Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу Орындаған: Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»


Орта мектеп жасы (10-11-ден 15 жасқа дейін)



бет4/6
Дата06.03.2022
өлшемі22,15 Kb.
#27144
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балаларды жас ж не дара ерекшеліктері, оларды о у-т рбие процес

Орта мектеп жасы (10-11-ден 15 жасқа дейін) – балалықтан жастыққа өтпелі кезең. Ол мектептегі оқудың екінші сатысына дәл келеді және организмнің терең өзгерістерімен және өмірлік іс-әрекеттердің жалпы көтерілуімен сипатталады. Бұл кезең жеткіншек үшін де, айналасындағылар үшін де күрделі кезең, себебі «жеткіншек балалықтан кеткен, бірақ әлі ересектікке жетпеген» (Н.К. Крупская) кезі.

Бұл жаста бойдың тез өсуі жүреді (ұлдар әсіресе 15 жасында, қыздар 13 жасында), қаңқаның сүйектену процесі жалғасады, сүйектер берік, қатты бола түседі. Бұлшық ет күші жылдам өседі. Ішкі органдардың өсуі бірқалыпты жүрмейді, қан тамырларының өсуі жүрек өсуінен кейіндеп қалады, сол себептен оның жұмысы бұзылып, жүрек соғуы жылдамдайды. Дене дамуының бір қалыпты жүрмеуі жеткіншектің сыртынан білініп тұрады: ол шамадан тыс қолын сермелеп, жүргенде теңселуі мүмкін, қозғалысы қалыпсыз.

Жеткіншектік жастың өзіндік ерекшелігі – организмнің жыныстық жетілуі. Қыздарда ол 11 жастан, ұлдарда 12 – 13 жастан басталады.

Бұл жаста да нерв жүйесінің дамуы жалғасады, жеткіншектің миы салмағы мен көлемі жағынан үлкен адамдікінен айырмашылығы көп болмайды, сананың ролі артады.

Орта мектеп жасындағы жеткіншектің қабылдауы кіші мектеп жасымен салыстырғанда едәуір мақсатты, жоспарлы және ұйымдасқан кезде ол тереңдігімен таң қалдырса, кейде тым қарапайым болады. Айналадағы ортаны қабылдау мен оқу материалын байланыстыра алмау – осы жастағы балалардың ерекшелігі.

Жеткіншек назарының ерекшелігі – оның таңдамалылығы, яғни қызық сабақтар немесе қызық жұмыстар оқушыны бірден тартып әкетеді. Бірақ жылдам қозу, әсіресе қызығушылық оның назарын тез аударуға мәжбүр етеді.

Жеткіншектік кезеңде ойлау әрекетінде де даму жүреді. Ойлау жүйелі, тізбекті, жетілген бола түседі. Абстрактілі ойлауға бейімдік арта түседі, сыни тұрғыдан ойлау пайда болады. Ол мұғалім немесе оқулық беделіне нық сеніммен қарамайды, өз пікірі болады, пікірталасқа, қарсылық жасауға бейім болады. Орта мектеп жасы шығармашылық ойлауды дамытуға өте қолайлы.

Ойлаудың дамуы жеткіншектің сөйлеуінің өзгерісімен байланыста жүреді. Сөйлемдері бейнелі, мазмұнды бола түседі. Жеткіншектік жаста тұлғаның адамгершілік және әлеуметтік қалыптасуы қарқынды жүреді, бірақ оқушы басшылыққа алатын дүниеге көзқарас, адамгершілік идеалдар, бағалау жүйесі, моральдық принциптер әлі болса да берік қалыптаспаған, достарының пікірі мен өмір қайшылығынан тез бұзылады.

Орта мектеп жасындағы балалардың тәрбиесі – қазіргі кездегі ең күрделі мәселелердің бірі. Педагогтарға осы жас ерекшеліктерін терең меңгеру, өзін баланың орнына қоя білу міндеті қойылады. Жеткіншек пікір алмасуда дәлелдерге мойын ұсынады. мектеп өмірін демократияландыру, ұжымды, айналысатын істерді, оқылатын пәндерді, оқу орнын еркін таңдау – мұның бәрі жеткіншектің өзін-өзі көрсетуіне, үлкендермен және құрдастарымен тіл табысуына жетелейді, осының бәрі нәтижесінде адамгершілік және әлеуметтік қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет