1
Ш
А
Р
А
П
А
Т
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛ 4/2009
Мадақтаймыз Құдайды,
Əн саламыз ұдайы.
Жаратушы Иеміз,
Атың Сенің Киелі.
Қамыққан досты əрдайым
Құдай сөзімен жұбатам.
Көмек беруге бар кезде,
Дайын тұруды ұнатам.
Тау мен тасты аралап,
Ізгі хабар айтайын.
Ұлы аманатты арқалап,
Үлес қосып қайтайын.
Ең сүйікті тілегім,
Көмек беріп жүремін.
Əлсіздерге барамын,
Қамқоршысы боламын.
Сөзіңді сенің
жүрегімде түйейін,
Ата-анамды қастерлейін,
сүйейін.
Аянбайын оларға
жəрдемдесейін,
Қызмет етіп, рухани өзім
өсейін.
2
БƏ
РІҢ
ДЕ
Ш
АҚ
ЫРЫ
ЛҒ АНСЫ
ҢДАР
Отбасым да, өзім де Құдайға қызмет етемін,
Оқимын оның тəлімін киелілікке жетемін.
Киелі Рухтың алауы, жүрегімде жанады,
Отанымыз көк аспан, мəңгі тұрақ болады.
Демалыста, жазда мен,
Ауылға қарай шабамын.
Көптен күтіп сағынған,
Ата-əжеме барамын.
Таза ауада демалам,
Көк шалғында аунаймын.
Көлге барып, қармақ сап,
Жиі балық аулаймын.
Шөп шабамын атаммен,
Бірге шалап ішемін.
Атам мызғып кеткенде,
Өзенге кеп түсемін.
Тəтті май мен қаймақты,
Нанға жағып жеп алам.
Болысамын атама,
Атаммен бірге демалам.
Дəуіттің забур жырларын,
Жатқа айтып беремін.
Інжілді ашып оқимын,
Ақырын дəн себемін.
Бұл деген ұлы аманат,
Тəңір, Сенің талабың.
Ізгі хабар айтуға,
Шақырылған баламын.
АТА-ƏЖЕМЕ БАРАМЫН
Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВА
3
БƏ
РІҢ
ДЕ
Ш
АҚ
ЫРЫ
ЛҒ АНСЫ
ҢДАР
ЕКІНШІ ТАРАУ
Кари ВИНЬЕ
ЖƏ НЕ КӨ РІНБЕЙТІН ДОС
Ағаш бұталарынан жасалған шарбақта кенеттен
пайда болған тесікті байқасаң сен не істер едің?
Сол тесіктен əрі қарай өтіп кетер ме едің? Пелле
дəл осылай істеді, сөйтіп ол Жонатанмен танысып,
онымен достасып кетті. Көзге көрінбейтін Дос
туралы ол алғаш рет Жонатаннан естіді.
Бірде Пелле тағы да Жонатанға кел-
ді. Далада жаңбыр жауып тұрғандықтан
олар бөлме ішінде ойнауға мəжбүр
болды. Кенеттен Пелленің көзі қонақ
бөлмеде ілініп тұрған ғажап суретке
түсті. Əрине, ол бұғанға дейін əр түрлі
суреттерді көрген еді, бірақ мұндай су-
ретті көруі алғаш рет.
Пелле суретке көз алмай қарап
қалды. Онда ер адамның бейнесі ке-
скінделіпті. Əйел адамдарда сақал
болмайтындықтан, бұл ер адам болуы
тиіс. Əлгі ер адам ұзындығы жерге түсетін
ақ көйлек киіп алыпты. Бірақ баланы
таңдандырған бұл да емес болатын.
Ақылға сыймайтыны – əлгі адамның су
бетімен кəдімгі жолда келе жатқандай
жүріп келе жатқаны еді.
«Бұл кім?» – деп сұрады Пелле сурет-
ке қарай саусағын шошайтып.
– Көріп тұрсың ғой, бұл – Иса, – деп
жауап берді оған Жонатан.
– Кім дейсің? – деп қайталап сұрады
Пелле.
– Сен не, Иса туралы əлі еш нəрсе
естімегенсің бе? – деді Жонатан
таңданып.
– Жоқ.
– Бірақ періштелер туралы естіген
боларсың? Пелле басын шайқады.
4
– Құдай туралы да ештеңе естімедің
бе?
– Құдай туралы?
Күрсінген Жонатан оған сұрақ беруін
тоқтатты. Бірақ Пелле берілер болмады.
– Неліктен Ол ... əлгі Иса судың беті-
мен жүріп келеді?
– Егер қаласа Иса судың бетімен жүре
алады, – деді Жонатан.
– Жоқ мүмкін емес, – деді Пелле
қарсыласып, – ешкім де судың бетімен
жүре алмайды, өйткені бірден батып
кетеді.
– Ал Иса жүре алады. Ол бəрін де
істей алады.
– Ол бұлттың үстімен де жүре ала ма? – деді Пелле қызыға таңғалып.
– Ауада қалықтап ұша да ала ма?
–
Əрине, – деп жауап берді Жонатан сенімді түрде, – бірде Ол көктегі
Құдайға ауа арқылы көтеріліп кеткен.
–
Мүмкін емес! – деді. Пелленің сенгісі келмей.
– Ол тағы да не істей алады?
– Ол көзге көрінбей жүре алады.
– Рас айтасың ба? – деп Пелленің көздері
бақырайып кетті. – Ол тағы не істей алады?
– Ол дауылды тоқтата алады. Ол бұйрық
берсе болды, буырқанған толқындар сабасы-
на түсіп, жайбарақат қалыпқа енеді. Көбірек
біле түскісі келген Пелле: – Ол тағы да не істей
алады? – деп сұрады.
– Тағы да не істей алады дейсің бе? Ол ...
е-е ... басқа есіме түсер емес.
Бірақ сен бұл туралы менің шешемнен
сұрасаң болады, ол Иса жайлы бəрін біледі.
Сөйтті де, Пелле ойланып үлгергенше ол шеше-
сін шақырды. Йенсен ханым, Жонатанның шеше-
сі қонақ бөлмеге келіп кірді. Көзінде көзілдірігі
бар, үстіне жолақ кеудеше киіп алыпты. Пелле
оны мұншалықты жақыннан əлі көрмеген еді,
сондықтан да Жонатанның шешесі оған
5
өте үлкен əрі түсі суық көрінді.
– Оның Иса туралы білгісі келеді, – деді Жонатан Пеллені көрсетіп.
Йенсен ханым Пеллеге жылы көз тастап: – Саламатсың ба, балақай?
– деді де, – сен біздің жаңа көрші – Пеллесің ғой, солай емес пе? Со-
нымен, нені білгің келеді? – деп сұрады. Бəрін! – деп жауап берді оған
бала.
– Сен Иса туралы бəрін білгің келе ме? – деп қайталап сұрады Йен-
сен ханым.
– Иə.
– Басынан бастап па?
– Əрине!
– Мм... Өкінішке орай, жер бетінде Иса
туралы бəрін білетін бір де бір адам жоқ.
Жонатан дұрыс айтады, мен саған Иса
жайында көп нəрсе айтып бере аламын.
Бірақ мұның көптігі сондай, бір күннің
ішінде мен саған Ол туралы білетінімнің
бəрін айтып тауыса алмаймын. Егер
қаласаң, – деді ол, – күн сайын Иса тура-
лы аздап айтып беріп отырайын.
(Жалғасы бар)
Көрінбейтін бұл Достың кім еке-
нін Шарапаттың келесі сандарынан оқи
аласыңдар.
6
Аяжан МҰХТАР
КӨК ЕСІГІ
Құдайсыз өмір сүріппін,
Бұралаң жолмен жүріппін.
Қалауымды таңдадым,
Тағат таба алмадым.
Жылады жүрек, күрсінді,
Бір қайғырды, бір тынды.
Түсінетін сырымды,
Жан таппадым ұғымды.
Арыла алмай дертімнен,
Сұрадым көмек əркімнен.
Күндер жылжып, өсіппін,
Исасыз күн кешіппін.
Бір күні бақыт таптым да,
Құдайдың есігін қақтым да.
Кенет есік ашылды,
Исаның нұры шашылды!
Жүрекке шаттық орнады,
Құдай болды қорғаным.
Мамыражай күн кештім,
Қорқынышты білмеспін.
ҮЙРЕН, БАЛАМ...
Үйрен, балам, сиынуды Құдайға,
Ол сен үшін уайымдайды былай да.
Білетұғын тағдырыңды, қайғыңды,
Тəңір сенің Жаратушың айбынды.
Сиын оған шырт ұйқыңды қи дағы,
Сиын оған түнде қуат жи дағы.
Сиын Оның махаббатын мойындап,
Түзу жүріп, Тəңіріңнің ойын тап.
Уайымдама күйбең тірлік қамы үшін,
Қол созатын көкте Əкең бары шын.
Артып алмай өз мойныңа жүгіңді,
Нар Əкеңе арт қалдырмай түгіңді.
Үйрен, балам, сиынуды Құдайға,
Беріп те үйрен, үйрен Одан сұрай да.
Жаратушың – қатал, дана, қайырымды,
Мейірімді, əділ, кешірер айыбыңды.
Суретін салған Мұсабек АСАНБЕКОВ
7
СҰРАҚТАР:
1. Жанар неге көңілсіз болды.
2. Əжесі мен Мұрат неге қуанды?
3. Сен үлкендерге көмектескенді ұнатасың ба?
4. Неліктен Мұрат Құдайды бірінші
көмекші деп айтты?
əжесі . үлкен мен жеміс бар, жақын маңда
қолына алып кетеді. Өзенде оны күтеді. Олар бірге
жазда аз болады. сұрап сиынуды үйретеді.
ҮШІНШІ КӨМЕКШІ
Эльмира МИРАСОВА
Бұл
аты Жанар, ал оның өзінен кіші аты Мұрат. Жазда олар екеуі де барады,
орналасқан. Таң ертең шығысымен ояна салып, сауады. мурлик
өз сүт құюын күтіп отырады. Таң ертеңмен пен да дəмді тəтті сүт ішеді.
шомы- ойнайды, күнге күйеді Ал пен алып бірге
лады жəне кітап оқиды.
бақшаға барады. Бақшада сары , қызыл , көк , үлкен
жəне көптеген жемістер өседі. жеміс-жидектерді
Содан
кейін
қолына
суғарғанды
өте ұнатады.
сон-
дықтан
Ақыры де қалың қою пен қуанды, ал əпке-
артына
жасырынып
жауа
бастады.
сі көңілсіз болды. түскі асқа бақшадан өскен мен дəмді салат пен
дайындады. Əжесі мақтап " өсіруге сен көмектестің. Сен менің бірінші
көмекшімсің!" – деді. " жоқ, бірінші көмекші – Құдай, екінші көмекші
ал мен
ҮШІНШІ КӨМЕКШІМІН
" – деді.
8
9
Құдай – менің жəрдемшім
Сен – менің көмекшімсің,
Сенің қанатыңның астында мен
қуанышқа бөленемін» (Зəбүр 62:8).
Дəуіт пайғамбар Құдай туралы былай деп жазды: «Сен – менің көмекшімсің,
Сенің қанатыңның астында мен қуанышқа бөленемін» (Зəбүр 62:8).
Дəуіттің кім екені есіңде ме? Иə, ол жекпе-жекте Ғолиатты жеңген. Ол Ғолиатты қалай
жеңді? Өйткені ол өзіне, өзінің күші мен ептілігіне емес, Құдайға сенді. Тек өзіне ғана се-
нетін адамдар бар. Олар ешкімнің көмегін қажетсінбейміз деп ойлайды. Бұлар тəкаппар
адамдар. Ал Киелі кітап Құдайдың тəкаппарларға қарсы тұратынын айтады. Ол: «Жарай-
ды, өздерің істеп көріңдер», – дегендей болады. Ал əлгі адамдардың ойлағандары іске
аспаса немесе бастарына қиындық түссе, жүректері қатайып, өмірден түңіліп кетеді.
Ал Құдайға үміт артатын адамдарда мұндай болмайды. Тіпті ойлағандары іске аспаған
күннің өзінде, олар Құдайдың өздеріне көмектесетінін біледі, Одан көмек сұрай алады.
Жер бетінде көмекке мұқтаж болмайтын адам жоқ. Бірақ мұқтаждыққа тап болған кез-
де кімнен көмек сұраудың қажеттігін адамдардың барлығы бірдей біле бермейді. Сен
Құдайдан көмек сұрау оңай нəрсе емес деп ойлайсың. Мен де кейде солай ойлаймын.
Құдай соншалықты ұлы, ал біз болсақ... Оған лайықты емеспіз. Бірақ Құдайға біздің Өзінен
көмек сұрағанымыз ұнайды. Ол Өз ұлылығын, бізге деген сүйіспеншілігін түйсінгенімізді
ұнатады. Ол бізді өте жақсы көреді! Біз өзіміз жақсы көретін адамдарға қуана көмектесеміз
ғой, солай емес пе? Сол секілді, адамдардың барлығын жақсы көретін Құдай біздің Өзіне
бет бұрғанымызды күтеді. Ал мұны
кезкелген уақытта жасауға болады. Ол
бізді күндіз де, түнде де тыңдауға дай-
ын. Егер қиыншылықтарға тап болсақ,
бір нəрседен қорықсақ немесе қауіпті
жағдайға душар болсақ, сиынуымызға
болады. Жаттап алған мінəжатпен
сиынуға да болады, бірақ, ең дұрысы,
Құдайға өзіңді мазалаған жайт туралы
өз сөздеріңмен айтып беру. Ол сені
міндетті түрде естиді.
Егер де сен өзіңді əлсізбін, ешкімге
керексізбін, адамдарға жақсы əсер ете
алмаймын деп сезінетін болсаң, онда
бір кезде Дəуіт пен Мұсаның қандай
адамдар болғанын есіңе түсір. Саған
не үшін жабықпау керектігін білесің бе?
Өйткені Құдай оларға айтқаны секілді,
саған да: «Мен саған жар боламын! Тек Менің соңымнан еріп, айтқанымды орындай. Сон-
да сен ештеңеден қорықпайтын боласың жəне менің тапсырғандарымның бəрін орындай
аласың», – дейді. Оған шын жүрегіңмен сенім арт.
Болат ҚАҺАРМАН
9
10
Мұсаның шақырылуы
«М
ына ғажапты қара!» – деп таңданды
Мұса жанып жатқан, бірақ өртеніп кет-
пейтін тікенді бұтаны көріп. «Барып, мұның
неғылған ғажайып екенін көрейін, – деп ойла-
ды ол. Мұса өзінің қайын атасы, мадияндық
діни қызметкер Етордың малын бағып жүрген.
Сол күні ол мал жаятын жақсы жайылым із-
деп шөлдаланың алыс түкпіріне кетіп қалған
болатын. Ақыры ол Хориб тауына келіп жет-
ті. Жанып жатқан тікенді бұтаны ол осы жер-
ден көрген еді. Кенеттен ол «Мұса! Мұса!»
деп шақырған дауысты естіді. Жан-жағына
қарап, ешкімді көре алмаған Мұса өзін көктен
шақырып тұрғанын түсініп: «Мен сені тыңдап
тұрмын, Тəңірім!» – деп жауап қатты. Сон-
да Құдай оған: «Аяқ киіміңді шеш, сен басып
тұрған жер – киелі», – деді. Содан соң Құдай:
«Мен əкеңнің Құдайымын, əрі Ыбырайым,
10
11
Мұсаның шақырылуы
Ысқақ жəне Жақыптың Құдайымын», – деді. Мұса Оған қарауға дəті бармай бетін жауып
алады. Ол қатты қорқып кеткен еді. Құдай оған Исраил халқын Мысырдың құлдығынан
азат еткісі келетінін айтты. Олардың Мысырда азап шегіп жүргендеріне ұзақ уақыт болған
еді. Ол исраилдықтарға ағы мен балы мол жер бергісі келеді. Бұл жерді Ол Өзінің досы
Ыбырайымға мұраға беруге уəде еткен болатын.
Мұса өзі перғауын сарайында жүріп яһудилердің азапты өмірін көргенде, оларға өз
бетінше көмектеспек болғанын есіне алды. Ол тіпті яһудилерге қиянат жасағандардың
бірін өлтірген де еді, бірақ содан кейін Мысырдан қашуға мəжбүр болды. Міне, Мұса енді
қырық жыл бойы Мысырда азап шегіп жатқан Исраил халқынан жырақта өмір сүруде.
Құдайдың Өз халқына көмектеспек болғанына Мұса қатты қуанды. Құдай оған Мысырға
барып, перғауынға Исраилдың Құдайының яһудилерді босатуын талап ететінін жеткізу-
ді бұйырды. Ал яһудилерге өзін Құдай оларды құлдықтан азат етіп, Ыбырайымға уəде
еткен жеріне жеткізу үшін жібергенін айтуы тиіс. Сол кезде Мұсаның жүрегін қорқыныш
жайлады. Құдай оның Мысырға баруын қалайды екен. «Олар: «Оның есімі кім?» – деп
сұрайды ғой, сонда не деп жауап беруім керек?» – деді. «Мен Жаратқан Иемін...
Исраилдіктерге өзіңді Жаратқан Иенің жібергенін айт», – деді Тəңір.
Мұса өзінің тұтығып дұрыстап сөйлей алмайтынын айтып, Құдайдың тапсырмасын
орындаудан бас тартуға тырысты. Оның үстіне бұл өте ұлы іс, ол мұның қолынан келе
қояр ма екен? Құдай оған жар болып, көмектесетінін айтса да, Мұса Одан бұл іске басқа
біреуді жіберуін өтінді.
Құдай онымен көп уақыт бойы əңгімелесіп, оны қорықпауға жəне Оның сөзіне
бағынып, Исрил халқын құлдықтан азат ету үшін Мысырға баруға көндірді. Сөйтіп, Мұса
Құдайдың сөзіне құлақ асты. Осылайша ол Құдайдың пайғамбары, Исраилдің көсемі,
құтқарушысы жəне заң, шығарушысы болды. Мұсаның қызметке шақырылуы жайлы сен
Киелі кітаптан оқи аласың.
Болат ҚАҺАРМАН
Суретін салған Александр БАСС
11
12
Есенгүл ШАМШИБАЕВА
Жазғы ыстықта балалар үшін өзенге шомылғаннан артық нəрсенің
болуы мүмкін бе? Сондықтан да болар, біздің ауланың балалары күн
сайын велосипедтеріне мініп, ауылдың сыртындағы үлкен өзенге
шомылуға барады. Болат өте жақсы жүзе алады, Серік те тəп-тəуір
жүзеді, ал Қуат болса малтуды жаңа-жаңа үйреніп жүрген. Балалар
бүгін өзен жағасына өте ерте келді. Жағада əлі ешкім жоқ болатын.
– Қалай, сал жасаймыз ба? Кеше мен анау тұстан ыңғайлы
бөренелер көрген едім.
Тездетіп соларды жинап келейік, – деді Бақыт. Төбешіктің арғы
жағынан балалар бірнеше бөрене тауып алды. Олардың жанында
бұтақтары үйіліп жатыр.
– Жақсы болды, бұл бізге молынан жетеді, – деді Серік қуанып.
– Онда іске кірісейік! Қуат, сен сымтемір мен арқанды алып шықтың
ба?
– Иə, мінеки.
Балалар ынталана іске кірісіп кетті де, арада көп уақыт өтпей
шағын сал дайын болды. Дəл бір шым-шытырық оқиғалы фильмдегі
секілді. Бұл түсінікті де еді, себебі Бақыт жақында ғана Робинзон
Робинзондар__12__13'>Робинзондар
12
13
Крузо туралы кітапты оқыған болатын. Балалар қайық та жасап алған болар еді, оны неден
жасайды? Бірақ мына сал да жаман емес. Балалар оны суға қарай сүйретіп əкеледі.
– Тоқтаңдар! Мұның ортасына қолшатыр бекіту қажет. Мен оны кітаптан көргенмін. Мұның
керемет болатыны сондай, тіпті бұған Робинзонның өзі қызыққан болар еді, – деді Бақыт
сенімді үнмен.
Ол шешесінің жап-жаңа қолшатырына көз тастап қойды.
– Əрине, обал-ақ, бірақ басқа ыңғайлы еш нəрсе жоқ. Не болар дейсің? Олар қолшатырды
салдың ортасына тез-ақ байлап тастады. Содан соң ескектің орнына ұзын сырықтар даярла-
ды. Міне, бəрі дайын болды. Олар салды жайлап суға түсірді.
– Ол бізді көтере алар ма екен? – деді Қуат күмəнданып. – Мен əлі жақсы малти білмеймін
ғой.
– Немене, қорқып тұрсың ба? Тереңнен қорқасың ба, онда бізбен бірге отырмай-ақ
жағалаумен жүгіріп отырсаң болады – біздің «Жұмамыз» боласың!
Бірақ неге екенін белгісіз, Қуаттың жабайы Жұма болғысы келмеді де, бойындағы
қорқынышын басып, салға келіп отырды.
– Бəрі дайын! Жағадан жылжып кетейік! – деп бұйырды Бақыт. Сөйтіп кішкентай
сал шынымен-ақ өзенді бойлап жүріп кетті. Бақыт қуана ысқырып жібер-
ді, Серік үндістердің көсемі секілді дыбыс шығарды, ал Қуат бол-
са бұтадан тастай қылып ұстап алып, қорқынышын
сездірмей, күлімсіреуге тырысып бақты. Бала
достарының қорқақ немесе қыз деп мазақ
етулерін қаламады. Алғашында бəрі
жақсы болып келе жатқан. Сал жағадан
алыстай бергенде, кенет, қатты ағысқа
тап болып, шайқатылып кетті. Сол
Робинзондар
13
14
кезде қас қылғандай олардың алдынан үлкен тырбиған ағаш тап келді. Бақыт «ескегімен»
одан итеріп үлгіре алмай қалды да, сал аударылып кетті. Бақыт бірден су бетіне жүзіп шығып,
бөренеден ұстай алды, ал Серік сəл əріректен шықты да, айналасына мазасыздана көз та-
стады. Бақыт:
– Қуат! Қуат! Сен қайдасың? – деп бар дауысымен айқайлады. Кенет балалардың
арт жағынан Қуаттың: «Құдайым, мені кешіре гөр! Мені құтқара гөр, Тəңірім!» – деген да-
уысы естілді. Ол жан дауысы шыға: «Құдайым, мен батып барамын! Маған көмектес!» – деп
айқайлаумен болды. Балалар оған жақындап жүзіп барып, салдан жармасуы үшін оны балаға
қарай итеруге тырысып бақты, бірақ қайдан болсын! Қуат қатты ағысқа тап келді. Құдайдан
көмек сұрап əлі айқайлап келе жатқан баланың санасында кенеттен: «Малты!» деген ой жарқ
ете қалды. Сөйтті де ол малтып кетті. Бала өзін көрінбейтін біреу демеп келе жатқандай сенім-
ді де жеңіл малтып келеді. Өзен əрі қарай бұрылып ағатын. Сол жерде ағыс баяулады да, Қуат
жағаға шығуға мүмкіндік алды. Ал достары болса бар екпіндерімен жүгіріп келе жатты.
– Құдайдың маған қалай көмектескенін көрдіңдер ме? – деді бала оларға қуанышты үнмен.
– Көрдік, – деді Бақыт нық сеніммен, – сен мұншалықты жақсы сиынуды қайдан үйреніп
алғансың?
– Атамнан үйрендім. Ол қуанышта да, қайғыда да Құдайсыз өмір сүруге болмайтынын, ылғи
айтып отырады. Оның кез келген жағдайда көмектесетінін айтады. Түсіндіңдер ме?
– Түсінгенде қандай! Қуат, сен əлгі дұғаңды маған жазып берші, жарай ма? – деп өтінді
Бақыт одан.
– Маған да, – деді Серік оны қостап.
– Эх, сендер де қызықсыңдар, жазып бер, жазып бер! Өз сөздеріңмен шын жүректен сиыну
қажет!
– А-а-а! – деді бəрін түсінген Бақыт.
Балалар үйлеріне велосипедтерін жетелеп жаяу қайтты. Өйткені велосипедтің үстінде
келе жатып қалай əңгімелесесің? Ал олардың айтар əңгімелері көп болатын. Жоқ, сал-
мен саяхат шеккендері жайлы ғана емес. Жас Робинзондар бүгін Жаратушы жайлы
əңгімелесіп, ертең өзен бойына емес, Қуаттың атасына қонаққа баруға шешім
қабылдады.
Суретін салған Мұсабек АСАНБЕКОВ
СЕН ОЛАРДЫҢ АТЫН БІЛЕСІҢ БЕ
?
14
15
2
СЕН ОЛАРДЫҢ АТЫН БІЛЕСІҢ БЕ
?
1
3
4
Бұл кім?
Бұл кім?
Бұл кім?
Бұл кім?
Бұл кім?
Суретін салған Л. ГОРОШКО
Оның аты «Құдайдың көмегі» деген мағынаны
білдіреді. Ыбырайымның үйінде тұрып, оның бас
қызметшісі болды. Егер Ыбырайым ұрпақсыз
қалғанда оның мұрагері болатын еді. Ыбырай-
ым оны ұлы Ысқаққа қалыңдық таңдауы үшін
Месопотомияға жіберді.
Оның есімі: «Құдай естіді» деген мағынаны біл-
діреді. Ұлын Құдайға қызмет етуге беремін деген
баласыз əйелдің мінəжатына Тəңір құлақ асты.
Жас күнінен бастап ғибадатханада қызмет етті.
Бір күні түнде Құдайдың дауысын естіді, содан
соң Құдай онымен өмір бойы сөйлесіп жүрді. Ол
Исрайыл билерінің ең соңғысы болды. Исраилдің
алғашқы екі патшасын таққа отырғызды.
Оның есімі «Құдай – көмек» дегенді білдіреді.
Иса Мəсіх дүниеге келерден бұрынғы бесінші
ғасырда өмір сүрген. Діни қызметкер, Һаронның
ұрпағы. Көшірмеші болғандықтан Мұсаның
заңдарын жақсы біледі. Бабыл құлдығынан
оралғаннан кейін, халыққа алаңда тұрып Құдай
Заңдарын оқып берді. Артаксеркс патшаның
тұсында, шамасы, оның яһудилер жөніндегі
көмекшісі қызметін атқарған болса керек. Киелі
кітаптың екі кітабының авторы.
Оның есімі «Құдай сауықтырған» деген мағына
береді. Патшалық екіге бөлінгеннен кейін
Яһуди патшасы болған. Ол əкесінің патшалық
тағына отырған кезінде сегіз жаста болды. Иса
Мəсіх дүниеге келерден бұрынғы 640–609 жыл-
дар аралығында патшалық құрды. Ол Дəуіттің
əулетінен шыққан соңғы əділетті патша болды.
Көптеген маңызды істер жасады, оның ішінде
Құтқарылу мейрамын тойлауды жолға қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |