Балалардың жасы: 4 жастан


"Бөлме өсімдіктерін суғару"



бет2/14
Дата15.12.2023
өлшемі25,79 Kb.
#139553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
"Бөлме өсімдіктерін суғару".
Мақсат-міндеттер: өсімдіктердің жарық пен ылғалды қажет етуі туралы балалардың білімдерін кеңейту, ылғалды сүйетін және құрғақшылыққа төзімді, фотофильді, көлеңкеге төзімді өсімдіктерді жапырақтарынан қалай тануға болатындығын үйрету. Сумен және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті, еңбек дағдыларын дамыту. Қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
(сөйлеуді дамыту, еңбек дағдылары)

ҚР. Гимнін орындайды.
Міндеттер: Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады.
(музыка)


"Мозаика", "Лото" үстел үсті ойындары.
Мақсат-міндеттері: ақыл-ой қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
(танымдық дағдылар)

«Шаршы құрастыр».
Мақсат-міндеттері: балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?)
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім жылдам орындаса, күрделірек түрін беру.
(математика негіздері, сөйлеуді дамыту)


Сурет салудан ойын-жаттығу
"Шырша".
Мақсат-міндеттер: балаларды шырша пішінін салу техникасын игерту; бор арқылы шыршаның діні мен бұталарын салып, жасыл бояуға малынған сорғышпен жақпалап, қылқандарын жасап шығару дағдысын қалыптастыру.

«Жұбын тап».
Мақсат-міндеттері: балалардың ақыл-ойын, тілін дамыту, зейінді болуға тәрбиелеу.
Ойын атрибуттары: жемістер мен көгөністерге байланысты текшелер.
Ойынның барысы:
Ойынға 3-4 бала қатысуға болады. Балалар суреті бар текшелерді (доминоны) бөліп алады да, ойын бастайды. Аталған бала бірінші болып текшені қояды, қалған балалар қойылған суретке байланысты өздерінде бар текшелерді ретімен қояды. Кімнің қолындағы текше бұрын бітсе, сол жеңеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет