Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы


Отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары



бет4/10
Дата22.11.2022
өлшемі33,21 Kb.
#51904
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы

Отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары
Ата-ананың балалар тәрбиесі үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі
Ата-аналар А.С.Макаренконың «балаларды тәрбиелеу-біздің өміріміздегі ең жауапты сала.
Дұрыс тәрбиелеу-бұл біздің бақытты қарттық шағымыз,жаман тәрбиелеу-бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы бүкіл ел алдындағы айыбымыз»деген пікірінің мағынасын түсінуге тиіс. Өз балаңның тәрбиесін жеке өз ісің ғана деп қарамау керек,қоғам алдындағы азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек. Балаларын тәрбиелей отырып, ата-аналаркелешек еңбеккерлерді, азаматтарды, келешек әкелер мен аналарды қалыптастырады: бұл істің табысты болуынаолардың өздері ғана емес,тұтас алғанда қоғам мүдделі.Айрықшареттерде,ата-аналар балаларын тәрбиелеу үшін қажетті жағдай жасай алмаған кезде,оларға мемлекет көмек көрсетеді.
Педагогикалық білім Ата-аналар тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін, оларды жүзеге асырудың жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде семьядағы бала тәрбиесі ойдағыдай болуы мүмкін.Бұл семья мен балалар балабақшасындағы тәрбиелік ықпалдың бірлігін орнату үшін де қажет. «Өзің ата-аналық тілегінің қандай екені жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің» -деді А.С.Макренко.Ол ата-аналар өз баласын кім етіп тәрбиелегісі келетінін айқын ұғынып алуға тиіс деп атап көрсетті.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін оны жақсы білу, жақсы түсіну керек,ал бұл үшін педагогикалық білім қажет.Бұл ата-аналардың баланың мінез-құлқын дұрыс талдап, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын таңдап алуына көиектеседі.
Семья өмірін дұрыс ұйымдастыру
Балаларды тәрбиелеуде семья өмірінің жалпы уклады:жұбайлар теңдігі, семья мүшелерінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас жалпы ізгі тілектестік, өзара құрметтеу және қамқорлық жасау,патриотизм,еңбек сүйгіштік атмосферасы, ортақ тәртіппен семья дәстүрі,ересектердің балаға қоятын талаптарының бірлігі маңызды роль атқарады.Семья өмірі материалдық (тамақ,киім,жылу т.с.с. жөніндегі) қажеттер ғана емес, рухани қажеттер де толығырақ қанағаттандырылып, дамып отыратындай етіп ұйымдастырылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет