Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу Орындаған: Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет1/6
Дата06.03.2022
өлшемі22,15 Kb.
#27144
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балаларды жас ж не дара ерекшеліктері, оларды о у-т рбие процес


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі



Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды  оқу-тәрбие процесінде есепке алу

Орындаған:

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі: 0111063 «Математика мұғалімі»

3-УМ-1 тобының білім алушысы

Бердібек Нұрай

Өскемен 2020



Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды  оқу-тәрбие процесінде есепке алу

 


  1. Оқушылардың жеке жас тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама

 

Оқушылардың жеке ерекшелігі – денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы т.б. біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.

Бала – педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.

 Дене, сол сияқты ақыл-ойдың дамуы жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты екенін адамдар ерте кезден-ақ білген. Жас ұлғайған сайын даналық келеді, ақыл-ой толысады, тәжірибе жинақталады, білімдер молаяды. Әр жасқа сәйкес дене, психологиялық және әлеуметтік даму деңгейі сәйкес келеді. Дегенмен жеке адамның дамуында жалпыға қарағанда өзгерістер болуы мүмкін.

Даму процестерін дұрыс басқару мақсатында педагог ғалымдар адам өмірінің кезеңдерін жіктеді (Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, т.б.).

Кезеңдерге бөлу белгілі бір жас ерекшеліктерін бөліп көрсетуге негізделеді. Жас ерекшеліктері деп белгілі бір өмір кезеңіне сәйкес анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапаларды айтамыз. Жас ерекшеліктерінің мәні адамның физикалық дамуы мысалында айқын көрінеді. Бойдың, салмақтың өсуі, тістердің пайда болуы, жыныстық жетілу, т.б. биологиялық процестер сәл ауытқушылықпен белгілі жас кезеңдерінде жүзеге асады. Сол сияқты әлеуметтік жетілу (биологиялық тәрізді қатаң тәртіпте болмаса да), тұлғаның рухани дамуының жастық динамикасы жүреді. Бұл адам дамуының кезеңдерін бөлуге негіз болады.

 

3.1-Кесте- Қазіргі ғылымда оқушылардың жас ерекшеліктерін кезеңдеу түрлері (И.П. Подласый)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет