Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу Орындаған: Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет2/6
Дата06.03.2022
өлшемі22,15 Kb.
#27144
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балаларды жас ж не дара ерекшеліктері, оларды о у-т рбие процес

Психологиялық

Педагогикалық

1.    Пренатальдық кезең

2.    Жаңа туған сәби (6 аптаға дейін)

3.    Емшектегі бала (1 жылға дейін)

4.    1 – 3 жас аралығы

5.    Мектепке дейінгі кезең (3 – 6 жас)

6.    Мектеп жасы (6 – 11 жас)

7.    Пубертаттық кезең (11 – 15 жас)

8.    Жастық шақ (15 – 20 жас)



1.  Сәбилік (1 жыл)

2.  Мектепалды жасқа дейінгі кезең (1 – 3 жас)

3.  Мектепалды жасы (3 – 6 жас)

Кіші мектепалды жасы (3 – 4 жас)

Орта мектепалды жасы (4 – 5 жас)

Үлкен мектепалды жасы (5 – 6 жас)

4.  Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас)

5.  Орта мектеп жасы (10 – 15 жас)

6.  Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас)


 

Педагогикалық кезеңдеудің негізін бір жағынан дене және психикалық дамудың кезеңдері, екінші жағынан тәрбие жүргізілетін шарттар құрайды.

Оқытуды және тәрбиелеуді оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізу оң нәтиже береді. Дамудың табиғи сатыларын есепке алмау немесе теріске шығару кез келген әлеуметтік тәжірибені, кез келген білімдерді, біліктер мен дағдыларды кез келген жаста  беру мүмкін деген қате тұжырымға және әдістеме таңдауда қателікке алып келеді. Әлеуметтік даму үрдісінің жылдамдауы, түрлі ақпараттық көздерге кең қол жеткізу мүмкіндігі адамның мүмкіндіктерін біраз ұлғайтады, дегенмен, ол мүмкіндіктер шексіз еместігін ескерсек, жас ерекшеліктері дамуда өз шарттарын қояды.

Я.А. Коменский алғашқылардың бірі болып оқу-тәрбие үрдісінде балалардың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуды ұсынды. Ол табиғатқа сәйкестілік принципін негіздеді, яғни табиғаттағыдай тәрбие процесінде де барлығы өз орнымен және кезегімен жүріп отыруы тиіс.

Жас ерекшеліктерін есепке алу – педагогикалық принциптердің ішіндегі негізгілерінің бірі. Оған сүйене отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін белгілейді, еңбектің әр түрімен қамтуды қалыптастырады, дамуға оң мүмкіндік беретін күн тәртібін анықтайды. Жас ерекшеліктері оқу пәндерін, әр пәндегі оқу материалын таңдау және орналастыру мәселелерін дұрыс шешуді міндеттейді. Сол сияқты олар оқу-тәрбие іс-әрекетінің формалары мен әдістерін таңдауда негізгі роль атқарады.

Жас ерекшеліктерін кезеңдеудің шекаралары қатып қалған жағдай емес, өйткені әр адамның жеке дамуының ерекшеліктерімен қатар, әр толқынның да дамуында алдыңғыларымен салыстырғанда өзгешеліктер болуы мүмкін. Акселерация – балалық және жеткіншектік шақта дене және ішінара психикалық дамудың жылдамдауы. Биологтар оны организмнің физиологиялық пісіп-жетілуімен, психологтар – психикалық функциялардың жетілуімен, педагогтар – тұлғаның рухани дамуымен және әлеуметтенуімен байланыстырады.

Акселерацияның негізгі себептері: өмірдің жалпы темпінің жылдамдауы, материалдық жағдайдың жақсартуы, тамақтанудың және медициналық бақылау сапасының көтерілуі, ерте жастан балаларды күтіп-бағудың жақсаруы, т.б.

 

 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет