Пиктограмма (профессор А. Р. Лурия ұсынған). Жа-нама түрдегі еске сақтауды тексеру үшін пайдаланыла-тын әдіс. Есте сақтау үшін сайланып алынған сөздер алынады. Тексерілушіге таза қағаз, қарындаш пен нұс-кау беріледі: «Енді сіздің есіңізді басқа әдіспен тексе-реміз. Сіз айтылған сөздер мен сөйлемдерді есте сақта-ңыз. Есте қалдыруға қиын әрбір сөздің орнына сурет салу керек. Бұл сурет сізге есте қалдыруға көмектесуі керек. Әріпті де, сөзді де жазбаңыз». Бұл нұскау бірақ рет керсетіледі. Ауру адамның сұрауы бойынша қайта-ланады.
Үлгі ретінде төмендегі сездер (түсініктер) жиынты-ғын береміз:
1. Көңілді мейрам; 2. Ауыр жұмыс; 3. Дәмді кешкі ас; 4. Ауру; 5. Қайғы; 6. Бақыт; 7. Махаббат; 8. Даму; 9. Айырылу; 10. Алдау; Ц. Жеңіс; 12. Ерлік; 13. Дұшпан-дық; 14. Әділеттік; 15. Қүмән; 16. Достық.
Жылжымалы талдау үшін маңызы бар осы көрсетіл-ген сездердің кезегін сақтау керек. Тексеруден жарты сағат өткен соң тексерілушіден суреттер бойынша сөз-дерді айтып беруді етіну керек.
Пиктограмма әдісі жеке адамның есін ғана емес, оның ойлау, қабылдау, эмоция ерёкшеліктерін анық-тауға қолданылады. Эксперименттік тексерудің алғаш-кы кезінде тексеруші тексерілушінің түсіндірмесін және кысқаша пікірін, тапсырма орындау уақыты мен үзіліс-терін белгілеп отырады. Тексерілуші тапсырманы орын-даған соң, тексеруші оны сұрай отырып, оңай және киындықпен келген түсіндірмелерін белгілейді. Сұрау кезінде тексерілушінің абстракты бейне деңгейі және осы бейненің тексерілуші үшін маңызы анықталады.
Пиктограмма мәліметтерінің сапасы жіктеліп, пик-тограмманың әр бейнесі формальды түрде бағаланады. Әр түрлі типті бейнелердің саны да бағаланады. Пикто-грамманың формальды түрге жатпайтын ерекше сурет-тері белініп алынады (мысалы, психикалық аурулардың суреттері).
Достарыңызбен бөлісу: |