Балаларға арналған рухани-танымдық журнал 4/2009


Жауап: Жар. баст. 15:2; 24-  тараулар  Жауап



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.02.2017
өлшемі8,17 Mb.
#3488
1   2   3

ЖауапЖар. баст. 15:2; 24- 

тараулар 



Жауап:  Киелі жазбаның 15, 

16-кітабы



Жауап: 4Пат. 22, 23 тараулар

Жауап:1-Пат. 1-25 тараулар.

Құрастырған Эльвира ҚАҺАРМАН

15

16

ƏЛЕМДЕГІ КӨНЕ ҚАЛАЛАРДЫҢ БІРІ

Жерорта теңізінің жағасында орналасқан Иоппе (еврейше – 

Яффо, грекше – Иоппия) қаласының салынғанына 3600 жылдай 

дерлік уақыт болған. Киелі кітаптан біз оның алғашында філістір-

ліктер мен қанахандықтарға тиеселі болғанын білеміз. Иса Мəсіх 

дүниеге келгенге дейінгі 144 жылы ол яһудилердің қолына өтті, 

ал Иса Мəсіх дүниеге келерден бұрынғы 63 жылы оны римдіктер 

жаулап алады. Иоппе айлағы – əлемдегі ең ежелгі айлақтардың 

бірі жəне əр уақытта да ол мемлекеттің дамуында маңызды рөл 

атқарды. Ал Тель-Авив қаласының іргетасы Иоппенің шеткері ау-

даны ретінде тек 1909 жылы ғана қалана бастады. 1949 жылы 

Иоппе  мен  Тель-Авив  бірігіп,  ресми  түрде  Тель-Авив  –  Иоппе 

деп аталады. Қарқындап дамыған айлақты қала біртіндеп ежелгі 

қала Иерусалиммен бақ таластыра бастады.

Исраилдің астанасы Иерусалим екендігіне қарамастан, елдің 

сауда, қаржы жəне мəдени орталығы болып Тель-Авив – Иоппе 

саналады. Бұл – Исраилдегі көлемі жағынан екінші үлкен қала. 

Онда 371 мың адам тұрады.

Өткен  жылы  Киелі  кітаптағы  аты  аталған  орындар-

ды  аралағанда,  біз  көне  Иоппеде  де  болдық.  Бізді  бұл 

қаланың  киелікітаптық  тарихы  қызықтырған  еді.  Киелі  кітапта 

Сүлейменнің  ғибадатханасын  салуға  жұмсалған  ливандық  са-

мырсын ағаштарының Иоппеге жеткізілгендігі жайлы жазылған 

(Шежіре  2:16).  Жүніс  пайғамбар  Тарсиске  қашқан  кезінде  осы 

қаладан жүзіп шыққан (Жүніс 1:3). Елшілердің істері кітабында 

Елші Петірдің осы қалада Табита есімді əйелді қайта тірілткен-

дігі жайлы жазылады (Ел. іс. 9:36–43). Келесі тарауда біз Иоп-

пе  қаласында  болған  тағы  бір  маңызды  жайт  туралы  оқимыз. 

Сол  жерде  тері  илеуші  Шимон  деген  адамның  үйінде  тұрып 

жатқан Петір Құдайдан пұтқа табынушыларды да бауыр ретін-

де қабылдау туралы аян алды. Үйдің шатырында мінəжат етіп 

отырған  Петірді  көзге  оңай  елестетуге  болады,  өйткені  қазіргі 

күндері де үйлердің төбелеріндегі ашық жайлар көшеге сəн бе-

ріп тұр. Құдай өз уəделеріне берік. Сол үшін Ол бір кездері Пе-

тірді тапқандай, қазір де Өзінің құтқарылуға қатысты жоспары-

на атсалысуға дайын адамдарды тауып алады. Сен Құдайдың 

өзіңді кішкентай елші ретінде пайдалануына дайынсың ба? Сен 

Исрайыл елі мен оның халқы үшін мінəжат ете аласың ба, өйткені 

ондағы саяси ахуалдың шиеленісуіне қарамастан, Құдайдың бұл 

елге қатысты үлкен жоспары бар. Бұл сапар маған киелікітаптық 

оқиғаларды жаңа қырынан көруге мүмкіндік берді. Киелікітаптық 

көне қалалар ғана емес, қазіргі заманға сай айлақты қала Иоппе 

де маған естен кетпес əсер қалдырды. 

Маргрет ЭНГЕНХАРТ

Иоппе порты

 Тері тігуші Шимонның үйі

Көне Иоппенің көшесі



Иоппе

16

17

Гондтар


ОРТАЛЫҚ 

ҮНДІСТАНДАҒЫ ОРМАН 

ТҰРҒЫНДАРЫ 

Бізге кім көмектесе алады?



ОРТАЛЫҚ ҮНДІСТАНДАҒЫ ОРМАН 

ТҰРҒЫНДАРЫ 

«Енді не істесек болады? Ауылда аурулар көбейіп  

барады. Бұл ауру өлтірмей тынбайды. 

Адамдардың  біразы  қайтыс  болып  кетті, 

қалғандары  өте  əлсіз.  Біз  бақсыға  бардық.  Ол 

аруақтарына  сиынып,  құрбандық  шалды,  бірақ 

онысынан ауру одан əрі асқынып кеткендей болып 

көрінеді. Аруақтар неге бізге қырын қарайды? Енді 

не істейміз? Бізге кім жəрдемдесе алады?» – дейді 

Арыстанды ауылының тұрғындары.

«Бəлкім  мəсіхшілер  мен  олардың  жетекшісінен 

сұрағанымыз дұрыс болар? – деген ұсыныс айтты 

тұрғындардың бірі. – Олар өз Құдайларының біздің 

барша рухтарымыздан мықты екенін айтады. Мүмкін 

бұл аурудың таралуын солардың Құдайлары тоқтата 

алар».


Ауыл тұрғындары мəсіхшілерге ке-

ліп:  «Сіздер  бізге  көмектесе  аласыз-

дар  ма?»  –  деп  сұрады.  «Иə,  –  деп 

жауап  берді  үнділік  уағыздаушы.  – 

Мен сіздер үшін мінəжат етемін жəне 

ауылдағы мəсіхшілер де сиынатын бо-

лады. Біздің Құдайымыз өзге құдайлар 

мен  рухтардың  бəрінен  де  құдіретті. 

Егер біз мінəжат ететін болсақ, онда 

Ол біздің мінəжатымызға құлақ асып, 

міндетті түрде жауап беруге уəде ете-

ді.  Бұл  кеселден  айықтыруға  Оның 

күші жетеді». 

Мəсіхшілердің  мінəжатынан  кей-

ін  Құдай  Арыстанды  ауылындағы  он 

науқасты сауықтырды.

«Енді  біз  мəсіхшілердің  Құдайының  рухтардан 

күшті  екенін  білеміз,  –  десті  аурудан  айыққандар. 

– Оның соңынан ергіміз келеді». 

Арыстанды  ауылы  Орталық  Үндістандағы 

ормандардың 

түкпірінде 

орналасқан. 

Ауыл 


тұрғындары гондтар тайпасына жатады. Үндістанда 

көптеген  тайпалар  бар,  бірақ 

олардың басым көпшілігін гондтар 

құрайды.  Олардың  басым  бөлігі 

–  анимистер  (Барлық  заттардың 

жаны болады деп есептейтіндер).

Гондтар  жаман  рухтардан 

қорқады.  Олар  жаман  рухтар 

өздерін  барлық  жерде  –  егістік-

терде,  орман  ішінде,  үйлерінің 

айналасында  жамандық  жасау 

үшін  торып  жүреді  деп  сене-

ді.  Гондтар  өздерін  мазалама-

сын  деген  үмітпен  əлгі  рухтарға 

құрбандықтар шалады.

Орманда  мекендейтін  гонд-

тардың  көпшілігі  мал  жəне  егін  шаруашылығымен 

айналысады. Олар ірі бұршақ, бидай, жүгері өсіреді. 

Үйлерін негізінен бамбук ағашынан салып, төбесін са-

банмен жауып қояды. Бұлар бір немесе екі бөлмеден 

тұратын аса қарапайым үйлер. Бөлмелердің бірінде 

ағаштан жасалған бірнеше үстел тұрады жəне онда 

аспалы төсек болады. Екінші бөлме ас үй қызметін 

атқарады. 

Қартаң  адамдардың  көпшілігі  не  оқи  алмайды, 

не жаза білмейді. Сондықтан да олар өз заттарын 

қалаға сатуға апарғанда саудагерлердің алдауына 

жиі түседі. Үндістан үкіметі оларға көмекте-

суге əзір. Қазір гондтардың балаларын 

оқытатын мектептер ашылуда.



Гондтар

Сен білесің бе?

Гондтардың екі негізгі 

құдайлары бар. Гондтар 

олардың бірі əлем жаратыл-

мастан алты ай бұрын, ал 

екіншісі əлем жаратылғаннан 

кейін алты айдан соң пайда 

болғанына сенеді. Олардың 

бұлардан басқа да көптеген 

құдайлары бар, əр отбасында 

өздерінің жеке құдайлары 

болады. 


ОРМАН ІШІНДЕГІ АУЫЛ ТУРАЛЫ

17

18

Арыстанды  ауылының  тұрғындарының  бір  бөлігі 

– мəсіхшілер. Мүмкін сенің оларға барып қайтуға ниетің 

бар  шығар?  Ол  жерлерде  автокөлік  жолдары  жоқ. 

Оларға жету үшін саған өгіз арбамен күні бойы жүруге 

тура келеді. Олардың арбаларында жайлы орындықтар 

болмайды.  Жалпы,  кедір-бүдір  жолмен  келе  жатқан 

олардың арбаларының үстінде сен өзіңді онша жайлы 

сезіне қоймайсың.

Мүмкін  жолдың  қашықтығына  қарамастан  жаяу 

жүргенің  дұрыс  болар?  Онда  сенің  айналаны 

тамашалауға  жеткілікті  уақытың  болады.  Орман  іші-

мен  келе  жатып  аю  немесе  жолбарысты  кездестіруің 

де ғажап емес. Арыстанды ауылында сені мəсіхшілер 

мен  сол  жерде  тұратын  үнділік  уағызшы  күтіп  алады. 

Олар сенің келгеніңе қуанады жəне онда өзіңді жақсы 

сезінуің үшін барлық жағдайды жасайды.

Гондтық  мəсіхшілер  Иса  Мəсіх  туралы  жəне  Оның 

өздеріне  деген  сүйіспеншілігі  жайлы  əндер  айтқанды 

ұнатады. Олар, жалпы, əн айтқанды жақсы көреді. Иса 

туралы мүмкіндігінше көбірек біле түскілері келеді.

Олар саған өмірлерін Иса қалай өзгерткені туралы 

əңгімелеп береді. Иса оларды жаңа адамдарға айнал-

дырды,  оларға  тыныштық  пен  қуаныш  сыйлады.  Рух-

тардан қорқып өмір сүрудің қажетсіздіген өзге гондтар 

да білуі тиіс. Арыстанды ауылының мəсіхшілері мұны 

біледі, өйткені олар ауырған кезде тек Иса Мəсіх қана 

көмектесе алады.

    

ИЕМІЗ ИСА!



1.  Сенің қуанышың Арыстанды ауылы-

 

ның  мəсіхшілерімен  ұдайы  бірге  бол-



сын. Оларға Өзіңнің сүйетіндігіңді түсі-

 

нулеріне көмектесші!



2.  Оларға өздері қорқатын барлық рухтар-

дан Сенің құдіретті екеніңді көрсет.

3.  Арыстанды  ауылының  мəсіхшілеріне 

қаншалықты  кедей  тұрса  да,  Сенің 

меншігің  болғандықтан  соншалықты 

бай екендерін сезінуіне көмектесе гөр!

4.  Тағы да көптеген гондтар Сенің оларды 

сүйетініңді жəне əр уақытта көмектесуге 

дайын екеніңді білсін.

5.  Саған гондтардың арасында Ізгі хабар-

ды  таратып  жүрген  уағызшылар  үшін 

алғыс  айтамын.  Оларды  ормандағы 

ауылдарға  апаратын  қауіпті  жолдарда 

қорғап-қоршап жүргейсің!

6.  Сенің  Киелі  Рухың  уағызшылардың 

Ізгі  хабарды  дұрыстап  жеткізулеріне 

көмектесіп, тағы да көптеген гондтарды 

Құдай жолына алып келсін.

7.  Киелі  кітапты  гондтардың  тіліне  ауда-

рып  жатқан  аудармашылардың  бəріне 

батаңды бере гөр!

ГОНДТ


АР ҮШІН МІНƏЖА

Т ЕТ


Көптеген гондтық ауылдарда Иса туралы əлі еш 

нəрсе білмейді. Сен олар үшін сиынғың келе ме?

АРЫСТАНДЫ АУЫЛЫ

ГОНДТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ КӨМЕКТЕС 



Дафне СПРАГГЕТ

Суретін салған 

Елена МИХАЙЛОВА РОДИНА

18

19

Арыстанды  ауылының  тұрғындарының  бір  бөлігі 

– мəсіхшілер. Мүмкін сенің оларға барып қайтуға ниетің 

бар  шығар?  Ол  жерлерде  автокөлік  жолдары  жоқ. 

Оларға жету үшін саған өгіз арбамен күні бойы жүруге 

тура келеді. Олардың арбаларында жайлы орындықтар 

болмайды.  Жалпы,  кедір-бүдір  жолмен  келе  жатқан 

олардың арбаларының үстінде сен өзіңді онша жайлы 

сезіне қоймайсың.

Мүмкін  жолдың  қашықтығына  қарамастан  жаяу 

жүргенің  дұрыс  болар?  Онда  сенің  айналаны 

тамашалауға  жеткілікті  уақытың  болады.  Орман  іші-

мен  келе  жатып  аю  немесе  жолбарысты  кездестіруің 

де ғажап емес. Арыстанды ауылында сені мəсіхшілер 

мен  сол  жерде  тұратын  үнділік  уағызшы  күтіп  алады. 

Олар сенің келгеніңе қуанады жəне онда өзіңді жақсы 

сезінуің үшін барлық жағдайды жасайды.

Гондтық  мəсіхшілер  Иса  Мəсіх  туралы  жəне  Оның 

өздеріне  деген  сүйіспеншілігі  жайлы  əндер  айтқанды 

ұнатады. Олар, жалпы, əн айтқанды жақсы көреді. Иса 

туралы мүмкіндігінше көбірек біле түскілері келеді.

Олар саған өмірлерін Иса қалай өзгерткені туралы 

əңгімелеп береді. Иса оларды жаңа адамдарға айнал-

дырды,  оларға  тыныштық  пен  қуаныш  сыйлады.  Рух-

тардан қорқып өмір сүрудің қажетсіздіген өзге гондтар 

да білуі тиіс. Арыстанды ауылының мəсіхшілері мұны 

біледі, өйткені олар ауырған кезде тек Иса Мəсіх қана 

көмектесе алады.

ЕКІНШІ ТЫНЫС

Сенім МЕНДІКОВА

«Маған жалбарын – сонда 

Мен жауап беремін, сен 

білмейтін ұлық жəне сенің 

қолың жетпейтін нəрсені саған 

көрсетемін». Еремия 33:3

 

Естен кетпес сол оқиғадан бері қарай үш жыл 



өтті. Ол əжейдің есінде ғана емес, жүрегінде де 

терең із қалдырды. Əжей де сол оқиғаны көзіне 

жас алмай елестете алмайды... «Сен мен үшін 

өте қымбатсың! – деп жиі қайталайды ол 

немересіне. – Мен сен үшін көп уайым 

шектім!»


