Балалардың іс- әрекеті мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы Мектепалды даярлық «Күншуақ» тобы Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»


Серуен: Ауа-райына бақылау жасау



бет13/14
Дата16.03.2023
өлшемі63,38 Kb.
#74737
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Февраль 3-Апта.

Серуен:

Ауа-райына бақылау жасау.Мақсаты:Ауа-райының өзгерісін анықтап оны ажырата білуді жалғастыру. Еңбек: Еңбек құралы күрекпен жұмыс жасау.Мақсаты: аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Көркем сөз: Ән салады чемодан, Ішінде тұр көп адам. Сөйлемейді сөзіңді, Шешуі не екен, балалар? (теледидар)Қимылды ойын:«Қыз қуу»; «Арқан тарту» Мақсаты: ұлттық ойындарды ойнату. ЖДЖ: Мирас
доппен жасалатын жаттығуларды пысықтау.

Жапалақтап жауған қарларға бақылау жасау.Мақсаты:Қар туралы әңгімелесу. Еңбек: Ойын алаңындағы қарларды ағаш түптеріне үю. Мақсаты: Еңбекқорлыққа баулу. Көркем сөз: Шыр-шыр етеді, Құлағыңнан өтеді. Ұстай алсаң, Сөйлеп кетеді (телефон)Қимылды ойын: «Қуыспақ», «Үкі» Мақсаты: ұжыммен тату болып ойнауға үйрету. ЖДЖ:Айша жалаушалармен жасалатын жаттығуларды қайталау.

Күннің аяз екендігіне бақылау жасау.Мақсаты:Не себепті күн аяз болатынын балаларға түсіндіру.
Еңбек: Қажеттілік бойынша ойын алаңын қардан тазалау. Көркем сөз: Қызып кетсе табаны, Бар жалғыз-ақ алаңы. Бар жалғыз-ақ шатағы, Іздей бастар матаны. (үтік)Қимылды ойын: «Ақ серек пен көк серек»,«Теңіз тербеледі» Мақсаты: ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. ЖДЖ: Адема ұзындыққа, алысқа секіре білуді толық үйренуді жалғастыру.

Құс ұяларына бақылау жасау.Мақсаты:Ұялардың не үшін керек екендігін түсіндіру.Еңбек:Ойын алаңындағы шашылған кәмпит қағаздарын жинау. Мақсаты: Еңбектенуге деген қабілетін дамыту. Көркем сөз: Танауынан су да, шығады, бу да, шығады (шәйнек)Қимылды ойын: «Тауық күрес»; «Арқан тарту» Мақсаты: ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. ЖДЖ: Нұрай жылдам, шапшаң бола білу керектігін қимылды ойын арқылы қадағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет