Біріншіқателік.Ендіжақсыкөрмеугеантберу.Балаларының тыңдамауы, айтқанын орындамауы ата-ананың көңілін толтырмайды. Мұнда қорқытып, ұрысу де еш нәтиже бермейді. Мұндай жағдайларда ата-аналардың "енді сен менің айтқанымдай болмасаң, онда мен сені жақсы көрмеймін" деп қорқыту тәсілін көп қолданады. Бірақ бұл қауіп тез ұмытылып, балалар мұның барлығы өтірік екенін тез ұғады. Осындай өтіріктер кейін балалардың ата-анаға деген сенімін ұзаққа жоғалтады. Одан да "Мен сені бәрібір де жақсы көремін, бірақ бұл қылығың маған ұнамайды" деп айтқаны дұрыс қылықтардың тәрбиеленуіне септігін тигізеді.
Екінші қателік. Немқұрайлық. "Не істесең, соны біл, маған бәрібір" - деп ата - ана жиі айтады. Өйткені олар балаларының еркеліктерінен әбден шаршап, шалдығып кетеді. Бірақ ата - аналар балаға немқұрайлықты көрсетпеу керек. Оны байқаған бала немқұрайлықтың қаншаға созылатынын тексергісі келеді. Мұндай жағдайда "Мен ешкіммен бұл жағдайда мүлдем келіспеймін, бірақ мен сені жақсы көретін болғандықтан, көмектесуге әрдайым дайынмын" деген ойда шешім қабылдағаны дұрыс.
Үшіншіқателік.Шектентысқаттылық."Сен менің айтқанымды орындауың керек, өйткені үйде мен билік жүргіземін,"-деп ата-аналар балаларына жиі айтып жатады. Мұндай тәрбиелеуде бала барлық тапсырмаларды орындауы тиіс, ол барлығын өзі орындай білуге үйренуі тиіс, оған мүлдем көмек беруге болмайды деп есептейді. Мұндай тәрбиенің салдарынан бала ата-анасы болмағанда барлығын ұмытып, жасамайтын қателіктерді жасайды.
Төртінші қателік. Баланы еркелетпеу керек. Балалық - бұл ата- аналардың қолдауына байланысты өтетін өте қысқа, ғажайып шақ. Баланың әр қылығы мен қалауын орындау өте қызықты. Бірақ бұл баланың еркелігіне әкеп соқтырады. Әке - шеше осы ойды дұрыс деп есептесе, бұл керісінше, баланы жалғыздыққа әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда: "Өзің істеп көрші, қолдан келмесе, мен саған көмектесемін" - деу керек.
Бесінші қателік. Қате рөл. Көп жағдайда ата-аналар балаларын дос деп есептейді. Әрине бала әке - шешесіне ұнау үшін барлығын жасайды, бірақ олардың өз проблемалары шешусіз қалады.
Алтыншы қателік. Қаржы. Кейбір ата-аналарда "Көп ақша -жақсы тәрбие", - дейтін көзқарас қалыптасқан. Баланың барлық жасағанын ақшамен, сыйлықпен бағалау, бірақ, эмоционалдық көңіл бөлмеуі.
Жетіншіқателік.Наполеондықжоспар."Менің балам музыка мен сурет салумен айналысады" деп көп ата - аналар өздерінің балаларының қалауына көңіл аудармай, жоспар құрады. Бірақ түбінде бұл жоспары іске аспайды. Баланың жеке басының қызығушылықтарымен санаспайды.
Сегізіншіқателік.Балағаөтеазкөңілбөлу.Кейбір ата- аналар балаларына қатаң көзқараспен қарайды. Балаларды кейде еркелету бұл да керек. Ал қатты ата-аналар бұны қателік деп ойлайды. Бірақ қандай жаста болмасын бала ата-анасының аялағанын қалайды. Кейін бала осы жылылықты сырттан іздеуге тырысады.
Тоғызыншы қателік. Сіздіңкөңіл-күйіңіз. Кейбір отбасындағы кемшіліктердің барлы- ғын баладан көруі. Содан кейін балаға керекті ойыншықты әпере салып, көңілін жұбатады. Бала әке - шешесінің көңіліне қарап өмір сүреді. Бала бойын үнемі қорқыныш сезімі ұялайды.
Оныншы қателік. Бала тәрбиесіне өте аз уақыт бөлу. "Өкінішке орай, мені де мүлдем аз уақыт тәрбиелеген,"- деп ата-аналары балаларына айтады. Олар бала пайда болған соң оларды тәрбиеленуге уақыт табу міндет екенін ұмытады. Бала мен әке-шешесінің арасында үлкен қабырға пайда болады. Қайткенде де ата-аналар мұндай қателіктерді жібермеуге тырысуы керек.Өмірге ұрпақ әкелген соң, оны еліміздің толыққанды азаматы етіп тәрбиелеуге тырысып, бар күштерін жұмсауы тиіс. "Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді" - дегендей ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді, ол перзентін:
«Асылым мен алтыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары»,-де өмір бойы перзентінің тілегін тілеген деп қорытындылағымыз келеді. Жаңа заман жаңа адамды, тәрбие ісінде жаңа қиыншылықтарды тудырады, нағыз адамды тәрбиелеу туралы ғылымды табандылықпен меңгеруді талап етеді. 3.Отбасытәрбиесінеәсерететіндемографиялықфакторлар.Отбасы тәрбиесіндегі демографиялық факторларды отбасының құрамы, құрылымы, бала саны құрайды. Бұл аталғандар бала тәрбиесіне тікелей өз әсерін тигізеді.
Отбасының толық құрамды болуы бала психологиясында өзіндік жағымды ықпал тудырады. Толық құрамды отбасында өскен бала көпшіл, әкенің де ананың да тәрбие тәсілдерін жетік меңгерген, бар жылулықты сезінген, отбасындағы рухани-адамгершілік құндылықтармен сусындаған болады.
Толық емес отбасында өскен балалар психологиялық, эмоционалдық тұрғыдан күйзеліске ұшырайды. Ажырасқан отбасылардағы бала психологиялық көмекке зәру болады. Ең бірінші психологиялық көмек бағдары- ажырасқан отбасындағы балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін ата ана бала тәрбиесінде өз орындарын анықтап алуы тиіс. Ажырасқан отбасындағы баланың жан дүниесі жарақаттанады. Үлкендер жағы өз қателіктерін мойындаумен қоса, баламен достасу жағын да ойлау тиіс. Мұндай өзгерістер төмендегідей сипатта болуы мүмкін:
баланы міндетті түрде тәрбиелеу қажет;
ешқандай күш көрсету тәсілін жүргізуге болмайды, бұл баланың келешегін сындыру мен құрту деген сөз.
егер үлкендер баланың ыңғайына қарай өзгере алмаса, әрі қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярлығымен бас тартқаны абзал.
Бала тәрбиесінде маңызды орын алатын демографиялық факторлардың бірі- отбасындағы бала саны.
Отбасындағы бала санының көп болуы баланы бауырмалдыққа, өзгенің пікірімен санасуға, ынтымақтастық пен бірлікке, өзгемен бөлісуге, қамқорлық пен қанағаттылыққа тәрбиелейді. Отбасында жалғыз баланың ғана болуы бала бойында өзімшілдік, қызғаншақтық, мақтаншақтық секілді қасиеттердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ата-ана баланы көпшілік ортаға жиі апаруды мақсат еткені жөн.
Бала тәрбиесі ата-аналарға аса жауапты міндеттерді жүктейді, ал ол міндеттердің көңілден шығуы ата - ананың жанұядағы әрбір үлгілі ісіне байланысты. Осыдан соң
А.С.Макаренконың: "Біздің балаларымыз - біздің қартайған кездегі болашағымыз. Оларға берілген дұрыс тәрбие - ол қартайған кездегі бақытымыз. Теріс және нашар тәрбие - ол біздің болашақ қасіретіміз, көз жасымыз," - деген даналық тұжырымының астарында үлкен мән жатқанын байқауға болады.