Операция жасалатын сейсенбі күні 

болатын. Тоғыз жасар Алмасты 

операцияға дайындап жатты. Ол 

емханада əжесімен бірге еді. 

Үйде оның кішкентай үш 

інісі мен қарындасы 

қалғандықтан, 

шешесі 


Алмаспен 

бірге бола 

Сенім МЕНДІКОВА

  

  Естен  кетпес  сол  оқиғадан  бері  қарай  үш  жыл  өтті.  Ол  əжейдің  есінде 



ғана  емес,  жүрегінде  де  терең  із  қалдырды.  Əжей  де  сол  оқиғаны  көзіне 

жас алмай елестете алмайды... «Сен мен үшін өте қымбатсың! – деп жиі 

қайталайды ол немересіне. – Мен сен үшін көп уайым шектім!»

Операция жасалатын сейсенбі күні болатын. Тоғыз жасар Алмасты 

операцияға дайындап жатты. Ол емханада əжесімен бірге еді. Үйде 

оның кішкентай үш інісі мен қарындасы қалғандықтан, шешесі Ал-

маспен бірге бола алмады. Бөлмеге қолына дəрі толтырылған 

ине ұстаған кезекші медбике келіп кірді. Ол Алмастың төсегінің 

қасына жақындап келді де, күлімсіреп:

–  Алмасжан,  қазір  саған  ине  саламыз,  ыңғайланып 

жата ғой! – деді.

Бала күрсінді де, аударылып етбетінен жатты. Ал-

мас  өзін  не  күтіп  тұрғанын  білетін.  Осыдан  жарты 

жыл  бұрын  оған  бір  операция  жасаған  болатын, 

енді оны екінші операцияға дайындап жатыр. 

Медбике  инесін  салып  болды  да,  Алмас 

қайтадан  шалқасынан  жатты.  Оның  үлкен 

қара көздерінен аққан жас сорғалап ба-

рады.

–  Алмасжан,  жылама.  Сен 



ақылды  бала  едің  ғой!  –  деді 

медбике оны жұбатып.

Бірақ  көз  жасына  ие 

болу оңай емес еді. 

Алмас үнсіз жылап 

ж а т т ы . О н ы ң    

т ө с е г і н і ң 

басында 


«Маған жалбарын – сонда 

Мен  саған  жауап  беремін  де, 

өзің  білмейтін  асқан  кере-

меттер мен қол жетпес 

дүниелерді  көрсетемін». 

Еремия 33:3

Екiншi тыныс

19

20

еңкейіп  тұрған  əжесі  немересінің  жүзінен  көзін  алар  емес.  Кенет  баланың  көздері  жұмылып  кетті,  оны 

ұйықтап жатыр деп ойлауға  да болатын. Бірақ сол кезде əжесі оның жүзінің көгеріп бара жатқанын байқап 

қалды. 


– Баланың демі тоқтап қалды! – деп айқайлап жіберді ол.

Медбике балаға қарай ұмтылып, үстінен көрпесін жұлып алды да, оған жасанды тыныс алдыра баста-

ды.

– Алмасжан, оян! Алмасжан, ояна ғой! – дейді арасында дегбірі қашып.



Əжей еріндері дірілдеп: 

–  Тəңірім  көмектесе  гөр!  –  деп  күбірледі  де,  сасқалақтап  қалған  медбикеге  көмектесу 

үшін дəрігерді шақыруға дəлізге қарай жүгірді. Дəліздегі бөлмелерді шыр айна-

лып шыққан əжей ешкімді таба алмады. Бір кезде дəліздің соңынан бір медбике 

көрінді. Əжей:

– Тезірек мұнда кіріңіз! Оның тынысы тарылып жатыр! – деп оған қарай тұра 

ұмтылды. 

– Кім? – деді сасып қалған медбике

– Алмас, Алмас дем алмай жатыр! – деді əжей дауысы əзер шығып. Медби-

ке жүгіре басып бөлмеге кірді. Олар баланы төсектен арбаға салды да, опера-

ция жасайтын бөлмеге қарай ала жөнелді. Бұл уақытта дəрігерлердің барлығы 

сол жерде операция жасап жатқан болатын. 

Ал əжей болса терезенің алдына тұрып алып жылаумен болды. Ол қолдарын 

кеудесіне қойып, көздері жасқа тола көкке қарады да:

– Тəңірім, көмектесе гөр! Өтінемін, менің Алмастайымды құтқара гөр... 

– деп күбірледі.

Арада зілдей бірнеше минөт өтті. Бір кезде операция бөлмесінің 

есігі ашылып, сыртқа анестезиолог-дəрігер шықты. Ол үнсіз жылап 

тұрған əжейге таяп келді де, оның иығынан құшақтап:

– Жыламаңыз, Алмас дем алып жатыр! – деді. 

Арада біраз уақыт өткенде медбике шығып:

– Мазасызданбаңыз! Алмасқа    

қазір операция жасап жатыр

 –    деді.

  

20


21

Бірақ əжей көздерінен ағып жатқан жас тамшыларына ие бола алмады. Алайда енді бұл уайымның ғана 

емес, өз мінəжатын естіп, оған сол мезетінде жауап қайырған Құдайға деген алғыс көз жасы да еді. Содан 

соң ол Құдайдан дəрігердің қолына қуат беруін жəне Алмастың операцияны жақсы көтеруін сұрап мінəжат 

етті. Əжей күні бойы өзіне де күш беруін сұрады, өйткені ол операциядан соң немересіне қарауы керек 

қой.


Операция аяқталуға таяп қалды, ал əжей болса дəлізді бойлай жүріп сиынумен болды. Ол немересін 

тезірек көргісі келіп асықты. 

Міне, Алмасты өз палатасына алып келіп төсегіне жатқызды. Əжей оның төсегінің шетіне отырды 

да, еркелете басынан сипап, маңдайынан сүйді. Бала денені жансыздандыратын уколдан кейін 

өз-өзіне келді де, көздерін ашып:

– Əже, тұла бойым ауырып тұр... – деп күбірледі.

Ештеңе етпейді, Алмасжан, қауіптің бəрі артта қалды. Енді ауырғаның басылады. 

Құдайдың  көмегімен  жақсы  болып  кетесің,  сосын  үйге  қайтамыз,  –  деді  əжесі  оны 

жұбатып.

Операциядан кейін екі тəулік өтті. Таңертеңгілік мезгіл болатын. Алмас арқасына 

əжесі  қойып  берген  жастыққа  сүйеніп,  қойын  дəптеріне  сурет  салып  отырған. 

Палатаға  баланы  операцияға  дайындаған  медбике  келіп  кірді.  Төсегінің  үстінде 

отырған Алмасты көрген ол балаға жақындап келіп:

–  Қалың қалай, Алмас? – деп сұрады.

– Жақсы! – деп жауап берді бала күлімсіреп.

Оның жүзі əлі де бозарыңқы болғанымен қуанышқа толы еді. 

– Құдайға шүкір! – деді медбике. – Əжең екеумізді неге сонша қорқыттың? 

Содан соң əжейге бұрылды да:

–  Білесіз  бе,  соншама  уақытқа  тыныс  тоқтап  қалған  баланың  аман 

қалғанын дəрігер болып істегеннен бері бірінші рет кездестіріп отырмын, 

– деді.

– Иə, Құдайға рахмет! Мұндай кереметті жасау – Алмасжа-



нымды аман алып қалу тек Оның ғана құдіретінің арқасы, 

–  деді  əжей  қуаныштан  аққан  көз  жасын  сүртіп 

тұрып. 

Суретін  салған 

Мұсабек АСАНБЕКОВ

  

21



22

ҚҰРБЫ


Куəлік

 

Асыға күткен жаз да келіп жетті. Тағы да лагерьге барғым келгендіктен, жылдың бұл 



мезгілін мен тағатсыздана күттім. Мен құрбым Айнұрға Құдай туралы, Оның жер бетіндегі 

барлық адамдарды жақсы көретіні жəне оларға көмектесетіні туралы көп əңгімелейтінмін. Бірақ 

оның бұған сенгісі келмеді. Сонда мен Айнұр бізбен бірге мəсіхшілер лагеріне демалуға барса 

жақсы болар еді-ау деп ойладым. Айнұр бұған қарсы болған жоқ, тіпті қуана келісті. 

Жолға шығар алдында мен Құдайға мінəжат етіп, Одан құрбымның дұрыс жолға түсуіне 

көмектесуін сұрадым. 

Ауа райы тамаша болып тұр, Айналадағы өсімдіктердің бəрі гүлдеп, хош иісі аңқыйды. Лагерьде 

достарымыз көп болды да, Айнұр екеуміздің бір сəтке де ішіміз пысқан жоқ. Балалар да Айнұрға 

Құдайдың сүйіспеншілігі туралы айтып берді, бірақ ол тек қолын бір сілтеп: «Менің əкем мен 

шешем бұл секілді ертегілерге сенбейді! Көзің көріп тұрмаған нəрсені қалай жақсы көріп, қалай 

оған алғыс айтасың?» – деді. Айнұр Құдайдың біздің жүрегімізде өмір сүретінін түсіне алмай-ақ 

қойды. 


Бірде біздің топ өзенге шомылуға барды. Мінəжат еткеннен соң бəріміз суға қойып кеттік. 

Айнұр өзеннің ортасына дейін жүзіп барды. Мені байқап қалған ол: «Арай, менің қасыма қарай 

кел! Менің арғы бетке жүзіп өткім келеді», – деді. Мен тереңге сүңгіп кеттім де, шамамның 

келгенінше жылдам жүзе бастадым. Əудем жерден судың бетіне қалқып шыққан мен Айнұрды 

еш жерден байқай алмадым. Оны шомылып жүргендер мен жағада қалғандардың арасынан 

іздедім, бірақ құрбым олардың арасында жоқ болып шықты. Кенет мен судың бетінен бір 

нəрсенің қараң ете қалғанын байқадым. Оған жақындай жүзіп барғанда шошып кеттім. Айнұр 

судың түбіне қарай батып бара жатыр екен. Есім шығып кеткен мен оның қолынан шап беріп, 

жанталаса жоғары қарай тарттым. Не болғанын байқап қалған өзге балалар мен тəрбиешілер 

бізге қарай көмекке ұмтылды. Айнұрды жағаға алып шығып, оған алғашқы жəрдем көрсеттік. 

Мен бір шетке отырып алып, Құдайдан құрбымды құтқарып қалуын сұрап сиына бастадым, 

өйткені ол мен үшін өте қымбат еді. Арада аз уақыт өткенде Айнұр есін жиды. 

Кешке ұйықтар алдында Айнұр екеуміз болған оқиға жайлы əңгіме еттік. Сондай тамаша жүзе 

білетін құрбым неліктен суға кетіп қала жаздады екен? Сөйтсе жақында жауған жаңбырдан кейін 

өзеннің суы салқын тартып, өзеннің ортасына дейін жүзіп барған Айнұрдың сіңірі тартылып 

қалыпты. Айнұр сол бір қиын сəтте өзінің Құдайдан көмек сұрауға шешім қабылдағанын 

мойындады. Ол сол күні тəубеге келді жəне содан бастап əрбір күні үшін Құдайға алғысын 

айтатын болды. 

Жанна ШЕБЕРОВА 14 жас,

Асыға  күткен  жаз  да  келіп  жетті.  Тағы  да  лагерьге  барғым 

келгендіктен,  жылдың  бұл  мезгілін  тағатсыздана  күттім.  Мен 

құрбым  Айнұрға  Құдай  туралы,  Оның  жер  бетіндегі  барлық 

адамдарды  жақсы  көретіні  жəне  оларға  көмектесетіні  туралы 

көп əңгімелейтінмін. Бірақ оның бұған сенгісі келмеді. Сонда мен 

Айнұр бізбен бірге мəсіхшілер лагеріне демалуға барса жақсы 

болар еді-ау деп ойладым. Айнұр бұған қарсы болған жоқ, тіпті 

қуана келісті. 

Жолға  шығар  алдында  мен  Құдайға  мінəжат  етіп,  Одан 

құрбымның дұрыс жолға түсуіне көмектесуін сұрадым. 

Ауа райы тамаша болып тұр, айналадағы өсімдіктердің бəрі 

гүлдеп, хош иісі аңқиды. Лагерьде достарымыз көп болды да, 

Айнұр  екеуміздің  бір  сəтке  де  ішіміз  пысқан  жоқ.  Балалар  да 

Айнұрға Құдайдың сүйіспеншілігі туралы айтып берді, бірақ ол 

тек қолын бір сілтеп: «Менің əкем мен шешем бұл секілді ер-

тегілерге  сенбейді!  Көзің  көріп  тұрмаған  нəрсені  қалай  жақсы 

көріп, қалай оған алғыс айтасың?» – деді. Айнұр Құдай біздің 

жүрегімізде өмір сүретінін түсіне алмай-ақ қойды. 

Бірде біздің топ өзенге шомылуға барды. Мінəжат еткеннен 

соң  бəріміз  суға  қойып  кеттік.  Айнұр  өзеннің  ортасына  дейін 

жүзіп барды. Мені байқап қалған ол: «Арай, менің қасыма қарай 

кел! Менің арғы бетке жүзіп өткім келеді», – деді. Мен тереңге 

сүңгіп кеттім де, шамамның келгенінше жылдам жүзе бастадым. 

Əудем  жерден  судың  бетіне  қалқып  шыққан  мен  Айнұрды  еш 

жерден байқай алмадым. Оны шомылып жүргендер мен жағада 

қалғандардың арасынан іздедім, бірақ құрбым олардың арасын-

да жоқ болып шықты. Кенет судың бетінен бір нəрсенің қараң 

ете қалғанын байқадым. Оған жақындай жүзіп барғанда шошып 

кеттім. Айнұр судың түбіне қарай батып бара жатыр екен. Есім 

шығып кеткен мен оның қолынан шап беріп, жанталаса жоғары 

қарай тарттым. Не болғанын байқап қалған өзге балалар мен 

тəрбиешілер  бізге  қарай  көмекке  ұмтылды.  Айнұрды  жағаға 

алып шығып, оған алғашқы жəрдем көрсеттік. Мен бір шетке от-

ырып алып, Құдайдан құрбымды құтқарып қалуын сұрап сиына 

бастадым, өйткені ол мен үшін өте қымбат еді. Арада аз уақыт 

өткенде Айнұр есін жиды. 

Кешке ұйықтар алдында Айнұр екеуміз болған оқиға жайлы 

əңгіме еттік. Сондай тамаша жүзе білетін құрбым неліктен суға 

кетіп қала жаздады екен? Сөйтсе жақында жауған жаңбырдан 

кейін  су  салқын  тартып,  өзеннің  ортасына  дейін  жүзіп  барған 

Айнұрдың сіңірі тартылып қалыпты. Айнұр сол бір қиын сəтте 

өзінің Құдайдан көмек сұрауға шешім қабылдағанын мойында-

ды. Ол сол күні тəубеге келді жəне содан бастап əрбір күні үшін 

Құдайға алғысын айтатын болды. 

Жанна ШЕБЕРОВА 14 жас,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет