Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу Орындаған: Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»


Түрлі жастағыларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері



бет3/6
Дата06.03.2022
өлшемі22,15 Kb.
#27144
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балаларды жас ж не дара ерекшеліктері, оларды о у-т рбие процес

Түрлі жастағыларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері

 

Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас). Алты жастағы баланы өмірдегі үлкен өзгеріс күтеді. Мектеп жасына өту оның іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, басқа адамдармен қатынасындағы өзгерістермен байланысты. Жетекші іс-әрекет – оқу болады, жаңа міндеттер пайда болады, айналадағылармен қатынас- та жаңа деңгейге көтеріледі.

Биологиялық жағынан алғанда кіші мектеп жасындағылардың бой өсуінің жылдамдығы азаяды, салмақ қосу көбейеді; қаңқасы сүйектенеді, бірақ бұл процесс әлі де болса аяқталмайды. Бұлшық ет жүйесі қарқынды дамиды, білектің ұсақ бұлшық еттерінің дамуына байланысты бала жазу, сызу сияқты қимылдарды бекем орындауға мүмкіндік алады.

Осы жаста нерв жүйесі жетіле түседі, мидың үлкен жарты шарларының қызметтері қарқынды дамиды, ми қабының талдау және синтездеу қызметі күшейеді. Ми салмағы үлкен адамдікіне жақындайды, орташа алғанда 1400 г. құрайды. Баланың психикасы жылдам дамиды. Сезім мүшелері жұмысының дәлдігі артады.

Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық іс-әрекеті негізінен оқу процесінде жүреді. Қарым-қатынас сферасының кеңеюі де маңызды роль атқарады. Осы жастағы оқушыларда қалыптастыру және дамыту қажет болатын жылдам жүретін даму, жаңа сапалардың көптігі педагогтарға барлық оқу-тәрбие іс-әрекетін қатаң түрде мақсатты жүргізуді міндеттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет