Байланысты: Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы
Ата-аналар коллективімен жүргізілетін жұмыс Семьямен жұмысты ата-аналар клективтің талқысына салуды керек ететін проблемалар болады.Бұларға балалардың жасына, семьяның тұрмыс жағдайына қарамастан бәріне қатысты мәселелер жатады.мұндай проблемаларға жататындар: ата-аналардың беделі; бала тәрбиесінде семьяның рөлі, ата-аналардың міндеттері туралы советтік заңдар; балаларды мектепке дайындау туралы; ата-аналар активінің жұмысы туралы т.б. Осы мәселелерді коллектив болып талқылау ата-аналарды топтастыруға, дұрыс жұртшылық пікірін туғызуға және, ақыр соңында, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің уақыты мен күшін неғұрлым ұтымды пайдалануға көмектеседі.
Семьямен жұмыстың коллективтік формаларына мыналар жатады:ата-аналар жиналыстарытоп және жалпы жиналыстар, топ консультациялары, ата-аналарға арналған кештер.
Ата-аналар жиналысында не мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленіп жүрген барлық балалардың, не жас жағынан қосарлас топтардағы балалардың, не бір ғана жас тобындағы балалардың ата-аналары шақырылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениетін көтеру, бала тәрбиелеуде оларға көмек көрсету болып табылады. Ата-аналардың назары әдетте белгілі бір тәрбие проблемасына аударылады, ол проблема негізгі баяндамада ашылып,жиналғандардың сөздерінде талқыланады.
Ата-аналар жиналыстарының тақырыптары қалай жоспарланады? Тақырып таңдау балалар бақшасы мен семьяның алдында тұрған балаларды тәрбиелеу міндеттеріне,олардың дамуы мен тәрбиелену дәрежесіне, семьядағы тәрбиенің жайына қарай айқындалады.
Аналар мен әкелерге педагогикалық тұрғыдан жақсырақ білім беру мақөсатымен ата-аналар жиналыстарының тақырыптары перспективалы түрде,бірнеше жыл бұрын жоспарланады; бала мектепке дейінгі мекемеде болған жылдардың ішінде ата-аналар оны тәрбиелеудің негізгі мәселелері бойынша айтарлықтай толық білім алады.
Ата-аналардың жалпы жиналыстарының тақырыптары топ жиналыстарынан өзгеше болады. Топ жиналыстарында сол жастағы балалардың ата-аналары үшін неғұрлым актуальды мәселелер талқыланады; мысалы: жалпы жин.алыстың тақырыбы «Балаларды адамнершілікке тәрбиелеу,оны жүзеге асыруда семьяның рөлі» болса,естияр топта ол: «Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде балалар бақшасы мен ата-аналардың біріккен жұмысы» «Балаларды үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу» т.т. сияқты болып нақтылануы мүмкін. Әрбір жиналыстың табысты болуы мен пәрменді нәтижесіең алдымен оған тәрбиешілер мен ата-аналардың мұқият әзірленуіне байланысты.
Тәрбиеші әзірлігі баяндаманы ұқыпты дайындау,көрнекі иллюстрациялық материялды реттеу және көркемдеу,ата-аналарды хабарландыру т.б.қамтиды. Мысалы, «Табиғат балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде» деген тақырыптағы баяндамаға дайындалған кезде тәрбиеші осы мәселе жөгігдегі әдебиетті оқып зерттейді, мектепке дейінгі мекемеде жүргізілген жұмысқа,семьядағы тәрбие тәжірбиесіне талдау жасайды,балаларды тәрбиелеу үшін серуенді шебер пайдаланатын бірнеше ата-анамен олардың жиналыста сөйлеуі туралы келісіп алады.Топта балалардың табиғат туралы салған суреттерінің көрмесі,оларға арнап осы тақырыпта жазылған әдеби шығармалар,пейзаждардың репродукциялары,музыка шығармалары жазылған плстикалар әзірленеді.Осының бәрі жиналысты қызықты әрі жемісті етеді.
Тәрбиеші баяндама көлемін 20-25 минутта асықпай баяндауға есептейді. Оның мазмұны логикалы болуға, көрнекі құралдарды, балалар еңбектерін, әдебиетті нақты көрсетумен, тиісті тақырыптпғы кинофильмдерді, диапозитивтерді, слайдттарды көрумен қосақтасып отыруға тиіс. Мысалдар пайдалана отырып,ата-аналардың психологиясын ескеру керек:жағымды, оңды фактілер басым болуға тиіс, ал теріс фактілерге келетін болсақ, ол жөнінде өте-мөте сақтық, әдептілік керек. Ондай ретте ешкімнің атын атамай-ақ, жиналыстан соң оңаша әңгімелескенде баланың кемшілігін немесе оған семьядағы теріс көзқарасты қалай жоюға болатыны жайлы әңгімені жалғастырған жақсы.
Жиналыстан кейін тәрбиеші ата-аналардың айтылған ақыл-кеңестер мен ұсыныстарға қалай қарағанына міндетті түрде зер салады.
Мектепке дейінгі мекемеге жаңа келген балалардың ата-аналарының алғашқы жиналысы ерекше жоспар бойынша өткізіледі: меңгеруші оларға мекеменің үйін, құрал-жабдықтарын көрсетеді,оның қызметкерлерімен таныстырады. Тәрбиешілер «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» мен таяудағы уақыт аралығында мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін жұмысжоспары туралы қысқаша айтып береді. Ата-аналарды балалар бақшасының талаптары мен режиміне сәйкес сақталуға тиісті ережелермен таныстырады.
Ата-аналардың жаздан кейінгі алғашқы топ жиналыстарында тәрбиешілер өткен жыл ішінде балалармен жүргізілген білім - тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді, алда тұрған жылда шешілуге тиісті міндеттерді хабарлайды, мектепке дейінгі мекеме қызыметкерлері мен жанұяның бірлесіп күш жұмсауын талап етеді. Сол жиналыста ата-аналар белсенді өз жұмыстары туралы есеп береді, оның жаңа құрамы сайланады. Жиналыста болмаған ата-аналармен тиісінше консультация өткізіледі.
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту тақырыбындағы ата-аналарға арналған баяндамалар мен лекциялар балалар бақшасының қабырғасында да, одан тыс жерлерде де ұйымдастырылады; кейде олар бір микроауданда орналасқан мектепке дейінгі бірнеше мекеменің ата-аналарын біріктіреді. Олар ата-аналар жиналыстарының тақырыптарын қайталамай, оларды толықтырып отыратын болуға тиіс.
Топ консультациялары.
Тәрбиешілер семьядағы тәрбиені зерттеудің нәтижесінен туындайтын белгілі бір мәселелер бойынша ата-аналарға арнап консультациялар өткізеді.Мысалы, «Үйде балалардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету» деген тақырыптағы консультацияға бұған жеткілікті көңіл бөлмейтін ата-аналар шақырылады. Сондай-ақ меңгеруші, дәрігер, логопед, музикалық жетекші де өз компетенциясына жататын мәселелер бойынша ата-аналарға консультация береді. Консультация өткізу дайындықты ,кейіннен ата-аналардың алғанрекомендацияларын бала тәрбиелеуде қалай пайдаланғанын бақылап отыруды талап етеді.