Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі


Мақсаты: Мамандықтарға байланысты киім үлгілерін бір - біріне үйлестіру. Тәрбиеші



бет25/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Мақсаты:Мамандықтарға байланысты киім үлгілерін бір - біріне үйлестіру.
Тәрбиеші: Балалар әр мамандық иелері өздеріне сай киім киеді. Дәрігерлер ақ қалпақ пен халат кисе, ал құрылысшылар каска мен үстеріне арнайы халат киеді. Суреттегі киім үлгісі кімге лайықты екенін табыңдар.
Балалар өздері ойлап, белгілей бастайды, сызады.
Тәрбиеші: Балалар аспазшы не киеді?
Шаштараз не киеді?
Балалар белгілеп береді.
- Ендеше, сендер түсінген боларсыңдар. Бұл - ойынды біз не үшін ойнағанымызды түсіндіріңдер. Бүгін біз қандай ойын ойнайтынымызды білдіңдер.
Ойын:«Тігінші»
Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айсара өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Диляра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Сәния болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.


Артикуляциялық жаттығулар:
Ойын:« Часы» «Сағат»
Мақсаты: Тілдерінде артикуляциялық кемістігі бар балалармен үзбей күнделікті жасау арқылы біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз. Сабақ үстінде, ойын кезінде қадағалап балалардың тілін дұрыс дамуына бағыт беру.
Ата – аналармен бірлесе қарым – қатынас жасай отырып ортақ мақсатымызға жетеміз.
• «Сағат»тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау керек.
• «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет