар 'кезінде онейроидты ой алжасуы болады. Бұл кезең өткеннен соң ауру өзінің онейроидты қорқыныштарын түгелдей айтып береді.' Шын оқиғалар есте сақталмайды.

Кататониялық синдром шизофренияда жиі кездеседі.

Корсаков синдромдары (Әуелгі жазған С. С. Кор-саков).

Басқаша бұл белгі амнестикалық деп аталады. Мұн-да бұрынғы оқиғалар есте сақталып, кейінгі оқиғалар естен шығады. Ауру адам қайда екенін, айналадағы-лардың кім екенін. білмейді. Тамақты ішіп алып, ішкен жоқпын дейді. Бұрынғы оқиғаларды, арасында көп жыл өтсе де түгелімен есінде сақтайды. Мысалы, 30 жыл бұ-рын көрген түсін айтып береді.

Жақьшда болған жағдайды ұмытып, оның орнына болмаған оқиғаларды айтады. Мұны конфабуляция дей-ді. Мысалы, кеше қайда болдыңыз деген сүраққа қыс-тақта болдым, шөп шаптым дейді. Шынында ол кеше ауруханада еді. Корсаков синдромы маскүнемдікте, уланғанда, ми-дың органикалық ауруларында (тамырлар ауырғанда, ісіктерде) кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет