Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау жинақтау әдісін қолдану жолдары



бет13/23
Дата10.05.2022
өлшемі111,24 Kb.
#33837
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау жинақтау әдісін қолдану жолдары

Жазу жұмысының гигиенасы. Жазу сабағында ми ғана емес, сондай – ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар талаптар қойылады: партада дұрыс отыру(бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді),жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама – қарсы түсті сияны пайдалану, жазц құраларының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы ( әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні).

Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы ( диктант ) барынша қажытатын жұмыс деп есептелінеді. Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруы қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да сабақтағыдай, жазба сабағы үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады.

Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына дәлме – дәл келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі жұмыс істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда бүкіл организмді қажытады. Жазу жұмысы тез қажытпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек.

Парта оқушының бюойы сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі ( 12 – 150 ) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.

Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама – қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30 – 400 болып орналасуы тиіс. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар стол жиегімен тік бұрыш түзеді. Оқушы әріп сызықтарын бір – біріне параллель түсіреді немес қағаздың қиғаш сызықтарының үстіне жүргізеді. Оқушы денесінің екі иық буынын байланыс- тыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай – ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель болуы тиіс. Бұл талапты сақтамау дұрыс отыру қалпын, келе – келе мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның бір жағына қарай қисаюы – сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеп соғады.

Кейбір мектеп гигиенашылары қиғаш жазуға қарағанда түзу жазуды неғұрлым деп есептейді; өйткені балаға түзу отыру оңай, себебі дәптер дәл дененің алдында жатады және әр жолды жазған сайын жоғары қарай жылжып отырады; жазу үлгісі ммен көшіріп алатын материал дәптерден жоғарырақ орналасады: әріп штрихтарының негізгі сызығы көздің негізгі сызығы мен партаның жиегіне перпендикуляр болады; дәптер оқушы көзінен 35 – 40 см қашықтықта жатады. Оның үстіне I – II сынып оқушылары жақсы жазу дағдысын әлі меңгермегендіктен, мұндай мүсіннің бұзылуы туады. [10 / 170 – 175 / ]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет