Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы


Ата-аналарға педагогикалық білім беру



бет6/10
Дата22.11.2022
өлшемі33,21 Kb.
#51904
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы

Ата-аналарға педагогикалық білім беру
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің міндеті ата-аналардың бала туралы,оның дамуының заңдылықтары және оның жан-жақты жарасты дамыту,мектепке оқуға дайындау мақсатымен оған ықпал жасау жолдары туралы білім алуына көмек көрсету болып табылады.Бұл үшін ата-аналарды психологияның,педагогиканың, анатомияның,физология мен гигенаның негізгі проблемаларымен таныстырады. Олар теориялық білімімен қатар кейбір методикалық білімдермен іскерліктерді меңгереді, мәселен:балалардың ойынын қалай басқару керек,олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару керек, шынықтыруды қалай жүзеге асыру керек екенін т.т үйренеді.Ата-аналар педагогика техникасын:баламен қалай сөйлесу керек, оған қалай тәртіп беру керек,оған қалай талап қою керек екенін,оны көтермелеу мен жазалау шараларының қандай екенін т.т үйренуге мұқтаж.
Ата-аналарға педагогикалық білім мен іскерлік олардың әрбір жас кезеңінің спецификасын ұғыну,балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру негізінде беріледі.
Отбасындағы тәрбие тәжірибесін зерттеу және тарату.
Н.К.Крупская мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне аналарды үйретіп қоймай, оларға үйреніңдер деп талмастан кеңес беріп отырады.Тәрбиеші отбасына барып,ата-аналармен әңгімелесе отырып, балаларды бақылай жүріп,кешкі сағаттар мен демалыс күндері балалар тіршілігін ұйымдастырудың оңды тәжірибесін,олардың ынта-ықыласына,қылығына шебер ықпал жасай білушілікті анықтайды. Қайсібір отбасында еңбек тәрбиесі неғұрлым ойдағыдай жүзеге асырылса, басқа бір отбасында баланың эстетикалық дамуы т.т жақсы жүріп жатады. Отбасындағы тәрбие тәжірибесінде оңды нәрселерді көріп қана қоймай,сонымен бірге оны қолдау және соның негізінде ата-ананың назарын баланы тәрбиелеудің шешілмеген міндеттеріне аудару маңызды.
Ең жақсы отбасындағы бала тәрбиелеудің оңды тәжірибесін дәлелдейтін фактілердің жиынтығы барлық ата-аналар үшін жинақтаушы қортындылар мен ұсыныстар тұжырымдауға негіз береді. Отбасындағы тәрбиенің қайсі бір міндеттерін олардың қайсысы ойдағыдай шешіп, қайсысы мектепке дейінгі мекемемен тығыз ынтымақ жасайтынын білген тәрбиеші бұл ата-аналардың отбасындағы тәрбие тәжірибесін алмасу жөніндегі жиналыстарда, конференцияларда сөйлеуін қамтамасыз етеді.Сол мекеме, сол топ шәкірттерінің отбасыларының өмірінен алған жағымды мысалдарды педагогтың келтірген дәлелдеріне ата-аналардың сенімін өте-мөте күшейте түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет