Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы


Ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өмірімен және жұмысымен таныстыру



бет7/10
Дата22.11.2022
өлшемі33,21 Kb.
#51904
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы

Ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өмірімен және жұмысымен таныстыру
Мектепке дейінгі мекеме мен отбасындағы балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату үшін ата-аналардың балалар бақшасы,яғни бақша дегеннің не екенін,онда балалардың өмірі қалай ұйымдастырылғанын, тәрбиешілердің қандай міндеттерді шешетінін,балалардың күн ұзағына немен шұғылданатынын,олардың мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын, ата-аналар үшін қандай ережелер бар екенін, ол ережелер немен шарттас екенін т.т айқын білуі қажет.
Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілері мен басқа да қызметкерлері-меңгерушісі, музыкалық жетекшісі ата-аналарға мектепке дейінгі мекеменің өмірі мен жұмысының ұйымдық және педагогикалық негіздері туралы үнемі айтып отырады, отбасымен ынтымақтасып істеудің қажет екенін атап көрсетеді. Мүмкіндігіне қарай оларға мектепке дейінгі мекеме өмірінің әр түрлі жақтарын нақты көрсетіп отыру керек. Балалар бақшасында балалармен жүргізілетін жұмысты ата-аналар біледі және түсінеді деген сенім оларға бұл жұмысты жалғастырып,баяанды ете беруі керек деп талап қоюға негіз болады.
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен ойдағыдай жұмыс жүргізуінің шарттары
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысы пәрменді нәтиже беріп,оның педагогикалық мәдинетінің дәрежесін арттыруда және балаларды тәрбиелеуде бірлік орнатуға көмектесетіндей болуы үшін бұл жұмыс мақсатты, жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілетін болуы тиіс: әрбір отбасы мен баланы жақсы білудің негізінде нақтылықтың және саралап қараудың маңызы да кем емес. Тәрбиешінің және мекеменің басқа да қызметкерлерінің ата-аналармен қарым-қатнасы сипатының да зор маңызы бар.
Отбасымен жұмыстағы мақсат қоюдың мәні мынадай: қандай да болсын шара- ата-аналарға арналған әңгіме,баяндама,стенд-белгілі мақсатқа жетуге бағытталған болуы тиіс. Мысалы: стендке «Баланы көктемде қалай киіндіру керек» деген тақырыпта ақыл-кеңес ілінеді. Оның мақсаты ата-аналарға тән қателіктің алдын алу: олар әдетте ауа-райын үнемі ескере бермейді де, баланы қысты күнгідей тұмшалап киіндіреді, соның салдарынан бала ыстықтап көңілсіз қимылдайды.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың жоспарлығы мен жүйелілігі оның үзіліссіз жүргізілуін, проблемалар шеңберінің бірізді күрделеніп,кеңейе түсуін, баланың жеке басын қалыптастыруға оны жан-жақты дамыту процесі ретінде дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиелерінің бірлігі ретінде комплексті қарауды талап етеді.
Ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан ағарту, жұмыс нақты сипатта болғанда ғана, неғұрлым пәрменді нәтиже бермек. Тәрбиешілер ата-аналардың баяандамаларда, лекцияларда, әңгімелерде,ақыл-кеңестерде баяндалған жалпы теориялық және методикалық қағидаларды отбасында қалай қолдану керек екенін түсінулеріне көмектеседі. Ата-аналарға кеңес беру және ұсыну үшін тәрбиеші әрбір баланың жасы мен жеке ерекшеліктерін,отбасындағы тұрмысы мен тәрбие жағдайын жақсы білетін болуға тиіс. Қандайда бір ортақ нәрсе біріктіретін (мәселен отбасында бір баласы бар) ата-аналар тобымен өткізілетін әңгімелер, әкелермен, әжелермен, аталармен өткізілетін кездесу әңгімелері өзін ақтап жүру:балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін аналарды бөлек жинайды. Отбасына қойылатын жалпы талаптар мен ұсыныстар ата-аналардың мүмкіншілігімен,жағдайымен,педагогикалық мәдинетінің дәрежесімен нақтыландыру, шәкірттерінің отбасына саралап қарау-міне,балалар бақшасының отбасымен ойдағыдай жұмыс жүргізуінің қажетті шарттарының бірі осы.
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің ата-аналармен қарым-қатнасы сипатының да маңызы аз емес. Бұл қарым-қатынас ізгі ниетті және достық сипатта болуы тиіс. Бұл қарым-қатнас баланы жан-жақты дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі мекеме мүддесінің үйлестігіне негізделген. Егер ата-ана баласының тағдырына тәрбиешінің тікелей мүдделі адам екенін көрсе, олар тәрбиешіге досы әрі жақын адамы ретінде, сеніммен, құрметпен қарайтын болады. Егер ата-ана тәрбиешінің білгір маман,мәдинеті, әдепті, ізгі ниетті, инабатты адам екенін көрсе, олардың көз алдында тәрбиешінің беделі жоғары болмақ. Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы оларға еңбеккер,өз шәкіртінің әкесі мен шешесі ретінде құрметпен қарауға негізделген.
Міне сондықтан да тәрбиеші тарапынан ата-аналарға жалаң ақыл үйрету, нағыз айту тұрғысынан, әдепсіз қараушылыққа әсте жол беруге болмайды. Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынасының жоғары мәдениеті бала тәрбиелеудің күрделі ісіне өзара түсінісу мен бірлік орнату үшін қолайлы негіз қалайды. Мектепке дейінгі мекеменің ата-аналармен ойдағыдай жұмыс жүргізуіне көмектесетін шарттар осылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет