Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының маңызы



бет4/9
Дата18.10.2023
өлшемі77,3 Kb.
#118550
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилі. Отбасылық өмір стилі тұлғаның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар бір ауыздан отбасылық өмір атмосферасы ұғымына отбасы мүшелерінің қарым – қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау мен меңгеру, ата – анамен балалардың біріккен еңбек және эстетикалық іс – әрекетінің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізді.
Отбасылық қарым–қатынастағы тәрбие стилінің қандай түрі болмасын ата-анадан жауапкершілікті, ата – ана және бала қарым – қатынасындағы өзара серіктестікті қажет етеді.
Жалпы алғанда дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым – қатынас баланың тұлғалық - психологиялық дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттерімен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады. Сондықтан отбасы қарым–қатынасын ұйымдастыруда ата–аналар үшін баланы жан – жақты дамыған, саналы тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді ережелерін төмендегі кестеден көруге болады.
Отбасы қарым – қатынасын ұйымдастыруда ата – аналар үшін баланы саналы тұлға етіп қалыптастырудың тиімді ережелері


1

Баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін ескеру.

2

Балаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көнілден
шыққандығы мәнді.

3

Баламен қарым – қатынаста оның жас және дербес ерекшеліктерін ескеру қажет.
Сонда ғана үлкендер мен кішілер арасында кикілжің туындамайды.

4

Баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы келгендігін түсіну, асығыс
қорытынды жасаудың алдын алу.

5

Жазалауды баланың дамуына әсер етпейтіндей етіп жасау.

6

Балаға үйрететінді ең бірінші ата – ананың өзі толық меңгеруі қажет.

Американ психологы Дж.Боулби ата – аналар мінез-құлқының өзіндік патогендік ерекшеліктерін анықтап берді. Оның ойынша, балалар үшін ең ауыр жағдайлар төмендегілер:


-Ата–аналардың балаларына деген махаббат сезімінің жеткіліксіздігі немесе оның түгелімен шеттетілуі;

  • Баланың ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалды шешуші құрал ретінде саналуы:

  • Ата–аналардың баланы сүюден бас тартуы және оны отбасынан кетуіне себепші ретінде қолдануы;

  • Баланы ата –аналардың ашық түрде олардың барлық қатерлерінің себепшісі деп кінәлауы;

  • Баланың айналасында оның уайымын түсінетін жақын адамның болмауы.

А.С. Спиваковская өзінің зерттеулерінде баланың дамуы мен тәрбиесіне керісінше әсер ететін сәтсіз отбасыларды жіктеп берді:

  • «Отбасы – санаторий». Қатаң қадағалау, болар болмас қауіптен шеттен тыс сақтау.

  • «Отбасы – қамал». Ата–аналарда принциптілік ұстанымы өте жоғары, барлық жағдайда бала іс – әрекетті дұрыс және қателіксіз орындаулары қажет деп санайды.

  • «Отбасы - үшінші артық». Мұндай отбасында ата–аналардың эмоциялық қатынасы маңызды орында.

Отбасы ортасының, ата ананың тұлғалық ерекшеліктерінің отбасылық тәрбиелеу стилінің қалыптасуына тигізетін әсері зор. Ата ана тәрбиесі стилінің ерекшелігін айтқан кезде баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін де ескеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет