Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері


-лекция. Психикалық ауруларды зерттеу



бет23/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
9-лекция.

Психикалық ауруларды зерттеу.

(1 сағат)
Жоспары:
  1. Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері.


  2. Тәжірибелік психологиялық зерттеу.


3. Түсініктердің топтастырылуы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
  1. Илешева Р.Г. Психические болезни. Казахская ССР. Краткая энциклопедия, Алматы.


  2. Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.





Қосымша:
  1. Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина, 1983.


  2. Сухарева Г.Е. Клинические лекции по психиатриии детского возраста. Т. 1, М., Медгиз, 1955-1965гг.





Лекцияның мәтіні:

Психикалық ауру адамды тексерудің негізгі тәсілі ретінде сол адаммен әңгімелесу және оның жүріс-тұры-сын бақылау қолданылады. Аурумен әңгімелесу белгілі бір жүйеде өткізілуі керек. Әңгіме кезінде онын өмірі және анамнезімен танысып, ол туралы барлык мәлімет ауру тарихына не емханалық картаға жазылады. Ауру-дың өмірін, анамнезін анықтағанда төмендегідей дерек-тер алынады.

Ауру адамның туыстары және оның айналасындағы-лар туралы мәлімет. Ата-анасы мен жақындарынла психикалық аурулар, маскүнемдік, улану, нашақорлық, соматикалык аурулар және олардың мінез-құлқында ауыткулардың бар-жоғын анықтау.

Ауру адамның дамуы туралы. Шешесінің екі қабат кезіндегі жағдайы мен босануы, аурудың бала кезіндегі физикалық және психикалық дамуы, қандай жаста отырды, жүрді, сөйледі, оқыды, бала кезінде және мек-теп жасында қаңдай аурулармен ауырды, закымдануы, улануы, қабілеті, еңбек өмірін қандай мамандықтан бас-тады. Жыныстық және отбасының өмірі, психикалық зақымдануы, соматикалық аурулары (жұқпалы және басқа аурулар). Ми-бассүйек зақымдануы, олардың ауырлық деңгейі, темекі шегу, арақ ішу, уланатын және нашақорлық заттарды пайдалану-пайдаланбауы. Тұр-мыс және материалдық жағдайы, отбасындағы психо-логиялық жағдайы.

Аурудың анамнезімен танысқанда оның алғашқы белгілері, артынан білінген белгілері туралы толық мә-лімет алуға тырысу керек. Ауру адамнан қандай ем қа-былдағанын, оның қалай әсер еткені туралы сұрап, егер ол бұрын ауруханада жатса, қалай емделді, онан соң ауруынан жазылды ма, жұмыс істеп, окуын оқыды ма? Осыларды білу керек. Жазылып шығу мен қайтадан ауруханаға түсу не тексерілуге дейінгі мерзімдегі мәлі-меттерді катамнез дейді. Қатамнездегі мәліметтер ауру-дың барысын, ауру адамның өмірге бейімделуін білу үшін аса құнды.

Психиатриялык тәжірибеде аурудың езінен алынған мәліметтер жеткіліксіз болады. Оның емірі және ауруы туралы жақын туысқандарьшан сұрау керек. Аурудын өзі айтқандары — субъективті анамнез, ал жақындары айтқаны — объективті анамнез болып саналады. Объек-тивті анамнездің мәліметтері субъективті анамнезді то-лықтырады. Бұдан басқа ауруды толық соматикалык тексеруден өткізу керек. Оның ішкі ағзаларын, нерв жүйесін тексеру кажет. Жан-жақты тексерулерді өткізу үшін психиатриялық ауруханаларда негізгі психиатр дәрігерінен басқа кеңесші (консультант) ретінде тера-певт, окулист, стоматолог, құлақ-тамақ дәрігері, невро-патолог, физиотерапевт, сексопатолог, педиатр болады. Ауру адамдарды зерттеуде психолог дәрігерге көп кө-мек көрсетеді. Қерек жағдайларда баска мамандағы дәрігерлер консультацияға шақырылады (жұкпалы, бүйрек, екпе ауруларының дәрігерлері).

Зәр мен қанның жалпы анализі, оларды биохимиялық түрде зерттеу, жұлын сұйығын зерттеу сияқты па-раклиникалық әдістер қолданылады. Бас сүйектің рен-гентографиясын, электроэнцефалограммасын (ЭЭГ) рео-энцефалограммасын (РЭГ), мидыц компьютерлік томо-графиясын, патанатомиялық зерттеулер жүргізіледі.

Ауруханадағы ауру тарихына не емхана картасына өмірлік анамнез мәліметтерінен кейін ауру адамның со-матикалық және неврологиялык жағдайын, лаборато-риялық зерттеулердіц қорытындысын көрсету керек. Аурудың психикалық жағдайын жазуда онымен дәрі-гердің әцгімесі, оның жүріс-тұрысын бақылау орталық орын алады. Ауру адамның психикалық жағдайын пси-хиатриялық арнайы атауларды қолданбай, дәрігер өз сөзімен жазуы керек. Психикалық жағдайды осылай етіп жазу өз мәнін бірнеше жыл жоғалтпайды және объективті түрде болады. Арнайы атаулар қолданылса, оларға түсінік беру керек (мысалы, «елестеушілік» атауы қодданылса, ауру адамныц не еститінін, не көре-тінін жазу керек).

Психикалық жағдайын жазғанда әрбір ауру адамда қандай негізгі бұзылушылық орын алатынын көрсету керек. Оларды зерттегенде ештеңе сырттай қалмау үшін жұмысты белгілі бір жүйемен жүргізген жөн.

Ауру адаммен кездескенде оның сыртқы пішініне, қозғалуына, жүріс-тұрысына, санасыныц анық, анық еместігіне көңіл аудару қажет. Аурудың жағдайын то-лығырақ білу үшін сұрақтар қойылады, уақытты (қай күн, ай, маусым), тұрған жерін, айналадағылар кім, өзі-нің кім екенін (фамилиясы мен аты, неше жаста) сұрау қажет.

Ауру адамның эмоциональдық жағдайын оның сырт-қы пішінінен, көзқарасынан, позасынан, қозғалысынан білуге болады. Егер оныц кеціл-күйі төмен болса, беті қайғыны, зарығуды керсетеді. Қабақтары жабыңқы, мацдайында ұзын әжім, ауыз бұрыштары салбыраған болады. Ауру өзініц көціл-күйініц нашар екенін айтпай, жасыруы мүмкін. Мұндай жағдайда ауруды бақылау-дың маңызы зор. Егер оның көңіл-күйі көтеріңкі болса, ол күліп, көп сөйлейді. Көціл-күйі нашар болған ауру адаммен сөйлесу өте қиын. Ол жай, ақырын сөйлейді.

Сезім мен қабылдаудыц бұзылуын білу оңайға түс-пейді. Ауру адам тың тыңдайды, қарайды, тамақты иіс-кейді, өзінен бірдеңені лақтырғандай болады. Ыңғайын тауып сұрасацыз ол көргенін, қандай иісті сезетінін, де-несінде не сезетінін айтады. Ойлаудыц бұзылуы — кейде бірден, бақылаудың ба-сында білінеді. Бұл бұзылудыц белгісі сөйлеудің жыл-дамдауы не босеңдеуі. Ойлауы қисынсыз болғанда ауру адамныц сөйлегенін түсіну мүмкін емес. Оның сейлемі байланыссыз, жекеленген сөздерден құралады. Ауру жа-бысқақ құбылыстар туралы айтып, олардың аурумен байланысты екенін түсінеді. Егер ауру адамның ізге түсу ойлары болса (қарым-қатынас, қызғану, әрекет жасау сияқты сандырақ ойлар), оны анықтау оңайға түспейді. Себебі ол ондай ойларын жасырады. Сол се-бептен ауру адамның жүріс-тұрысын бақылаудың, мән-жайын шебер түрде сұраудыц маңызы зор. Ауруда маз-мұны депрессивті сандырақ ойлар болса (өзін-езі жоққа шығару, кінәлау сандырағы, ипохоцдриялық сандырақ), ол өз ойын бірден айтпайды. Мүндай жағдайда ауру адамныц жүріс-тұрысын, ас пен дәрі қабылдауын бақы-лаған жен. Қейбір жағдайда ауру адамдар тамақ пен дәрі қабылдаудан бас тартады. Ұлылық, байлык санды-рағы болған ауру адамдарды тануда қиындық болмай-ды, себебі олар өз байлығы мен ұлылығы туралы қинал-май айтады және олардың көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Назар, ес, ойлау, интеллекті зерттегенде психология тәсілдері қолданылады.

Аурудың жеке басыныц мінез-құлқының, темпера-ментінің ерекшеліктері туралы біз оның әмірбаянынан, анамнез мәліметтерінен жанама түрде білуімізге бола-ды. Жеке адамның ерекшеліктерін психологтар арнайы психологиялық тәсілдер арқылы зерттейді. Психология-лық тексерулердің мәліметтерін психиатр-дәрігер ауру-дыц диагнозын қоюда пайдаланады.

Клиникалық-психологиялық зерттеулерде аурудыц күнделігіне жазылған езін-езі бақылау мәліметтері де пайдаланылады. Аурудыц психикалық жағдайын түсіну үшін оныц суреттері және баска творчествосымен таны-судың мацызы зор (кестелі тоқылған заттары, өлеңдері, хаттары).

Тэжірибелік психиологиялық зерттеу

Жеке психикалық процестердің сапасын бағалау және жеке адамның ерекшеліктерін анықтау үшін пси-хологиялық есептер мен сынақтар қолданылады. Психо-логиялық көрсеткіштер қортындысының клиникалық тәжірибеде қосымша мацызы бар. Бұл қорытындыны бакылау әдістері арқылы жүргізілген клиникалық пси-хологиялық тексерулердің, бағытталған психологиялық әңгшенщ, өмір мен ауру туралы анамнезшің мәлшет-терімен салыстыру керек. Жеке алынған психологиялық тест жетілмегендіктен, жауап кездейсоқ болғандықтан, эксперимент жағдайының ерекшелігінен, тексерілушінің тексеру кезіндегі психикалық және физикалық ерекше-лігінен қате болуы мүмкін. Сондықтан тексерулерді қай-талап, алынған мәліметтерді салыстыру керек.

Тәжірибелік психологиялық тексерулер жеке адам туралы қосымша, құнды мәліметтер алуға мүмкіндік жасайды.

Төменде кейбір әдістердің жалпы және қысқа мінез-демесі берілген.

Зейінді зерттеу^ Біркелкі бейнелері бар кестелер ар-қылы жүргізіледі. Мысалы қолдың қатысуынсыз кезек-пен түсі бірдей суреттерді санау. Түзету (корректуралык) әдісі бойынша бірдей әріптер мен цифрларды сызу. Жа-уапты бағалаған кезде тапсырманың орындалуының ұқыптьілығы, жылдамдығы, пациенттің қажуы еске алы-нады. Бұл әдістер назар белсенділігін, алаңсыз ойлау реакциясын тексеруге қолданылады.

Суреттердегі жоқ беліктерді анықтау әдісі де қолда-нылады. Тексерілушіге суретті керсетіп, жетпейтін бөлік туралы айтқызады.

Біртіндеп қиындатылған сандарды (цифрларды) шығару, ай мен күндердің аттарын айту әдісі де қолда-нылады. Мысалы, тексерілушіге 100-ден бір санды алып тастау, ай мен апта күндерін керісінше атау сияқты тап-сырмалар беріледі.

Есті зерттеу. Тексерілушіге 10 секунд ішінде кесте-дегі фигураларды көрсетіп, оларды есінде сақтау жүк-теледі. Қалыпты жағдайда 5—6 фигура есте сақталады. Бұл әдіс арқылы керу есінің ерекшелігі анықталады. Естіген сандарды, сөздер мен сөйлемдерді сақтау — бұл есітуді тексеру. Анық және жай айтылған сандарды, сөздерді, сөйлемдерді ұқыпты тыңдап, есте сақтауын сұрайды. Сау адамдар 10 сәздің 5—9-ын есте қалдыра-тыны анықталады. Есі жақсы адам үш-төрт қайталаған соң жаттап алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет