Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі


Қар үстіндегі іздерді бақылау



бет22/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Қар үстіндегі іздерді бақылау
Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу.
Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді?
Тақпақ:
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,
Үсті – басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай)
Мақал: Жемберсең қыста құсқа- сауабы тиер оның жазда.
Қимылды ойын: «Ақ қоян»
Мақсаты: балаларды ептілікке баулу.
Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру.
Еңбек: құстар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу

Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу
Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.
Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауды ұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.
Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі, жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.
Тақпақ:
Жазда көлге мұз қатты,
Табанымды мұздатты.
Мұз ойылып кетті тез,
Күліп едік, біз қатты.
Қимылды ойын «Ортаға түспек»
Мақсаты: тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет