Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет47/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Қояншық ауруын емдеу.

Ауруды емдеуде келесі принциптерді ұстау керек: ұзақ уақыт және үнемі, комплексті және әр адамның ерекшеліктерін ескі ала отырып емдеу; Дәрінің доза-сын көбейту немесе азайтуды, бір дәріні екіншіге ауыс-тыруды біртіндеп жүргізу. Аурудың ұстамасыныц аяқ-талуы емдеуді тоқтатуды көрсетпейді. Ұстамасы аяк-талғаннан кейін тағы да адамды 3—5 жыл емдеп, ЭЭГ арқылы бақылап отыру керек. Қомплексті емдеу түріне дәрілер а.рқылы емдеу, диетаны сақтау, еңбек пен де-малуды кезектестіру жатады. Дәрімен емдеуде кұры-суға қарсы қолданылатын заттар орталық орын алады. Бұларға фенобарбитал (люминал) жатады. Адамның жасына қарай оныц тәуліктік дозасы 0,05-тен 0,15—0,3 дейін. Қояншық ауруына қарсы қосындыларға негізгі зат ретінде фенобарбитал қосылады. Мысалы, Серей-ский қосындысына —0,02—0,05 г фенобарбитал, 0,05— 0,2 г бромурал, 0,02—0,3 г папаверин, 0,015 г кофеин және 0,25—0,5 г кальций глюконаты кіреді.

Тәулігіне 0,1 г-нан 0,8 г дейін бензонал пайдаланыла-ды. Бұл препарат фенобарбиталдан әлсіз. Гексамидин — тәуліктік дозасы 0,125 г-нан 2,0 г дейін. Дифенин (ди-лантин) нәтижелі зат. Оның тәуліктік дозасы 0,2—0,3 г. Бұл фенобарбиталға карағанда улы. Сол себептен дифеиинді қабылдағаннан соң бас ауырып, айналып, дизартрия (сөйлеудің бұзылуы) және диплолия (екеу болып көріну), тері бөрітіп, қышып, ауыздың кілеген қабатында өзгерістер болады. Жоғарыда көрсетілген барбитал тобындағы препараттар аурудың үлкен ұста-масын емдегевде нәтиже береді. Аурудың керінісінде кіші ұстамалар болған жағдайда суксилен, пикнолепсин (ор-таша дозасы 0,75—1,5 г) сияқты сукцинамид тобындағы препараттар жақсы нәтиже береді.

Психомоторлық пароксизмаларды емдеуде ересек адамдарға орташа тәулігіне 0,6—0,8 г карбамазепин (финлепсин, тегретол, стазепин) препаратын беру нә-тижелі.

Жан-жаіқты әсер ететін препаратқа конвулекс жа-тады. Оның тәуліктік дозасы әр кг-ға 20—30 мг. Кіші ұстамаларды емдеуде тәулігіне 0,6—0,9 г. триметин қол-данылады. Құрысаусыз ұстамада ересектерге тәулігіне 5 г-ға дейін хлоракон қолданылады.

Дисфория кезінде бензодиазепин туындылары се-дуксен мен финлепсин қолданылады. Айқын дисфория-да бұлшықетке 2,5% 0,5—1 мл тизерцин, 2,5% 1—2 мл аминазин жібереді.

Құрысуға қарсы препараттардан басқа жылына 1—2 рет организмнен дегидратациялык және тыртықты қайгаратын (зәр айдайтын, алоэ, фибс, шыны тәрізді дене), препараттар, Ві, В2 витаминдері, глютамин қыш-кылы беріледі. Ауру адамның диетасы сүт, өсімдік та-ғамдары тұзсыз, ащы емес болуы керек. Ішімдікке мүл-де тиым салынады.

Қояншық статусын емдеу. Қояншық статусы дереу дәрігерлік көмекті қажет етеді. Дереу ауруды таратпау үшін клизма ретіпде 15—20 мл 6% хлоралгидрат ері-тіндісі не 0,5 г фенобарбитал қолданылады. Осы кезде венаға магний сульфаты не хлорлы кальций ерітіндісін .жіберу керек, Нәтиже болмаған жағдайда бұлшықетке 2—3 мл (50—75 мг) 2,5% аминазин, 20 мл 40% глюко-за ерітінділерін Ж*ібереді. Бірақ, аминазинді байқап қолдану керек, себебі ол ұстаманың пайда болуын жо-ғарлатуы мүмкін. Қояншық статусы таралмау үшін венаға диазепамды (седуксенді) жіберу нәтиже береді. Сонымен бірге бұлшыкетке не венаға литикалық қо-сындыны айдалады. Ол қосындының құрамына 2,5% аминазин, 2,5% пипольфен ерітінділеріне 1% димедрол, 50% аналгин, 2% промедол ерітінділері енеді. Нәтиже болмаған жағдайда 3—5 мл жұлын сұйығы алынады. Аурудың ұстамасы тоқтамаса, бұлшықетке не венаға жайлап 10 мл бидестиллятта не изотониялық ерітінді-дегі 1,0 г гексеналды жіберу керек. Ауыр жағдайда ве-наға 5% 5—10 мл тиопентал натрий ерітіндісін жіберу ұсынылады.

Жүрек пен тыныс алу қызметі нашарлағанда кор-диамин, кофеин, лобелин беріледі. Қамфораны беруге болмайды, себебі ол құрысуды күшейтеді.

Еңбек экспертизасы. Ауру адамның жеке басы аз өзгерсе, ұстамасы сирек болса, ол өзінің үйреншікті қызметін атқара алады. Бірақ, оған транспорт жүргі-зуге, қозғалатын механизмдерде істеуге, биіктікте, су мен от жанында қызмет атқаруға болмайды. Үстамасы сирек болса мүгедектік берілмейді не III топтағы му-гедектік беріледі. Аурудың ұстамасы жиі және ақыл кемдістігі болса II не I топтағы мүгедектік беріледі.

Сот-психиатриялық экспертиза. Қояншық ауруының диагнозының болуын сот-психиатриялық экспертизасы шешпейді. Үстама арасында ауру адамды жауапқа тар-туға болады, ал психикасы күшті бұзылған кезде жа-уапқа тартуға болмайды. Үстамасы сирек болса оны абақтыға отырғызуға болады. Үстамасы жиі және ақылы кем ауру адамдарды психиатриялық ауруханаларға жібереді. Экспертиза кезінде әрбір ауру адамға жеке көзқарас болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет