Биологиялық фактор.Бұл ата- анадан берілген баланың жеке басының ерекшелігін білдіретін қасиеттер: балажандық, ақкөңілділік, сабырлылық, ұяңдық және т.б. қасиеттер бола алады.
Қоғамдық фактор. Бұл қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сұраныстардың отбасына тигізетін әсері. Отбасындағы өмір сүру салты мен қабылдаған дәстүрлердің қоғам талабы мен белгілі бір мөлшерде сәйкес келуі болып табылады.
Әлеуметтікфактор.Бұл қоғам талабына сай өмір сүруде материалдық жағдайдың мүмкіндіктері адам денсаулығының күйімен жеке басты даму құралдарының жеткіліктігі және т.б. жағдайлар болып табылады.
Психологиялық фактор. Отбасында бала тәрбиесі үшін қолайлы психологиялық ахуалдың болуы, ондағы әрбір отбасы мүшлерінің өзіне және өзгелерге деген екпінді көзқарасы мен ынтымақты қарым -қатынастың болуы.
Педагогикалық фактор. Балалардың жас және дара, психологиялық, қалыптасу ерекшеліктері туралы ата-аналардың жалпы педагогикалық білімдерінің болуы. Отбасыдағы жағдайлар мен ықпалдардың бала тәрбиесіне оң әсер етерліктей мүмкіндігі.
Дегенмен аталған бұл факторлардың отбасы тәрбиесіне ықпал етуінде кері әсер беретін кедергілер де жоқ емес. Бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігі, психологиялық ахуалдың қолайсыздығы, ата-аналардың бала тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруға мүмкіндіктерінің төмендегі отбасы тәрбиесінде біршама қиындықтар туғызады.
Отбасы тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын негізгі факторлардың бірі- әлеуметтік-мәденифакторлар. Әлеуметтік-мәдени факторларларды ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы, баланың қоғамнан өз орнын табуына ықпал етуі, отбасы құндылықтарын игерудегі сауаттылығы, білім деңгейінің жоғары қалыптасуы құрайды. Бұл аталған әлеуметтік-мәдени факторлар баланың жеке тұлға ретінде дамуына негіз болады.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті бала тәрбиесіндегі көптеген қиындықтарды оңай шешуге көмектеседі. Себебі, педагогикалық мәдениеті төмендеу ата-аналар өз балаларының мектептегі кемшіліктерін түсінуде қатты қиналады. Сонымен қатар олар үшін мұғалімдермен, сынып жетекшілермен, т.б педагог мамандармен баласы жөнінде ашық әңгіме жүргізу маңызды болып көрінбеуі мүмкін. Осыдан соң ата-аналардың педагогикалық мәдениетін бала тәрбиесіндегі маңызды әлеуметтік-мәдени фактор деп айта аламыз.
Көпжасарова Г.М. тәрбиенің әлеуметтік-мәдени факторларының негативті қырына төмендегілерді жатқызды: отбасындағы балағадеген жағымсыз қатынас, жетілмеген сезім, олардың білім деңгейлерінің төмендігі, педагогикалық мәдениетінің жоқтығы, оқу орындарымен тығыз байланыс жасамаулары, ішімдікке салыну, тәртіп бұзушылық, материалдық құндылықтарға жақындығы, тәрбиелерінің төмендігі.
Отбасындағы балаларға әсер ететін әлеуметтік-мәденифакторларды анықтау үшін А.Ю Монахованың сурет тестін; А.Я Варгамен мен Столиннің тесттерін қолдануға болады. Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне кезінде көңіл бөлмей, өскен соң түзелер деп жүреді де, жоғары сыныптарға келгенде кімді тәрбиелегенін өздері де түсінбей қалады. Ата-
анасын түсінбеген, танымаған бала басқаны да тыңдап жарытпайтыны аян. Сондықтан да әрбір ата - ана "баланы жастан" деген аталы сөзбен "Не ексең, соны орасың" деген халық даналығын жадында ұстағаны дұрыс.
Отбасытәрбиесінеәсерететінәлеуметтік-экономикалықфакторлар. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына отбасының материалдық жағдайы, ата-ананың бала қажеттіліктерін қамтамасыз етуі, баланың қосымша білім алу мүмкіндіктеріне жағдай жасауы тікелей әсер етеді. Аталаған бұл әрекеттер әлеуметтік-экономикалық факторларболып табылады..
Отбасының материалдық жағдайы бала тәрбиесінде екі түрлі сипатта көрінеді. Отбасының материалдық жағдайының жоғары болуы кей жағдайда бала үшін көптеген жағымды мүмкіндіктер туғызса, (ақылы үйірмелерге, конкурстарға қатысу, газет- журналдарға жазылу, қызықты кітаптар сатып алу, т.б.) ал енді бірде баланың мінез-құлқына кері әсерін тигізіп жатады (өзін өзгелерден артық санау, менменсу, тәкаппарлық, т.б.).
Отбасының материалдық жағдайының төмен болуы баланың өзін-өзі шыңдауына, биік белестерді бағындыруына, білімділік тұрғыда одан әрі жетілуіне өз кедергісін келтіреді.
А.С.Макаренко ата-аналарға оқыған лекциясында: "Әрбір әке, әрбір шеше өз баласында қандай қасиетті тәрбиелеп жатқанын жақсы білулері қажет," - деген болатын. Яғни көптеген ата-аналар бала қажеттіліктерін қамтамасыз етуді тек материалдық құндылықтармен байланыстырады. Сол себепті де бала тәрбиесінде алуан түрлі қателіктерге жол береді: