Сандырақтың эр түрлі синдромдары.
Парнойяльды синдром. Бұған елестеушілігі жок, тү-сіндірме ретінде құралған жүйелі сандырақ белгілері жатады. Парнойяльды сандырақ кезінде ауру адамдар-дың әңгімесі жүйелі болады, бірақ деректі фактілер басқаша түсіндіріледі. Мұнда сезімнің бұзылуы, жалған және нақтылы елестеушіліктер, психцкалық автоматизм-дер болмайды. Маңызы бойынша мұндағы сандырақтар қудалау, қызғану, жаңалық ашу түрінде болады.
Параноидтік синдром не Кандинский — Клерамбо сйндромы. Мұнда сандырақтың жүйеленуі паранойяль-ды сандырағындай айқын болмайды. Сандырақ бейнелі болып, сезіну процестері бұзылады. Есту елестеушілігі жиіленіп, негізінен Кандинский мен Қлерамбо жазған жалған елестеушілік пен психикалық автоматизмдер орын алады. Сандырақ ойлардан әсіресе әрекет пен ку-далау сандырағы болады.
Психикалық автоматизм құбылысы ассоциативті, қоз-ғалыс және сеііестопатикалық автоматиздерден кұра-лады.
Ассоциативті автоматизм — күшпен туатын, еріксіз пайда болатын ойлар. Бөтен, қолдан жасалған, күшпен енгізілген ойлар. Ауру адам өзінің жасырын ойларын бәрі білетіндей сезінеді. Бұл ашықтық белгі (симтом открытости) деп аталады. Бөтен ойларды енгізу белгі-лері болуы мүмкін. Ауру өзінің не енгізілген ойларды дауыстар ретінде естиді. Бұл ойлардың жаңғырықта-нуы. Жалған қуғыншылар және басқа адамдармен ой арқылы қатынас жасауы мүмкін. Ой арқылы сөйлесіп, пікір таластырады.
Қозғалыс автоматизмі не кинестетикалық автома-тизм. Ауру адамдардың қозғалысы өз еркімен емес, бас-қаның әсерімен болады. Ол өзінің қозғалыстарын басқа біреудің әсерімен байланыстырады. Басының бұрылуы, қолдарының кетерілуі, көздерінің қозғалысы біреудің әсерінен сияқты. Аурудың сөздері де өзінікі емес, басқа-ныкі сияқты болады.
Сенестопатиялық автоматизм. Ауру адамдардың ай-туы бойынша олардың ойлары мен қозғалыстары ғана емес, барлық сезімдері басқалардың әсерімен болады. Олар суық пен күйдіргенді (термикалық сенестопатия), ауырған мен шанышқанды (алгиялық сенестопатия), бір нәрсенің тері астында жыбырлауы (кинестетикалық сенестопатия) сезінеді. Мұның бәрін басқа біреудің әре-кетімен байланыстырады. Кейде аурудың айтуы бойын-ша қуғыншылар олардың дәретке отыруын, жыныстық қозуын тоқтатады. *
Психикалық автоматизм құбылысы әрекет сандыра-ғымен қатарлас болады. Ауру адамдардың айтуы бой-ынша оларға гипноз, электр тогы, ғарыштық сәулелер, атом энергиясы арқылы әсер етуіне байланысты ойлар, сезімдер, қозғалыстар пайда болады. Олардың сенім-дері бойынша аппараттар, теледидар, магнитофон ар-қылы олардың ойлары жазылып, соның әсерінен бір жерді ауыртып, жыныстық қабілетті нашарлатып, бала табу мүмкіндігін жояды. Кейде әрекет сандырағының маңызы ұнамды болады.
Кандинский мен Клерамбо жазған психикалық авто-матизм құбылысы бұл белгіде үлкен орын алғандықтан «параноидты» және «Кандинокий — Клерамбо» түсінік-тері тең, бірдей болып саналады. Бұл белгі жиі шизо-френия ауруында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |